Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі

Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі

5-03-2016, 00:24
Автор: bilimtime
Қарау саны: 839
Пікірлер: 0
Версия для печати

Анаргүл Сағытжан

Сыныбы: 1

Пәні:Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі.
Сабақтың мақсаттары:

1. Оқушыларға натюрморт жайлы,сурет салу жолдары туралы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың бояуды қолдана білу қабілеттерін дамыту, жұмыс жасау дағдысын арттыру. Сурет салу құштарлығын, шығармашылық қабілетін, дүниетанымын дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, шыншылдыққа, ұқыптылыққа,өз орнын таза сақтауға, алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға бейнелеу өнерін ескере отырып,штрихты, бояуды қолдана білу қабілеттерін дамыту, өзбеттерінше жұмыс жасау дағдысын арттыру. Сурет салу құштарлығын, шығармашылық қабілетін, дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, семанитикалық карта

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың жүру барысы:

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,шыншылдыққа, ұқыптылыққа,өз орнын таза сақтауға, өзбеттерінше еңбек етуге, алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.

Топқа бөлу:
ІІ. Өткенді еске түсіру.
Ұяшықты таңдау арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1.Бірнеше түстердің үйлесімділігін не дейміз?

2.Акварель дегеніміз не?

3.Гуашь дегеніміз не?

4.Қылқалам дегеніміз не?

5.Пейзаж деген не?

6.Мүсін деген не?

ІІІ.Жаңа сабақ

Ребус шешу.

Ребустың шешуі: Натюрморт

Натюрморт–француз сөзі, мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.Оған тұрмыста күнде кездесіп жүретін заттарды ,жемістерді,гүлдерді бейнелейтін картиналар жатады. Натюрморт алғаш рет 17-ғасырдың басында Голландияда пайда болды.

Натюрморттың орналасу кезеңдері:

1.Қағаздың ортақ нүктесін тауып заттардың шеткі нүктелерін анықтау.

2.Нұсқалық толық көрінісін көмекші сызықтар арқылы толық анықтау.

3.Нұсқадағы жалпы заттардың түстерін анықтау .

4.Көлеңке ,жарығын бейнелеу.

5. Нұсқаның түстерін палитраның көмегімен көрсету.

Натюрморт- қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.

Қарапайым натюрморт екі, үш заттан аспайтын, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

 

Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі 

Натюрморт дегеніміз не? Натюрморттың көңіл күйі

 


Ал күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.


Натюрморт алғаш рет ХVI ғасырдың аяғы мен ХVIІ басында Голландияда пайда болған. Олар өздерін қоршаған заттарға сүйсіне қарап, натюрморт орындауды озық үлгіге айналдырды.

Қазақстан суретшілер арасында А. Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған жұмыстарын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботагөз Ақанаеваның натюрмортын атап айтуға болады.

ІV. Оқулықпен жұмыс.

80-82 бет оқу.

V. Сергіту сәті.

Видеоролик бойынша жаттығулар жасау.

VI. Машықтық жұмыс

Натюрморт суретін салу.

Ән: Сурет сабағы

VІI.Топтық жұмыс

І топ: Жемістерден натюрморт құрастыру.

ІІ топ: Фигуралардан натюрморт құрастыру.

ІІІ топ: Ыдыстардан натюрморт құрастыру.

2.Семантикалық карта.

VІІI.Сабақты қорытындылау.

«Шындық-жалған»

1. Натюрморт–француз сөзі, «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

2.Натюрморт үшке бөлінеді.

3. Натюрморт алғаш рет Францияда пайда болған.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Кері байланыс.

Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар көңіл-күйлері сұралады.Көңілді болса көңілді смайликтің, мұңлы болса мұңлы смайликтің суретін салады.

ІХ.Үйге тапсырма: Суретті аяқтап келу.

Х. Оқушыларды бағалау.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.