Өнеге отбасынан » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Өнеге отбасынан

Өнеге отбасынан

9-03-2016, 19:00
Автор: bilimtime
Қарау саны: 494
Пікірлер: 0
Версия для печати

Өнеге отбасынанМаңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Оқушылар шығармашылық үйінің

«Жеке тұлға» үйірмесінің қосымша

білім беру педогогы

Изтурганова Алия Таубайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Өнеге отбасынан»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиет:Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру

Мақсаты: Отбасының бір шаңырақта бірге өмір сүретін, бірін бірі жақсы көріп, бір-біріне көмектесетін туыстардан туратын туралы түсініктерін кеңейту. Ата-анасына, туыстарына деген сүйспеншілік, бауырмалдық, мақтаныш, сезімдеріне тәрбиелеу, отбасы мүшелерін ұлттық атаулармен атауға жаттықтыру.

Міндеттері:

–отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.

–отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

–отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тыныштық сәті

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Дәйексөз: Әкеден-ақыл,анадан-мейір.

Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін барлығымызға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілей отырып, Ғ.Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үнтаспаға қосылып айтайық.

Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

 

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым Өзіңе арнаған.

 

Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.

 

Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді.

Міне көңіліміз бір серпіліп қалды. Ал енді мен сіздерді ыңғайланып отыруға шақырамын.

Осы «Ана туралы жыр» әнін айтқан, естіген кезде қандай сезімде болдыңыздар?

-Отбасы деген ұғымды қалай түсінесіздер?

-Отау дегеніміз не?

-Отағасы деген кім?

-Отанасы деген кім?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Отбасы бұл тәрбие бесігі.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа- сіңілілер, қарындастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы-ол шағын мемлекет. Әр отбасы өзара татулықты қажет етеді.Отбасының берік болуына, ар-намысын сақтауға, адалдыққа тәрбиелеуде әке мен ананың орны ерекше.

ІІ. Ой қозғау. «Ассоциация» жазу. «Өнеге отбасынан» дегенді қалай түсінесіз?»

 

 

 

 

 

 


(Адамгершілік, әдепті, тату, жауапкершілік, сыйластық, еңбексүйгіштік, ынтымақтастық, қамқор, мейірімді, қолдау, бауырмал,)

Сонымен, Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата – ана. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Отбасында әр бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі.

Ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.

Жақсы ана әрқашанда отбасына береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешнәрсе жоқ, сондықтан да бала отбасының байлығы. Әр ата- ана баласының әдепті, білімді, мейірімді, қайырымды, мәдениетті, тәртіпті болуын қалайды.

«Мақалды аяқта » жаттығуы

Оқушыға әр топқа мақалдар ұсынады.

1-топқа

1.Атаға қарап(ұл өсер)

Анаға қарап(қыз өсер)

2.Ата-ананың қадірін (балалы болғанда білесің)

3.Атаңның баласы (болма адамның баласы бол)

2-топқа

1.Ұяда не көрсе (ұшқанда соны ілесің)

2.Балалы үй базар( баласыз үй қу мазар)

3.Ата көрген оқ жонар (Ана көрген тон пішер)

3-топқа

1Ананың сүті бал (баланың тілі бал)

2.Туған үйдің түтіні жылы (Туған ананың күтімі жылы)

3.Анаңа ауыр сөз айтпа (Әкеңе ауыр жүк артпа )

4.Әке асқар тау (Ана шалқар көл)

Бейнесюжет көру «Әке деген кім »

Топтық жұмыс. «Өнеге отбасынан» тақырыбы бойынша әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша орындайды.

1.«Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбына сурет салу.

2. «Отбасы татулығы» тақырыбына өлең шығару

3. Отбасы жарастығы тақырыбына көрініс көрсету.

4.Біз бақытты жанұямыз тақырыбына эссе жазу. Жауаптарын сурет түрінде береді.

Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – дей келе, барлығымыз ортаға шығып, «жылы жүрек жақсы тілек» құрайық. Біз бір – бірімізге күлімсіреп, гүлді беріп,тілек тілейміз,

Тыныштық сәті

-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Осы сабақтан алған нәтиже:

- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерді бойға жинақтады

- Өзіне талап қоюды қайырымдылықпен үйлестіре білді

- Татулық, сыйластық, тыныштық, денсаулық, бірлік, жылулық, мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік, молшылық, ашық аспан ұғымдарының мәнін меңгерді.

- отбасы-қоғамның ең маңызды ұйтқысы, отбасы тәрбиесінің қадір-қасиеті, құндылығы, сыйластығын түсіндірді.

Дәптермен жұмыс.

«Мен өзіме сенемін» атты эссе жазу үйге тапсырылады

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.