Кері есептер (айырмалық салыстыруға, кері есептер үштігін құрастыру және санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту) » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Кері есептер (айырмалық салыстыруға, кері есептер үштігін құрастыру және санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту)

Кері есептер (айырмалық салыстыруға, кері есептер үштігін құрастыру және санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту)

12-02-2016, 22:09
Автор: bilimtime
Қарау саны: 654
Пікірлер: 0
Версия для печати

Астана қаласы

№ 61 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Алдабекова Назира Канаевна

Тақырыбы: Кері есептер (айырмалық салыстыруға, кері есептер үштігін құрастыру және санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту)

Мақсаты:

Кері есептердің жаңа түрімен таныстыру, кері есептер құра білуге үйрету;

Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Көрнекілігі: кестелер, киіз үй суреті, ою өрнек, қоржын, асықтар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату, партада дұрыс отыруын қадағалау.

Кіріспе:

-Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында.

-Ал енді біздің Респуликамыз қандай ұлттық мерекені тойлайды?

-Наурыз мерекесі.

-Наурыз мерекесі қалай тойланады?

-Ұлттық салт-дәстүрлерімізбен әдет ғұрпымызды насихаттап, дәріптеледі.

Сондықтан бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.(Сынып іші мерекеге арнап шарлармен безендіріледі. )

-Наурызда қандай үй тігіледі?

-Киіз үй тігіледі.

Ендеше сабақ барысында балалардың көмегімен киіз үй тігіледі.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау.

1. «Қоржын той» ойыны

Қоржын ішінен асықты бір-бірден алып, ондағы тапсырмаларды орындайды.

Бірінші тапсырма орындалса, киіз үйдің керегесі қойылады

1. 3 пен 4-тің қосындысын жаз

2. 10 мен 6 сандарының айырмасын жаз

3. 8 бен 7сандарының айырмасын жаз

4. 5 пен 2 сандарының қосындысын жаз

Қоржынның екінші жағындағы «Жұмбақты өрнек» шешу

Р

3+5

Е

10-1

І

4+3

К

8+2

 

С

1+4

Е

3+3

Т

1+1

Е

4-0

Р

5- 5

П

2+1

Е

7-6

 

 

10

9

8

7

К

Е

р

І

 

6

5

4

3

2

1

0

е

с

е

п

т

е

р

 

 

 

-

+ +

 

Дөңгелектерге 10-ға дейінгі сандар жазылады, ал шаршыларға балалар сан мен амал таңбасын жазу керек.сонымен бірге олар өз әрекеттерін түсіндіреді: «Сандарды салыстырамын. 9 болған, 5 қалды, демек азайттық. Неше азайтылғанын білу үшін 9 санының 5 санынан неше артық екенін білемін. 9-5 = 4)» .

«Кері есеп» түсінігі қосындысы және белгісіз қосылғышты табуға берілген үштік есептердің мысалдармен қайталанады. Ол үшін тірек сызбаларды –қысқаша жазылу үлгісі немесе есептің сызбасын қолданамын.

 

 

 

 

 


ІІІ. Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма жаңа материалды түсіндіруге бағытталған. Өзара байланысты үш есепті шығара отырып, тақтаға оларды қысқаша жазады және есепке арналған суреті беріледі. Барлық үш есепті шығарып болғаннан кейін (дәптердегі№1) суреттің барлығы бірдей болып шығатындығы, тек есептің сандық деректері мен ізделінді санның ғана орны ауысатындығы туралы қортындыға келулері керек. Мұндай есептердің «кері есептер» деп аталатындығын нақтыланады.

1. Екі қатар көркем жазу орындалады

Тақтамен жұмыс:

Оқушы алдымен оқып, талдайды

Бірінші тапсырма орындалса, киіз үйдің шаңырағы қойылады

Жаңа сабақты бекіту үшін тағы бір үштік есепті шығаруға болады. Мұндай жұмыс көп еңбектенуді қажет ететін болғандықтан, тірек сызбаларды қолданған дұрыс.

І - 

ІІ-?,  артық

ІІ - 

ІІ-?, кем

І - 

ІІ- ?-еуі артық

 

 

 

● ●

 

● ●

 

?

● ●

 ?

● ●

 

● ●

? 

● ●

 

 

Дәптермен жұмыс.

№2 тапсырма дәптерде орындалады. Киіз үйдің уықтары байланады.

а*а+9 с+0 * 3+с

х*х-3 9- с* 10-с

І V. Сергіту сәті:

Сурет бойынша есеп құрастыру. Есігі қойылады.

Оқулықтағы №5 тапсырма жаттығудың жаңа түрі болып саналады және оқушыларды мұндай тапсырмаларды шешу жолымен таныстыру керек. Тақтаға алдын ала мынадай түрдегі кестені дайындап қойылады

Биік шатыр

Аласа шатыр

Үлкен терезе

Кіші терезе

+

-

+

-

+

-

-

+

-

+

+

-

 

Содан кейін тапсырманың мәтініне талдау жасалады: «Үйлерде қандай фигуралар тұрады? Неше үй және қандай үйлер? (Биік шатыр және үлкен терезе, аласа шатыр және үлкен терезе , биік шатыр және кішкентай терезе). Не белгілі? Үшбұрыш пен дөңгелек үлкен терезесі бар үйде тұрады., кесте «+» таңбасын қоямыз; дөңгелек пен шаршы шатыры биік үйде тұрады, кесте «+» таңбасын қоямыз. Енді әр фигураның қайда тұратындығы туралы қорытынды жасауға болады».

Үйдің киізі жабылады.

Математикалық жұмбақ есеп. Үйдің іші ою -өрнекпен безендіріледі.

Бір-бірімен жарысқан,

Бір аю мен арыстан.

Екі қоян екі түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен. ( 6)

 

Бір қоянның екі құлағы бар

Екі қоянның неше құлағы бар (4)

V. Бекіту : сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту.

VІ. Үйге тапсырма:153-154 беттерді қайталау, № 4 есеп

VІІ. Бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.