Балаларды патриотизмге баулушы педагогтар қызметін суйемелдеу жұмысы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Балаларды патриотизмге баулушы педагогтар қызметін суйемелдеу жұмысы

Балаларды патриотизмге баулушы педагогтар қызметін суйемелдеу жұмысы

12-02-2016, 15:01
Автор: bilimtime
Қарау саны: 413
Пікірлер: 0
Версия для печати

Балаларды патриотизмге баулушы педагогтар қызметін суйемелдеу жұмысыАтырау облысы, Атырау қаласы

Жалпы білім беретін №28 орта мектептің

мектепалды даярлық сыныбының жоғары санатты мұғалімі

Абдешева Талшын

Балаларды патриотизмге баулушы педагогтар

қызметін суйемелдеу жұмысы.

(87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.... Соның бірі – «ҚАЗАҚСТАН ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ» КЕҢ КӨЛЕМДІ ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫН ҚҰРУ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ – ӘРБІР АЗАМАТҚА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТУРИСКЕ ЕЛ ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСУ. Н..НАЗАРБАЕВ)

Әрбір педагогикалық ұжымдағы қазіргі таңдағы көкейтесті мәселенің бірі балаларды патриотизм мен рухани адамгершілік тәрбиесіне баулуда педагогтар қызметін суйемелдеу елеулі қызмет болып отыр.Әдістемелік жұмыс қайта қаралып, жаңа талаптарға сәйкес келетін, педагогтармен жұмыстың жаңа бағыты мен әдістемелік моделі енгізілуде.

Патриотизмге тәрбиелеу міндеттері өлке тану құралдарын пайдалануды қажет етді.Педагогтарға «жас патриот» тұлғасын қалыптастыру үшін өлке тану материалы негіздері көмекке келеді.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

-Тәрбиешілердің өлкенің өткен тарихы туралы білімдерін кеңейту.

-Инновациялық технологияларды енгізіп, педагогикалық іс-шараларды өткізуде педагогтар белсенділігін көтеру.

-Осы бағыттар бойынша педагогтардың өз бетінше білімін көтеруіне жағдай жасау.(Әдістемелік бөлмеде патриоттық тәрбие жұмысына қатысты әдебиеттер тізімін, әдістемелік журналдардағы өзге әріптестердің іс-шараларының картотекаларын жасақтау )

Бұл жерде педагогтармен әдістемелік жұмыс өзара қабысқан бірнеше блоктардан тұратындығын көреміз.Мыс:

-Когнитивті блок - педагогтардың ақпараттық материалдарды жинақтап , жүйелеуі.

-мотивациялық-бастапқы блок-түсініктілік аппаратының қалыптасып, берілген проблеманың көкейтестілігін сезіне білуі.

-әдістемелік блок- апробация және педагогтардың жаңа инновациялық технологияларды, әдістерді және жұмыс формаларын (жобалау қызметі, отбасылық экскурсия, оқиғалар орнынан репортаж алу, тематикалық коллаж және т.б) одан әрі қолдануы.

-ұйымдастырушылық-қызметтік блок- «педагог- балалар-ата-аналар-әлеумет»жүйесіндегі біріккен қызмет.

Түпкі нәтижеге қол жеткізуде кәсіптік компетенттіліктің арнаулы дәрежесі келесі жүйені: бастапқы мотивациялық , әдістемелік, ұйымдастырушылық –қызметтік блоктарды қалыптастыру арқылы іске асады. Когнитивтік блоктың да өз орны бар, өйткені онда – туған қаланың өткен тарихы және т.б. туралы тәрбиешілердің білімдері жинақталады.Өз өлкеміз Атыраудың қысқа уақытта барлық тарихи мәліметтерді меңгеріп алуға мүмкіндік бермейтін бай мәдени мұрасын игеру қажет.

Өлке тану материалдары арқылы МЖД –гі балаларды патриоттық сезімге баулуда педагогтар қызметін сүйемелдеудің құрылымдық –функционалдық сараптамасы төмендегі механизмді құрайды:

Когнитивті блокта педагог қала,туған өлке туралы білімді өз бетінше меңгеруін өзі қадағалауды қажет етеді. Ол үшін жыл ішінде педагог әдістемелік бөлмедегі адамгершілік-патриоттық тәрбие ісі бойынша әдебиеттерді толықтыру, Атырау қаласы туралы материалдарды жинақтау (фотосуреттер, буклеттер, плакаттар, табиғат туралы очерктер, ақындар өлеңдері, суреттер сериясы, өлке туралы тарихи мәліметтері бар әдебиеттерді жинақтау ісіне қатысады).

Сонымен қатар, семинарда патриоттық тәрбие мәселесіне қатысты теориялық баяндамалар, іс –тәжірибелерді жинақтаумен қатар, педагогтар Кроссвордтар құрастырып («Сен өз өлкеңді білесің бе?») шешуін тапса, тест сұрақтарының жауабын табуға ат салысу, әдістемелік жинақтар қоржынын толықтыру жұмыстарына қатысады.

Мотивациялық- блокта-педагогтардың өлке танушылық икемділігі нәтижесін көрсететін рефлексия ретінде пайдаланылады.Сүйемелдеудің ұйымдастырушылық-қызметтік кезеңінде өлке тану, балаларда патриоттық сананың қалыптасуы бойынша ұжым жұмысы дамуының динамикасы сарапталады.

Осы моделдің мазмұнды компоненті әдістемелік қызметтің негізгі бағыттарын айқындайды. Олар:кеңестер (Патриоттық тәрбие бойынша «Туған жер туралы алғашқы түсінік беру әдістемесі») семинарлар,педагогикалық кеңес,Іскерлік ойындар,сайыстар,экскурсиялар, жобалық қызметтер.

Педагогтар қызметі белсенділігін көтеру мақсатында тематикалық көрмелер «Менің қалам», «Үлкен отбасы», «Туған өлкенің күзгі сыйы» тақырыбында өткізіледі,өлке тану бойынша дидактикалық ойындар сайысы экологиялық, мәдени, тарихи-өлке танушылық бағытта жасақталады. Қала күні мерекесіне арналған «Сүйікті қалам Атырау!» сурет сайысына, мектеп ауласын көгалдандыру,гүлзарларды жөндеу сайысына ата-аналармен жұмыстану, «Қанатты достарымызға көмектесейік» деп аталған құстарға арнап ұя жасату, оларды ауладағы ағаштарға бекіту сияқты шараларды іске асыруға болады. Сөйтіп ата-ананы тәрбие –оқу ісіне қатыстыру жүреді, педагогтардың шығармашылық қуаты артады. Сонымен бірге өлке тану бойынша дәстүрлі ұйымдастырылған оқу әрекетімен қатар тарихи –өлке тану мұражайына саяхаттар,Жайық жағалауына , орталық көпірге, Құрманғазы аллеясына, Драма театрына саяхаттау іске асады.

Жеңіс мерекесіне арнап әскери- спорттық мерекелер өткізу, соғыс ардагерлерімен кездесу, «Отан –ана!», Атыраудың қанатты қызы атанған ұшқыш Х.Доспанованың ескерткіштеріне, Жеңіс саябағына саяхаттар,балаларда азаматтық сезімінің тәрбиеленуіне жағдай жасайды.

Қорыта айтсақ, сауатты жүргізілген әдістемелік жетекшілік азаматтық –патриоттық тәрбие қызметін белсенді, жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді.Ең бастысы өз Отанының тарихы мен мәдениетін құрметтеуді ата-аналармен педагогтардың біріккен қызметі арқылы үйреніп, ата-бабаларының жасаған құнды мұраларын бағалайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.