Жүзден жүйрік » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Жүзден жүйрік

5-03-2016, 00:26
Автор: bilimtime
Қарау саны: 385
Пікірлер: 0
Версия для печати

Жүзден жүйрікАнаргүл Сағытжан

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақсаты:Спорттық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру.Спортқа деген сүйіспеншілігімізді нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа жаттығу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: доп, секіргіш, кегли.

Жүру барысы:

Жүргізуші: Сәліметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар!

Спорт деген азанда,

Алады да тұрғызып,

Еріншектік аз онда,

Аязда да тоңбайсың.

Ыстыққа да күймейсің.

Сергектікті қолдайсың.

Жалқаулықты сүймейсің.

Бақыт сенен қашпайды.

Өнер білген пайдалы.

Спорт соның айғағы,- дей тұрып бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

« Жүзден жүйрік» атты спорттық сайысымыз 6 турдан тұрады:

1.«Кім жылдам?»

2.«Секіргіш»

3.«Кедергіден өту»

4.«Допқа отырып секіру»

5.«Кеглиді доппен құлату»

6.«Допты жалғастыр»

Бүгінгі жарысымызда әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да

Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай бақыттарға,- деп ортаға «Алау» тобын шақырамыз.

«Жалын» тобын шақырамыз.

«Алау» тобы.

Басшысы: ...

Ұраны: «Біз-лаулаймыз, жанамыз

Жарыстарда әрқашанда озамыз»

«Жалын» тобы.

Басшысы:..

Ұраны: «Қиындыққа төтеп берер»,

Біз боламыз «Жалын» тобы

1.«Кім жылдам?»

Ойын шарты:Бірінші ойыншы қолына кубикті алып, жүгіру арқылы белгіленген орыннан айналып келіп, екінші ойыншыға кубикті береді. Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.

2. «Секіргіш»

Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген орыннан секіргішпен секіріп айналып келіп, екінші ойыншыға секіргішті береді. Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

3. «Кедергіден өту»

Ойын шарты: Ойыншылар алдарына қойылған кедергілерден өтіп, белгіленген орыннан айналып, екінші ойыншыға қол соғады, ол ойыншы ойынды жалғастырады.

4. «Допқа отырып секіру»

Ойын шарты: Ойыншылар допқа отырып секіріп,белгіленген орыннан айналып, екінші ойыншыға береді.

5.«Кеглиді доппен құлату»

Ойын шарты: Кеглиді доппен құлату.

6. «Допты жалғастыр»

Ойын шарты: барлық ойыншы бірінің артына бірі тұрып, допты жоғарыдан жалғастырып , соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді. Қай топ допты жоғарыға бірінші көтерсе, сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші:Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтағанша, флешмоб биін билейік!

Жүргізуші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:

Жарқын шаттық заман болсын,

Бүлдіршіндер аман болсын,

Сыйластық пен бірлік болып,

Әрқашанда орта толсын,- дей отырып, бүгінгі «Жүзден жүйрік» атты спорттық сайысымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.