Үй жануарлары » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Үй жануарлары

23-02-2016, 22:42
Автор: bilimtime
Қарау саны: 2391
Пікірлер: 0
Версия для печати

Үй жануарларыМаңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

МАД тобының тәрбиешісі

Кемаладин Айнұр

Білім беру саласы: Қатынас.Таным,Әлеуметтік орта,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

 

Мақсаты: Жануарлардың тірі табиғаттың бір бөлігі және олар алуан түрлі екенін түсіндіру. Балаларды үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру.Жануарларға қамқорлық көрсете білуге,қорғай білуге тірбиелеу. Дұрыс атай білуге үйрету. Ауызекі сөйлеуге дағдыландыру. Тілдік қорын, ой-өрісін дамыту.

Керекті құралдар: жануарлар суреттері, слайд.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, бой сергіту, сұрақ-жауап, мадақтау.

Сөздік жұмыс:сиыр, түйе,қой,ешкі, жылқы т.б.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

 

Мотивациялық-

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын жинайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылу шуақты,

Қонақтарға шашайық!

(Сүйіспеншіліктерін қонақтарға сыйлайды)

Балалар қолына төлдер суретін бөліп береді.

-Балалар үстел үстінде үй жануарларының суреті тұр, әр бала сурет бойынша өз енесін тауып, сол үстелге отырады.

 

 

Балалар шеңбер жасап, сөздерді айтады.

 

Іздену - ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

Жауып жаңбыр

Жер сабыр

Шөп,жапырақ солады

Бұл қай кезде болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Кәне атап беріңдерші?

-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Күз туралы кім тақпақ айтып береді?

 

-Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы, балалар!

Жаңа тақырыпты бастамас алдын, өткен оқу іс-әрекетін бір қайталап алайық!

-Өткен оқу іс-әрекетінде біз не өттік?

-Қандай жануарлармен таныстық?

(Слайд арқылы жабайы жануарлар суретін көрсету)

-Кәне мына жабайы жануарларды кім атап береді?

-Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?

-Өте жақсы балалар. Ал бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз үй жануарларымен танысамыз. Үй жануарларына балалар жылқы, түйе, сиыр,қой, ешкі жатады. (әрқайсйсймен таныстырып шығады)Сендер қалай ойлайсыңдар неге үй жануары деп атайды?

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.

-Үй жануарларының бізге берер пайдасы өте көп: Сиырдан сүт аламыз, сүттен-май, айран, ірімшік аламыз. Сиырдың етін тамақ етіп жейміз. Ал түйе бізге шұбат береді, жылқы болса қымыз береді. Түйе мен жылқыны мінсек көлік болады. Үстіне жүк артып тасуға да болады. Қой мен ешкінің сүтін ішіп, етін тамақ етіп жеп, жүнінен киім тоқимыз. Көрдіңдер ма балалар үй жануарларының бізге берер пайдасы көп екен. Адам денсаулығына ет пен сүттің пайдасы өте зор. Суық тигенде ыстық сүт ішіп емделуге болады, шөлдегенде айранды сусын етіп пайдаланыға болады. Ал егер адам ұзақ уақыт ет жемесе ауырып қалады екен, себебі етте адам ағзасына керек көптеген дәрумендер бар екен.Үй жануарлары адам өміріне маңызды, сондықтан адамдар олар,а қамқорлықпен қарап: қыста жылы қорада үстап, жем-шөп, су беріп асырайды.

-Сендер үй жануарлары туралы мақал-мәтел білесіңдер ма? Айтып беріңдерші.

Ақжол:

Мал өсірсең қой өсір,өнімі оның көл-көсір

Александр:

Ат-адамның қанаты.

Ербол:

Малды баға біл,бабын таба біл.

Жансезім:

Түйе-байлық, қой-мырзалық,жылқы-сәндік.

-Ал балалар енді кішкене сергіп алайық:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамыз,а салайық

(қимылдармен жасау)

-Әрбір жануардың балалары болады оларды –төл деп атаймыз. Мысалы:Сиырдың төлін-бұзау, қойдың төлін-қошақан, түйенің төлін-бота, ешкінің төлін-лақ ал жылқының төлін-құлын деп атайды.( слайд арқылы көрсету) Балаларға қайталату.

-Балалар мына тақтада плакат ілулі тұр,Плакатта қандай пішін бейнеленген?

-Дөгелек нешеу? Дөгелек қандай үлкен бе, кішкентай ма?

-Осы дөңгелек ішіне жануарларды орналастырамыз.Оң жақтағы дөңгелекке үй жануарларын ал сол жақтағы дөңгелекке жабайы жануарларды орналастырамыз. ( Веен дмограммасы бойынша, балаларды тақтаға шақырып орналастырыу)

-Жарайсыңдар балалар енді осы екі дөңгелек ортасына: үй және жабайы жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын табамыз.(Үй жануарлар үйде өмір сүреді, қолға үйретілген, ал жабай жануарлар орманда, далада.адамдардан алыс жерлерде өмір сүреді)

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар.

 

 

 

 

 

-Күз

 

-Күз мезгілі

- 3 ай бар

Қыркүйек,қазан,қараша

Жаңбыр жауады,күн суық болады.

Жансезім,Аяулым тақпақ айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-

коррекциялаушы

-Балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

-Үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар?

-Үй жануарлары қайда өмір сүреді?

-Сиырдың төлін не дейміз?

-Түйенің төлін ше?

-Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі өткен оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. (Балаларды мадақтау)

Үй жануарларымен.

 

-Көп.

-Үйде, қорада

-Бұзау

-Бота.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Үй және жабайы жануарларды ажырата білуі керек.

Болуы керек: Жануарлар туралы түсінік болуы керек.

Баланың қолынан келуі : Жануарларға қамқор болып және оларды қорғай білуі керек.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.