Хақназар хан » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Хақназар хан

14-02-2016, 20:35
Автор: bilimtime
Қарау саны: 404
Пікірлер: 0
Версия для печати

Хақназар ханҚостанай облысы

Жангелдин ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Абилова Олена Кишкинбаевна
Хақназар хан

 Хақназар хан — (15381580) билік құрғанҚасымханның баласы Хақназар (Ақназар) хан

тұсында қазақ хандығықайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда

дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

             Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хантұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.15231524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназархан «қазақтармен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырыпМоғолстанхандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи

оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын1556 жылы Астраханхандығын басып алды. Осы жағдайға байланыстыЕділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.

        Хақназар елінің саяси бытыраңқылығын жойып, бір орталықтан басқару билігін орнатқан соң, хандықтың халықаралық жағдайын нығайтуға куш салды. Хан озінің сыртқы саясатында Моғол хандығымен, Ноғай Ордасымен, өзбектермен,

Орыс мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды өзінің басты міндеті санады.

Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты.Сөйтіп Бұхар ханы II Абдаллах пен қазақ ханы Хақназар хан "дос болып,өзара көмектесу” жөнінде "ант беріскен шарт” жасасты.Хақназар ханның бұл дипломаттық шарасы халық құптаған тиімді шара болды. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауда-саттық қарым-қатынасы ұлғайды

          Хақназар хан билігі кезінде қазақ хандығының көрші Ресей елімен қарым-қатынасы жақсара түсті. 1569-1573жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Қазақ хандығында болып қайтты. Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстаратын орнатып,саяси қарым-қатынас жасады. Ресеймен қатынас жасауда Хақназар хан әкесі Қасым ханның жолын ұстанды. Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасындағы қарым-қатынастың орнығуына Каспий маңайына Строгановтар әулетінің келуі себепші болған.

        Қасым хан айбынын асырған қазақ хандығы іштей әлсіреген кезеңде билікті қолына алған Хақназар хан елінің еңсесін көтерді. Сыртқы жағдайларды ел мүддесіне пайдалана білді. Хақназар хан Қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.

 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.