Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы

Әскери тәртіп, оның мәні және маңызы

2-03-2016, 17:50
Автор: Назым
Қарау саны: 661
Пікірлер: 0
Версия для печати
Әскери тәртіп, оның мәні және маңызыӘскери тәртіп, оның мәні және маңызы, әскери тәртіпті сақтау бойынша әскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы – бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тәртіптік жаза
Жаханов Галимжан Тажиевич
БӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.
№214 орта мектебі.
Ә. Тәжібаев ауылы, Шиелі ауданы,
Қызылорда облысы
1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР ҚК-нде әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер мен оларға берілетін тәртіптік жазалар туралы түсінік беру, оқушыны Жарғы талаптарын орындауға, Қазақстан Республикасы Конституциясын құрметтеуге, өзін және өзгелерді қорғай білуге, туған елінің қорғаушысы болуға баулу, тәрбиелеу 2. Сабақтың түрі: аралас сабақ 3. Сабақта қолданылған әдістер: баяндау, айту, жеке-дара сұрау, талдау, сараптау, өмірмен байланыстыру. 4. Уақыты: 45 мин. 5. Өткізілетін орны: 10 сынып, мультимедиялық кабинет 6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы , әскери жарғылар, интерактивті тақта 7. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин. - әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай? - ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер. - әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер. - бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады? б) Негізгі бөлім – 24 мин. ҚР ҚК мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер, оларға берілетін тәртіптік жазалар. Көтермелеулердің түрлері және жазаға салу тәртібі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы. Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады. Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді. Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді. Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер: а) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау; ә) алғыс жариялау; б) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру; в) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау; г) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау; ғ) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау; д) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру; е) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру; ж) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау; з) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу; и) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде. Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады. Тәртіптік жазалар. Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады. Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады: а) сөгіс; ә) қатаң сөгіс; б) кезекті сейілдемеден айыру; в) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау; г) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру; ғ) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру; д) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін; е) сержанттардың лауазымын төмендету; ж) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету; з) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету. Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс. Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі. Тәртіптік жазаол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады. Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады. Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады. в) Қорытынды бөлім – 9 мин. Сабақты қорытындылап, оқушылардың көрсеткен білім, біліктілігін бағалап, журналға баға қою. Үйге тапсырма. Сұрақтар мен тапсырмалар: - Әскери тәртіп дегеніміз не? - Әскери тәртіп әскери қызметшіге нені міндеттейді? - Көтермелеу мен жазалардың қандай түрлері болады? - Жауынгерлерге (матростарға) көтермелеу қолданудың реті қандай? - Тәртіптік жазаны орындау мен белгілеудің реті қандай?
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.