Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

14-02-2016, 20:45
Автор: bilimtime
Қарау саны: 406
Пікірлер: 0
Версия для печати

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№15 орта мектептің

Физика пәні мұғалімі

Конысбаева Меруерт Сапарбаевна

Сабақтың тақырыбы: Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділігі.Оқушыларға жылдамдық ,жылдамдықтың бірліктерін түсіндіру.

ә)Дамытушылығы.Жылдамдықтың өлшем бірліктерін түрлендіре отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б)Тәрбиәлілігі.Оқушыларды тез ойлауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Білімді жинақтау,жүйелеу,қайталау сабағы.

Сабақтың өту әдісі: Әңгімелеу,бағалау,сұрақ-жауап,сайыс,топтық.

Сабақтың көрнекілігі: Спидометр,физикалық есептер, сөз жұмбақтар,же-

тондар,мензурка,сызғыш, термометр,интерактивті тақта, ғаламшарлардың макеті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру .

а)Оқушылармен сәлемдесу.

ә)Оқушыларды түгендеу.

б)Сабақтың мақсатын түсіндіру.

в)Сынып оқушыларын екі топқа бөлу «Атом» , «Молекула».

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру,сұрау.

1)«Лото» ойыны. Үйге берілген тақырыпты қайталау.

2)Сөзжұмбақтарды шешу.Өткен тақырыптарды қайталау.

1.Лото ойынының сұрақтары:

1)Дененің немесе материалдық нүктенің орын ауыстыруы деген не?

2)Жүрілген жол дегеніміз не?

3)Дененің жүрілген жолымен орын ауыстыруының бір-бірімен айырмашылығы неде?

4)Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

5)М.К.Т. –ның негізгі қағидалары?

6)Бірқалыпты қозғалыс деген не?

7)Механикалық қозғалыс деген не?

8)Гелиоцентрлік жүйесін жасаған ғалым?

9)Жүрілген жол орын ауыстырудың ұзындығынан үлкен болады?

2.Сөз жұмбақ.Атом.

1.Ғарыш кеңестігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылым?

2.Физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі?

3.Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі?

4.Әлемде не бар болса, соның бәрі?

 

1.Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі?

2.Ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжам?

3.Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене?

4.Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама?

5.Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі?

6.Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының бос орындарына өзара өтуі?

7.Табиғаттағы ең қатты зат?

8.Дененің шығу табиғатын және сапалық сипаттайтын материя түрі?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Әр түрлі қозғалыстар арасында айырмашылықты сипаттау үшін

Қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізі-

леді.Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыратын сол уақыт аралығына бөлу керек.

 

Орын ауыстыру

Жылдамдық=

Уақыт

 

 

s s

U= S=ut t=

t u

 

Физикалық құралдарды атау,

не үшін қажет екенін айту.

 

 

Физикалық шамалар мен өлшем

бірліктерді атау.

 

 

Физикалық құбылыстарды көрсететін

сөздер құрастыру.

 

 

ІV. Сабақты бекіту.Физикалық есеп.

1.Автобус 180км жолды 2,5 сағ жүреді. Автобус жылдамдығын анықта?

2.Мотоцикл айдаушы 144км жолды 2сағатта жүріп өтті, оның қозғалыс

Жылдамдығын м/с бірлігіне анықтандар?

3.Автомобилъ 90км /сағ жылдамдықпен жүріп барады.2 сағат ішінде

ол қандай аралықты басып өтеді?

4.Егер ағыс жылдамдығы 0,5м/с болса, өзен ағысымен 15 км жүзіп өтетін ағаш сал қанша уақыт жұмсайды?

5.9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобилъ қанша уақытта жүріп өтеді?

 

VІ.Бағалау.

V ІІ.Үйге тапсырма: 25 , 7-жаттығу.

 

 

V.Қорытынды.

 


Анықтамасы.Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек.


Белгіленілуі: U

 


Бірлігі: м/с

 

 


Өлшейтін құрал: Спидометр

 


Қасиеті:Әр түрлі қозғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қолданылады.

 

 


Бағыты: Векторлық шама

 

 


Басқа шамамен байланысы: s s

U = ; S=ut; t=

t u

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.