Баланы қалай тәрбиелеу керек » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Баланы қалай тәрбиелеу керек

Баланы қалай тәрбиелеу керек

26-02-2016, 23:31
Автор: bilimtime
Қарау саны: 906
Пікірлер: 0
Версия для печати

Баланы қалай тәрбиелеу керек


 

Ақтөбе облысы, Шалқар каласы,

№12 балабақшасының

Педагог-психологы Байсейтова Сания Жалғасбайқызы

«Баланы қалай тәрбиелеу керек»

Бала-ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, сонын жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса,сол бойынша бағыт алады, солай өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде, оны мақтап, марапаттау керек. Кейде адамдардың арасында мақтау керек. «Менің ұлым сөйтті» деген секілді сөздермен жақсылыққа ынталандыру керек. Өрескел іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет көрмегендей сыңай таныту керек. «Олай істеме» демеу керек, жазғырмау керек. Жиі-жиі жазғырылатын бала батылданып, жасырын істеп жүрген теріс қылықтарын ашық түрде көрсете бастайды. Істеген жаман істерінің зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек, ескерту керек! Бала жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда болады. Баланың ешкімнен ақша сұрауына рұқсат бермеу керек. Көп сөйлемеуді, үлкендерге құрмет көрсетуді үйрету керек. Жақсы адамдардың жақсылықтарын айтып, солардай болуға тырысуы керектігін және жаман адамдардың жамандықтарын айтып, ондай болмау керектігін үйреткен дұрыс. Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап,ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады.Балаға ысырап етпеуді, қанағатшыл болуды үйрету керек. Жаман жерлерге баруына жол бермеу керек.Бала жаман адамдардың қасында жүрсе, әдепсіздік пен ұятсыздықты,өтірік айтуды үйренеді.Әке үнемі қатал болмауы керек, көп еркелетпегені де жөн. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйреткен дұрыс. Басқа адамдардың қасында әдептілік сақтауды, дөрекі болған іс- әрекеттерден аулақ болуды түсіндіру керек. Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжындықтың жаман қасиет екендігін айту керек. Бала ертелі-кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді. Мақсат- оған қажет кезінде үндемеуді және үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.

Тәрбиеде ұруға болмайды.

  1. Баланы ұру мінез-құлқының бұзылуына, ашуланшақ болуына себеп болады.
  2. Таяқ жеп өскен бала жұмсақ мінезді болмайды.
  3. Таяқ жеу әке-шешесіне қарсы ашу-ызаға жол ашады. Бала өзінің істегенін жаман нәрсе деп ойламайды, өзін кінәлі деп сезінбейді, керісінше өзін ұрған адамды кінәлі деп санайды.
  4. Таяқ жеп өскен бала ашуланған кезінде күш қолдануға кірісетін болады, басқаларды ұрады. Осылайша, оның таяқ жеуі қызбалыққа себеп болады.
  5. Сөз түсінетін жастағы баланы ұруға болмайды. Бастан, беттен ұру, таяқпен сабау өте зиянды.
  6. Баланы тәрбиелеу үшін ұру дұрыс емес. Тек қателік істейтін болса, жазалануы мүмкін екендігін сезіндіру керек.

Тәрбиеде «былай істе, мұны істеме» деудің орнына жүріс-тұрысымызбен балаға үлгі болуымыз керек. Өйткені іс-әрекетіміз, сөзге қарағанда,көбірек әсер етеді. Жақсы нәрселер жасалынса, балаға үлгі болады. Балаға жақсылық жасаудың пайдасын түсіндіру керек. Осылайша, бала өзімшіл болудан құтылады. Өзімшіл болып өскен балалар қоғамға үйлесе алмайды, тіпті салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты және заңды да танымайтын болады.

Тәрбиедегі негізгі факторлар:

Зеректік:Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсетіп, сұрақтарына дұрыс жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі,сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі.( 3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең-баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)

Рух:Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал тасжүрек балаларға көңілін жібітетіңдей өнегелі мысалдар айтып, сезімтал болуына күш салу керек.

Қалау:Мықты қалауға, ерік-күшіне ие болуына тырысу керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп,өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті балалардың тәрбиесі де қаталдау болған абзал.Алайда балаға мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.

Тәрбиедегі маңызды мәселелер:

Сүйіспеншілік: Тәрбиеде өзара сүйіспеншілік, құрметтің маңызды болғаны секілді, салмақтылық, сабырлылық та өте маңызды. Отбасы ішіндегі берекесіздік, ата-ананың ұрыс-керісі, әсіресе ажырасуы бала психологиясына өте ауыр әсерін қалдырады.

Жазалау мен ынталандыру:

«Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, ойнауға далаға шығармаймыз» деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болғанымен, қандай жағдайда болсын баланы ұруға,оған қол көтеруге болмайды.Жаза баланың көңілін қалдыратындай болмауы және өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе велосипед сияқты сыйлықтар әперіп,марапаттап тұру керек.

Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттық ойындар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді.

Дүниедегі ең ауыр және ең маңызды іс-адам өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: отбасы, қоршаған орта,тәрбие мен білім алатын орта және бұқаралық ақпарат құралдары.

Бүкіл ата-аналардың ортақ міндеті-балаларын жақсылап жетілдіру. Қазіргі таңда айналамыз тыныш емес. Яғни сыртқы әлем қауіптерге толы. Бейнелі, баспалы ақпарат құралдарының басым бөлігі зорлық-зомбылық тақырыптарға көбірек бағытталған. Адами қасиет,әдептілік,ұяттылық сезімдерді жоятын, әртүрлі жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқаны үшін көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары бар. Балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек. Оларға дінін, Отанын, байрағын жақсы көретін, ата-анаға, айналадағы адамдарға құрмет көрсете білетін, елінің мәдениетін, құндылықтарын,жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек. Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада, жақсы адамдармен көрші болу керек. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Бала үнемі мінезі жақсы адамдармен араласып жүрсе,жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады. Балаларын көркем мінезге тәрбиелеген ата-аналар - бақытты ата-аналар.

 

 

 

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.