Ел рәміздерін құрметтейміз! » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Ел рәміздерін құрметтейміз!

Ел рәміздерін құрметтейміз!

22-02-2016, 21:02
Автор: bilimtime
Қарау саны: 418
Пікірлер: 0
Версия для печати

Ел рәміздерін құрметтейміз!Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Приречное аулының

№22 Приречное орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Ердмурат Алмагул

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ел рәміздерін құрметтейміз!

 

Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды елімізге, ұлтымызға деген патриоттық сезімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, ән ұранының шығу тарихын білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:

1. Елбасының өмір дерегі мен еңбектері туралы білуге;

2. ҚР жер көлемі, аумағы туралы және атаулы жылдарды білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

1. Кіріспе сөз

Тарих танбалары сан алуан.Ел көшінің уақыт кеңістігінде қалдыратын ала бағандары іспеттес.Жаңа тарихымыздағы ерекше оң таңбалы оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.Мемлекеттік рәміздер туралы Жарлыққа Елбасымыз ел тәуелсіздігіміздің белгісі ретінде 1992 жылы 4 маусымда қол қойған болатын.Сол күннен бастап Күн астында қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір түсті Ту мен Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұрасын жинақтаған Елтаңба Қазақстанның тәуелсіз бейнесін әлемдік қауымдастыққа танытты.Еліміз танып алға жылжыған мерзімде сол ел таңбаларымызға да өзгерістер енгізу қажеттілігін уақыт өзі айқындап берді.2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтылуы даталар қатарына қосылды, яғни Ел тірегі – елжанды ұрпақ.Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі.Мемлекеттік рәміздер жөніндегі Республикалық комисияның белсенділігі нәтижесінде бұл орайда нақты ғылыми-практикалық жүйе жасалып, ауқымды істер қолға алынды.Республикалық комисияның мәжілістерінде аймақтардағы істің жайы туралы есеп беру дәстурге айналды.Рәміздерге және оларды пайдаоануғақатысты нормативті-стандарттық талаптар нақтыланды.Үкімет жанындағы Терминологиялық комисияның шешімі ескеріліп, "Мемлекеттік рәміздер” термині Конституцияға енгізілген өзгерістер қатарында бектілді. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – ел азаматтарының, әсіресе, жастардың бойында тәуелсіздік идеяларын терең орынға түсуіне, елжандылық сезімнің күшеюіне, ел рухын асқақтата түсуге қызмет ететіндігі сөзсіз.

Оснды сүю, өз еліңді құрметтеп, мақтан тұту – осының бәрі мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін бірінші құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз, халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемді қалықтатып тұр.Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, еліміздң қанатты тұлпардай ұшқырлығын паш етіп келеді.

2006 жылдың 6 қаңтарыында Сенат пен Парламенттің бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы қаралды.Онда Үкіметтің ұсынысы бойынша Мемлекеттік әнұранның әуені мен мәтінін жаңарту көзделді.Дауыс беруге қатысқан депутаттардың бәрі жобаны жақтап дауыс берді.Келесі күні Заңға Елбасы қол қойды.Жаңа Әнұран баспасөзде жарияланған күннен ьастап 10 қаңтардан күшіне енді.Жаңа Әнұран кезекті сайлаудан кейін Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты ұлықтау кезінде 11 қаңтарда Астанадағы Ақордада алғаш рет орындалды.

Жаңа Әнұран елге бұрыннан таныс "Менің Қазақстаным” әнінң негізінде дүниеге келді.”Қазақ вальсінің королі” атанған сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жүмекен Нәжімеденов шығармасының мәтініне енгізілген өзгерістер талайлы туындының ресми гим болып бекінуіне жол ашты.Таңдап алынған 20 жолдар 59сөздің жиырма бесі өзгеріске ұшырады.Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының жаңа мәтіні дүниеге келді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның эталондары және Мемлекеттік Әнұранының музыкалық және поэтикалық эталондары заң мен бекітілген және заңмен қорғалады.Олар Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы – Ақордада сақталады.

Қазақстан Республиксының Мемлекеттік туы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы » конститутциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.

1992 жылы 14 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қабылданды.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы : суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы.

Мемлекеттік ту – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында шұғылалы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, шұғыла, қыран және ою - өрнек алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығы аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика ( гербтану ) тілінде көк түс және оның түрлі реңкі адалдық, сенімділік, үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді. Ежелгі түркі тілінде « көк » сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көк түс – түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс , даму, өсіп - өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн – уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнсі. Ұлан байтақ кеңістікте қалықтаған қыран ҚР – ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан – дүниесінің кеңдігін паш етеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың өмір дәрегі: Н.Ә.Назарбаев1940 жылы Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында дүниеге келген.Мамандығы инженер – метеаллург.Экономика ғылымының докторы. «Ғасыр адамы» атанған қайраткер.

- Еңбек жолы 1960 жылы Қрағанды облысы,Теміртау қаласында «Қазметаллургстрой» тресі басқармасында түрлі қол жұмысын істеуден бастады.

- 1969 жыл – Теміртау қалалық партия комитетінің өндірістік – көлік бөлімінің меңгерушісі.

- 1969 – 1971 жылдар – Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.

- 1971 жыл – Теміртау қлалық партия комитетінің екінші хатшысы.

- 1973 – 1977 жылдар – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

- 1979 – 1984 жылдар – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

- 1984 жыл – Қазақ КСР Министлер Кеңесінің төрағасы.

- 1989 жылғы маусым – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетініңбірінші хатшысы.

- 1990 жылғы 24 сәуір – Қазақ КСР- нің Президенті.

-1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды.

 

 

Елбасының еңбектері

- Абай туралы сөз. 1995 ж.

- Әділеттің ақ жолы: Өмірбаян өткелдері, ой – толғау, бағытбағдар ... 1991ж

- Бейбітшілік кіндігі. 2001 ж

- Ғасырлар тоғысында. 1996ж, 2003ж

- Жүз жылға татитын он жыл. 2001 ж

- Қазақстан – 2030:Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы:Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 1997 ж

- Қазақстан – Ресей қатынастары. 1999 ж

- Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. 1993 ж

- Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. 1992 ж

- Қалың елім, қазғым. 1998 ж

- Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы – жаңарған Қазақстанға. 1994 ж

- Сындарлы он жыл. 2003 ж

- Тарих толқыныңда. 1999 жыл, 2003 ж

- Бейбітшілік кіндігі. 2001 ж

- Өзекжарды ойлар. 2000 жыл. 2003ж

- Еуразия жүрегінде. 2005 ж

- Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында:Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2005 ж

- Нық сеніммен болашаққа. 2000 ж

- Тәуелсіздік белестері. 2003 ж

- Туған елім – тірегім. 2001 ж.

 

 

Атаулы жылдар

- 1991 жыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған жыл.

- 1992 жыл – Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы.

- 1993 жыл – Қазақстан Респулкисының тұңғыш Конституйиясы қабылданды.

- 1994 жыл – Халқаралық отбасы жылы.

- 1995 жыл – Ұлы Абайдың 150 жылдығы.

- 1996 жыл – Бейбітшілік пен рухани татулық жылы.

- 1997 жыл – Жалпыұлттық татулық және саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу жылы.

- 1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

- 1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

- 2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы.

- 2001 жыл – Қазақстан Республикасының 10 жылдық мерейтойы.

- 2002 жыл – Денсаулық сақтау жылы.

- 2003 – 2005 жж – Ауылды қолдау жылдары.

- 1996 жыл – Жамбыл жылы.

- 1997 жыл – Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы.

- 1997 жылғы 29 маусым – Түркістан қаласының 1500 жылдығы.

- 1999 жылғы сәуір – ғылым Қ.И.Сәтпаевтің 100 жылдығы.

- 2000 жыл – ЮНЕСКО деңгеиінде Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді.

- 2004 жыл – Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы.

 

Мемлекеттік мерекелер

 

1 қаңтар – Жаңа жыл.

8 наурыз – Халқаралық әйелдер күні.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі.

1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні.

9 мамыр – Жеңіс күні.

30 тамыз – Конституйия күні.

25 қазан – Республика күні.

16 желтоқсан – Тәелсіздік күні.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

1991 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі алған күн.

Тәуелсіз Қазақстан әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды .

Тәуелсіз Қазақстанның депломатиясы тарихында алғашқы сенім грамотасы тапсырған – Түркиясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Арғын Өзпай.

1991 жылдың сонына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.

1992 жылдын ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 13-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай ,Иран ,Пәкістан, Канада, Швейцария т.б.

1992 жылдын соны – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып ,61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

1999 жылдын басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып ,160 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдікелшілік және халықаралық, ұлтаралықұйымдардың 16өкілдігі жұмыс істейді.

1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

 

ҚР жер көлемі.

Қазақстан Республикасының жерінің ауданы 2724900 км 2 .

Жерінің көлемі жөнінен

- Дүние жүзінде 9 – орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2 пайызын , Азияның 6,1 пайызын құрайды.

- Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейінгі төртінші орында, Ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екіші орында тұрады.

- БҰҰ ға мүше 180 мемлекеттің ішінде 9 – орында.

 

 

Шекарасы

Ұзындығы

Жалпы ұзындығы

13331 км- ден астам

Құрлықпен

Каспий теңізі арқылы

Ресеймен (батыс солтүстігінде)

Қытаймен (оңт. шығысында)

Қырғызстанмен (оңтүстігінде)

Өзбекстанмен (оңтүстігінде )

Түркіменстанмен ( оңтүстігінде )

12711 км

600 км

7591 км

1460 км

980 км

2300 км

380 км

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның ән ұраны

 

 

Сөзі: Н.Ә.Назарбаев, Ж. Нәжмиденов

Әні: Ш.Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы.

Ежелден ердеген,

Даңқымыз шықты ғой,

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім,

Менің елім,

Гүлім болып егілемін.

Жырым болып төгілемін елім,

Туған жерім менің Қазақстаным.

 

Ұрпақа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досымдай.

Біздің ел бақыты,

Біздің ел осындай.

 

Ел таңба авторы 1. Шот Аман Уалихан.

2. Жандарбек Мәмбенов.

 

Ту қай уақытта көтерленеді.

 

1. Ел басты алыс сапарға кетерде

2. Олимпиада ойындары басталғанда

Тудың авторы 1.Шәкен Ниязбеков.

Ту ортаға жиындарда, салтанаты жиындарда енеді.


 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.