Алғырлар мен тапқырлар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Алғырлар мен тапқырлар

Алғырлар мен тапқырлар

5-03-2016, 00:19
Автор: bilimtime
Қарау саны: 704
Пікірлер: 0
Версия для печати

Анаргүл Сағытжан

Тақырыбы: Алғырлар мен тапқырлар

Мақсаты:Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Түрі: сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау.

Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Жүру барысы:

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Алғырлар мен тапқырлар» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушы әділқазыларымыз бастауыш сынып мұғалімдері болады.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру

2. "Жұмбақтар сыр шертеді”

3. "Келесі”

4. Мақалды жалғастыр.

5. "Ұшқыр оймен”

1 кезең: «Таныстыру»

І топ : «Алғырлар»
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Білімменен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
ІІ топ: «Тапқырлар»
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым

2 кезең: «Жұмбақтар сыр шертеді»

«Алғырлар» тобына жұмбақ жасырамын.

1.Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

(Кітап)

2.Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.

Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

(Бор)

3.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

(Қалам)

«Тапқырлар» тобына жұмбақ жасырамын.

1. Қате жазып жаңылсаң,

Тазалайды ол барын сап.

(Өшіргіш)

2. Қобдиында қайырлы,

Қазынаның бәрі бар.

Тауыссаң көз майыңды

Қалағаның табылар.

(Кітап)

3.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

3-кезең: «Келесі»

Алғырлар тобына сұрақтар қоямын.

1.Дыбыс дегеніміз не?

2. Дыбыс нешеге бөлінеді?

3.Дауысты дыбыстарды ата.

«Тапқырлар» тобына сұрақтар қоямын.

1.Дауыссыз дыбыстарды ата.

2.Әріп дегеніміз не?

3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

4-кезең: Мақалды жалғастыр.

«Алғырлар» тобы

1. Білетінің бір тоғыз,

Білмейтінің ... (тоқсан тоғыз)

2.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз ...(күнің жоқ)

3.Оқу-білім бұлағы,

Білім- ... (өмір шырағы)

«Тапқырлар» тобы

1.Ақыл азбайды,

Білім ... (тозбайды)

2.Ақыл – тозбайтын тон,
Білім –...(таусылмайтын кен)

3.Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп … (қыз өсер)

5-кезең: «Ұшқыр оймен»

Берілген әріптерден сөз құрастыру: қар, мақал, тышқан, ботақан, нан, талап.

Мұғалім сөзі: Сөз кезегін әділқазылар алқасына беріледі. Қорытынды баға айтылады, жеңімпаз команданы жариялайды.

-Оқушылар, осымен «Алғырлар мен тапқырлар» атты сайысымыз аяқталды.

Қош, сау болыңыздар!

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.