Цитоплазманың органоидтары: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Цитоплазманың органоидтары: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

Цитоплазманың органоидтары: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

11-03-2016, 22:54
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1963
Пікірлер: 0
Версия для печати

 

Цитоплазманың органоидтары: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметіМаңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№21 орта мектептің

Биология пәні мұғалімі

Серманова Құралай Жамбылқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Цитоплазманың органоидтары: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жасуша орталығы, рибосомалардың құрылысымен атқаратын қызметтерімен таныстыру

2. Жасуша құрылысын ғылыми тұрғыда негіздей алу қабілетін дамыту.

3, .Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: ақпараттық

Сабақтың әдісі: интерактивті, сұбхат, баяндау.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ЦИТОПЛАЗМА ОРГАНОИДТАРЫ: ПЛАСТИДТЕР, МИТОХОНДРИЯЛАР

 

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту: слайдтан шыққан суреттерге анықтама беріп, маңызын түсіндіру

1.Хлоропласт 2. Хромопласт 3. Лейкопласт 4.Митохондрия

2.

ІУ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Рибосома. Рибосома нәруыз биосинтезін жүзеге асыратьш органоид екені белгілі. 180 000 есе үлкейтіп көрсететін электрондык микроскоп аркылы рибосоманың жүмыртка пішінді. Ол, негізінен, кіші және үлкен екі бөліктен тұрады. Орташа диаметрі —15,0—35,0 нм. Рибосоманың екі түрі бар: эукариоттық жене прокариоттык. Эукариоттык рибосоманың жалпы елшемі — 80 S, кіші бөлігінікі — 40 S, үлкен бөлігі — 60 S, ал прокариоттык түрі керісінше, 70 S-тан 30 S-ке дейін ауытқып отырады (Сведберг өлшемі). Митохондрияның және хлоропластың рибосомаларының өлшемдері 50 S — 70 S аралығында болады. Рибосомалардың саны жасушаның түріне жөне нөруыз биосинтезіне карай өзгеріп оты­рады. Мысалы, бактерия жасушаларындағы рибосоманың орташа саны — 104—105. Бір нәруыз молекуласынын синтезіне бірнеше рибосома қатысады, оны полисома деп атайды.Рибосомалардың кұрамына рРНҚ (50 — 60%) және нәруыздар кіреді.

Негізінен, рибосомалар мен рРНҚ ядрошьщта синтезделеді.

Рибосоманың кұрамына кіретін нөруыздар алуан түрлі болады. Прокариоттық рибосомада, шамамен — 55, ал эука-риоттык рибосомада 100-ге жуық нәруыз кездеседі. Рибосоманың негізгі қызметі — нәруыз молекуласын синтездеу. Оның кіші бөлігінде трансляция (көшіріп аудару) процесі жүреді, ал үлкен бөлігінде аминқышқылдары жинакталып, нәруыз молекуласы түзіледі .Эндоплазмалык тордың мембранасындағы рибосомалар бірігіп полирибосома (полисома) құрайды да, жасуша тіршілігіне қажетті нәруызды ғана синтездейді. Ал митохондрия мен хлоропластағы рибосомалар олардың құрылыс қызметтерін аткаратын нөруыздарды синтездейді. Сол сиякды рибосомадағы ферменттер, магний, кальций түздары мен азот, фосфор, темір және мыс элементтері жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады.

Жасуша орталығы. Жасуша орталығы екі кұрамдас бөліктен: центриольден және центросферадан тұрады. Центриольдер цилиндр пішінді, ұз 1 мкм шамасында болады Жасуша бөлінуден бұрын бүл орталық екіге бөлінеді де, экватордан полюстерге карай тартылады. Содан кейін екі центриольдің арасында ахроматин жшшелері пайда болып, бір ұшы хромосомалардың центромераларымен бай-ланысады . Жіпшелердщ көмегімен хромосомалар әрбір жасушаға тең бөлінеді.

 

У. Өтілген сабақты пысықтау: тестке дайындалу, талдау.

1.Хлоропластары бар тірі жасушалар тобынан тұрады

А) Негізгі

В) Су жинаушы

С) Фотосинтездеуші

D) Жабын

Е) Қор жинаушы

2.Цитоплазманың түп негізі

А) Гиалоплазмалар

В) Лизосомолар

С) Митохондриялар

D) Ценриольдер

Е) Гольджи жиынтығы

3.Нәсілдік тұқымқуалаушылық белгіні сақтап, ұрпаққа беруші:

A. Митохондрия

B. Пластид

C. Рибосома

D. Лизосома

E. Хромосома

4.Ядроқұрылысына жататындар:

A. Мембрана, жасуша орталығы, лизосома

B. Екі мембраналы қабықша, рибосома, пластидтер

C. Мембрана, хромосомалар, митохондрия

D. Екі мембраналы қабықша, хромосомалар, ядрошық, ядрошырыны

Е. Ядрошық, нуклеин қышқылы, эндоплазмалық тор

5.Дезоксирибонуклеинқышқылының түзілуі:

A. Рибосомада

B. Ядрода

C. Жасуша ортасында

D. Эндоплазмалық торда

E. Цитоплазмада

6.Жасушаның бөлінуі кезінде ең негізгі қызмет атқаратын органоид:

A. Жасуша қосындылары

B. Қозғалыс органоидтары

C. Жасуша орталығы

D. Гольджи жиынтығы

E. Пластидтер

7.Жасуша рибосомасында түзілетін заттар

A. Энергия көзі

B. Ақуыздар (нәруыздар)

C. Бейорганикалық қосылыстар

D. Көмірсулар

E. Майлар

8.ДНҚ құрамына кірмейтін нуклеотид

А) урацил

В) гуанин

С) тимин

D) аденин

Е) азотты негіз

9.Органикалық зат түзуге, қор жинауға қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды:

A. Жасуша қабықшасы

B. Хромопластар

C. Вакуоль

D. Ядро

E. Лейкопластар

10.Вакуольдің атқаратын қызметі

A. Жасуша ішіндегі сұйықтық қысымын реттейді

B. Көмірсу түзеді

C. Ақуыз түзеді

D. Өсімдікке жасыл түс береді

E. Көбею қызметін атқарады

11.Жасушаның құрамына жатпайды:

A. Цитоплазма

B. Ұлпа

C. Пластидтер

D. Вакуоль

E. Ядро

12.ДНҚныі молекуласы бір тізбегінде нуклеотидтердің орналасу реті. А-Т-Ц-Т-Г-А-Ц-Т-Т. Осы тізбекке сәйкес келетін ДНҚ-ның екінші тізбегін анықтаңыз

A. А-Г-Г-А-Ц-Т-Г-А-А

B. Т-А-Г-А-Ц-Ц-Т-А-

C. Т-А-Г-А-Ц-Т-Г-Ц-Ц

D. Т-А-Г-А-Ц-Т-Г-А-А

E. Т-А-А-Т-Ц-Т-Г-А-А

13.Жасушада оргоникалық қышқылдар, дәрумендер, қанттар жиналатын орын:

A. Жасуша қосындылары

B. Ядро

C. Вакуоль

D. Қабықша

E. Пластидтер

14.Өсімдіктермен жануарлар жасушасының цитоплазмамен тікелей байланысқан ішкі қабаты:

A. Плазмалемма

B. Гольджи жиынтығы

C. Лизосома

D. Гиалоплазма

E. Митохондрия

15.Тотығу процесі жүретін жасуша оргоноиды:

A. Митохондрия

B. Лизосома

C. Эндоплазмалық тор

D. Хромасомалар

E. Рибосома

 

Үй тапсырмасы: Цитоплазманың органоидтары: жасуша орталығы, рибосомалар, олардың жасушадағы атқаратын қызметі

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.