Шаңырақ жарастығы Құндылық махаббат, сыйластық Қасиеттер татулық » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Шаңырақ жарастығы Құндылық махаббат, сыйластық Қасиеттер татулық

Шаңырақ жарастығы Құндылық махаббат, сыйластық Қасиеттер татулық

12-02-2016, 14:56
Автор: bilimtime
Қарау саны: 768
Пікірлер: 0
Версия для печати

 

Атырау облысы, Атырау қаласы

Жалпы білім беретін №28 орта мектептің

мектепалды даярлық сыныбының жоғары санатты мұғалімі

Абдешева Талшын

 

Шаңырақ жарастығы Құндылық махаббат, сыйластық Қасиеттер татулық

 

Сабақ мақсаты: Балалардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

 

Міндеттері:

отбасы жарастығы , татулығы туралы түсінік қалыптастыру

отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

өзара сыйластыққа тәрбиелеу

 

 

Ресурстарқұралдар, мәлiметтер)тынышт сәті мәтіні, . қазақстан, отбасы тур слайд суреттер

Үй макеті, карта, шаңырақ бейнесі, сазды әуен Н.Абдуллин Сағынышым, туған үй, Әке, ана туралы жыр, стикер, суреттер, майшам, қағаз, түсті қаламдар, киіз үй

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. Нұр сәулесі /музыкалық әуенмен/

ленталары бар шығыр ұстап мұғалім ортада тұрады

Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп атадады. Шаңырақ - отбасының белгісі. Бұл түстер біздің көңілімізді көтереді.Біз ондай кезде айналадағыларға әсіресе туыстарымызға жағымды істерімізбен көмек көрсете аламыз Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады, отбасының болуы-үлкен бақыт.

Әрқайсың лентадан бір-бірден ұстаңдар.Бізде не пайда болды?

- Шағын майшамды жандырып қойып, кәне туған үйіміздің сулесін елестетейік.Біз оған қарап отырып, өз отбасымызды еске түсірейік.

Тыныштықта отырып, туыстарымызды да еске алайық.

Музыка әуені естіліп тұрады

Өте ертеде, киіз үйдің ортасында от жанып тұрған, ол ошақ деп аталған.Отбасының барлық мүшелері осы ошақ маңына шай ішуге жиналыпөз жұмыстары туралы айтуға немесе жай бір-бірімен қатар тыныш отыруға жиналған.Осы кезден бастап адамдар өз отбасын немесе туған үйі жайлы «туған ошақ» деп айтады.

Сабақ барысын талдау:

Балаларды тыныштық сәтіне ұйымдастырып, шаңырақ жарастығы туралы тақырыпқа, отбасын немесе туған үй жайлы «туған ошақ»

түсінігіне мотивациялау.

Дәйексөз:

«ШАҢЫРАҚ СӘНІ-СЫЙЛАСТЫК»
Шаңырақта сыйластық,сүйіспеншілік,бірлік,татулық,ынтымақ, бауырмалдық,қамқорлық,махаббат шаңырақтың сәнін кіргізіп,жарастық орнатады.

 

Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

 

Мұғалім сыйы: А.Асылбеков Сүйіспеншілік

 

Сабағымызды әрі қарай Ермек Өтетілеуов ағаларыңның «Мен қазақ баласымын» өлеңімен жалғастырайық.
Бұтағы-бабасының,
Ұрпағы-атасының,
Шуағы-әжәсінің,
Тұяғы-әкесінің,
Тілегі-анасының,
Тірегі-ағасының,
Түлегі-даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен-қазақ баласымын.

Жерінде-бабасының,
Елінде-атасының,
Көңілінде-әжесінің,
Қолында-анасының
Жолында-ағасының,
Төсінде даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен қазақ баласымын

Әңгiмелеу сұрақтары: . - Балалар , біз бүгін сендермен «Отбасы жарастығы» жайлы әңгіме қозғаймыз.- Отбасы дегеніміз не?

Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақсы туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.

- Сен отбасында кімсің?

- Мен отбасының мүшесімін , әке мен анамның баласымын , атамен әжемнің немересімін.

-Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасайды?

- Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы, бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

А.Асылбеков Сүйіспеншілік

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған 3 қарияны көреді, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге бірге бармаймыз», - дейді. – Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағы болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды: - Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар, - деді. .....

Сендер болсандар қайсысын шақырған болар едіңдер?Неліктен?

Балалар жауабын тыңд.

Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы» - деп қайталай берді. - Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйел: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?» - деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде, ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз». Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», - деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынантұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер......» - деді. Қариялар: - «Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуіміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек.

Алтынайдың «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті: - «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз.

Сүйіспенш туралы ойларын білу үшін:

Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз дегенді қалай түсінесіңдер ? деп сұр. Балалар жауаб тыңд.

Видеослайд арқылы қорытындылау.

Қорытынды: - Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады.

Сұрақтар:

 

Балалар,осы сөздердің ішінде ерекше «махаббат» деген сөзді алайық.
«Ізгіліктің бастауы-махаббат» дейді.

1.Сендер осы «махаббат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
А.Адамдардың бір-біріне деген шын сүйіспеншілігі
Б.Адамдардың бір-біріне жақсылық тілеуі
В.Айналадағы адамдарға,Отанға,табиғатқа деген сүйіспеншіліқ

2.Ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?
Жаным,құлыным,балапаным т.б.
3.Махаббат бізді неге бөлейді?
А.Ата-анамызға деген сүйіспеншілікке
Ә.Отанды сүюге.
Б.Табиғатты аялауға,оның сұлулығын тануға.

В.Өзгелерді сыйлауға

Қорытынды сөз

Жаттығу «Сөйлемді аяқта»

1. \Мен өз ата-анамды жақсы көремін, не үшін дейсіздер ғой...

2. Ата-анам үйде болса.....

3.Мен өз отбасымды... деп санаймын

4.Мен ата-анама мынадай тілек айтамын...

 

 

Балалар өлеңді алдын ала жаттап, жатқа айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демалыс минуты: «Менің отбасым ең-ең..».

Балалар өз отбасыларына деген ең таңдаулы сөздерімен отбасын мадақтайды, сүйіспеншілігін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға ойланып жауап бере отырып бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы, бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

 

 

А.Асылбеков Сүйіспеншілік

Мәтіні арқылы– Байлық, Сәттілік – Сүйіспеншілік .ұғымдарының мәнін түсінеді.

 

 

 

Сендер болсандар қайсысын шақырған болар едіңдер? Неліктен?

Балалар жауабын тыңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз – Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз дегенді қалай түсінесіңдер сұрағына балалар жауабын тыңдау.

Видеослайд арқылы қорытындылау.

 

 

Өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

Жаттығуға ат салысып, сөйлемді аяқтайды.

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

«Менің ынтымақты отбасым! «жобасын қорғау.

Музыка әуенімен Н .Абдуллин туған үй

1-топ. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық.
2-топ.»Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар.
3-топ.»Күн сәулесі».Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар.

ЖАҢА АҚПАРАТ.
Адамға өмірде ең қымбатты-отбасы

.Отбасында сыйластық,сүйіспеншілік,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Бір-бірін аялап,кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болады.

ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ.
Балалар,бізге қонаққа досымыз Махаббат қонаққа келе жатыр екен.

Махаббатқа демалатын үй керек.Ендеше,бәріміз бірігіп,оған әдемі үй салып берейік.
Тақтаға үй макеті ілінеді.Қабырғаларына керек сөздер столда тұр,бірақ оның ішіндеМахаббаттың көңіл-күйін түсіретін сөздер де жүр екен.Жақсы сөздерді алып,үй қабырғасын құрастырайық, ал жаман сөздерді қоқысқа тастайық.Ауласын әдемілеу үшін ағаш пен гүлдер егейік.

Гүлдерге мақал-мәтелдер жазылған.
1.Балалы үй-базар. Бала-көңілдің гүлі,көздің нұры.
2.Ата-бәйтерек,Бала-жапырақ.
3.Ата-асқар тау,Ана-бауырындағы бұлақ,Бала-жағасындаңы құрақ
4.Ата-ананың қарызы,Ұрпақтың өмірлік парызы.
5.Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.
6.Ананың сүті-бал,Баланың тілі-бал.
7.Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер.

Нақыл сөздер: «Үйінде ұл – қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар»,

«Ақ жүрек әке – күншуақ, ақжүрек ана – ақ бұлақ»,

«Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер»

НАЗАР АУДАРАЙЫҚ
слайд «Қазақстан»

Балалар, енді махаббат еліне қайта оралайық.Сендер ата-анадан басқа тағы кімдерге өз махаббаттарыңды арнар едіңдер?
Мысалы:Мен өз махаббатымды осы елде тұратын барлық ұлттарға арнағым келеді.Сол үшін өз жұлдызымды картаға ілемін.Әр бала кімге арнайтынын айтып,жұлдызшаны картаның маңына іледі.
Жұлдызшаларды ілу.
-Балалар,қараңдаршы,еліміздің картасы қандай әдемі болып кетті,себебі сендер сияқты қанша адамның жүрегінің махаббаты біздің елімізді,ортақ үйімізді шаттыққа бөлеуде,себебі біздің ортақ шаңырағымыз Отанымыз Қазақ елін әрбір адам сүйеді.Өйткені біз тәуелсіз бейбіт елде тұрамыз

Қорытынды сөз

 

Отбасышаңырақтантүзіледі. Отбасы– тәрбие бесіг. Адамға өмірде ең қымбаты –отбасы;Ұрпақтыңжақсылығы мен жамандығыотбасында қалыптасады; Отбасыныңбірін-бірісүюі-ең негізгі құндылық. Отбасыжарастығыосы сүйіспеншіліктен құралады.

Гүл күлтелеріне «шаңырақ сәні» неде екендігін жазады, тақтада орындайды.

Жобаны қорғайды.

Топтық жұмыстарды орындайды.

 

 

Сергіту

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарап табынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Не айтса да орындап,

Күлкімізді сыйлаймыз.

 

 

ЖАҢА АҚПАРАТТЫ тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды ұйымдастырып, міндеттерін іске асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слайд «Қазақстан» арқылы картаға әр бала өз тілегін кімге арнайтынын айтып,жұлдызшаны картаның маңына іледі.

 

 

 

 

 

Топпен ән айту

Әке, Ана туралы әндер орындау.

 

Сазды әуенге қосыла орындайды.

Үй тапсырмасы.

Аңызды оқу.Жұмыс дәптеріне таблицаны толтыру.

 

 

Кестені қалай толтыру туралы кеңес беру.

Соңғы тыныштық сәтi.

Денелер-і түзу ұстап, бос отыр-р. Көздеріңді жұмсаң да бол.Ауаны терең жұтып, дем алыңдар. Тыныс алуалар-ды бақылап, бақытқа, махаб-а,тыныштыққа толы таза шипалы ауаның бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көзд ашыңдар.

Сазды әуенмен орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абдешева Т.Б. Мектепалды даярлық сыныбы №28 орта мектеп. Атырау қаласы .

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы : Таным

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Қарапайым математикалық түсінік қалыптастыру

Тақырыбы: 0 саны мен цифры

Оқу іс-әрекетінің мақсаты : 0 саны мен цифрын «Қарлығаш пен шөже торғай» ертегісі арқылы меңгерту. Жыл мезгілдері туралы түсініктерін нақтылау, жүйелеу.Қосу-алу амалдарына есептер шығарту, дидактикалық ойындар арқылы уақытты, кеңістікті бағдарлату, геометриялық пішіндерді орналастырта отырып, логикалық ойлауын дамыту, ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру, балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру. 2-5 сандарының құрамын қайталату.Жұмыс дәптеріне қол жаттықтырту. Ертегі арқылы еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:дидактикалық ойын «Қозғалатын апта», «Қарлығаш пен шөже торғай» ертегісі, көлемді түсіндіруде ұлттық өлшем бірліктер терминін қолдану. д/о –Қандай пішін жетпейді?, сұрақ-жауап, есептер шығару,кубизм әдісімен санамақтар айтқызу, санау түрлерін пысықтау,мақалдар, жеке баламен жұмыстар,ауызша есептеуге жаттығу. Математикалық диктант,дәптермен жұмыс.

 

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: есептер жазылған карточкалар, «Қарлығаш пен шөже торғай» ертегісі слайды, геометриялық пішіндер.санды кубиктер, Техникалық құралдар, Үнтаспа

Билингвизм: 0 саны менцифры- Цифра и число «0»

Іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар-ң іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

Амандасу

 

 

Дидактикалық ойын «Қозғалатын апта».

Мақсаты: апта күндері туралы түсінігін кеңейту.

Тәрбиеші: Бүгін қай күн?

 

 

Кеше қай күн болды?

Ертең ше?

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз!

7 түсті дөңгелектер ұстаған балалар апта күндерін ретімен

атайды. Бейсенбі.

Бейсенбіден- жексенбіге дейін айнала қозғалады.

Сәрсенбі.

Жұма

Ұйымдастырушы ізденуші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін бізге сендердің мектепке даярлықтарың қандай екен деп қонақтар келіп отыр.

Ал біз бүгін: 0 саны мен цифрымен «Қарлығаш пен шөже торғай» ертегісі арқылы танысамыз.

Слайд арқылы ертегінің кейіпкерлері, олардың іс- әрекеттерін, жыл мезгілдерінің ауысуын, музыкамен сүйемелдету,балалардан сұрау, жауап алу, ай аттарын, құстар ұшқан кеңістікті, жол көлемін, балапан ұяда бір уыс болып туылғанын, анасы оған шөкімдеп тамақ тасығандығын, тақтамен жұмыста балапандар санын өрнектеп жаздыру, баяндау.

Жол көлемі : ұзын, құлаш-құлаш деп түсіндіру, ұшқан жолының бағытын көрсете отырып, кеңістікті бағдарлату.

 

 

Қысқы салқындыққа шыдамаған шөже балапаны үсіп кеткендігін, қарға келіп «ол жалқау болды,бізде еңбек етпегенге тіршілік жоқ»,- дегенін айтып аяқтау.

 

Қарғаның айтуы дұрыс па? Жалқаулық жақсы ма екен?

 

 

 

Білдіріп жоқты домалап,

«0»-де келді домалақ. Тақтаға 0 санын орналастыру.

Тақтаға түрлі түсті үшбұрыштарды қою, сипатын сұрау, біртіндеп алып тастай отырып, нешеуі қалды деп сұрау.

 

Слайд Қарлығаш балапаны кіммен ойнаймын деп жылап жүр. Дос табуға көмектесеміз бе?

Ол үшін карточкалардағы есептерді қарайық .Қайсысын апарамыз? Бұл қандай құс?

Есептердің жауаптары 0-ге тең болуы тиіс.

 

Слайд Жұлдыздар ағады

Ертегіде қанша кейіпкер болды?

 

Ал сендер санамақ айта аласыңдар ма?

Санды кубиктерді ұстап санату, кері санату.

10-нан 100-ге дейін дөңгелектеп санату, жұп сандармен санату.

 

Сергіту

Оңға түзу тұр

Солға түзу тұр

Алға қарай 1адым

Артқа қарай 1 адым

Жоғары, төмен қарайық,

Отырайық , тұрайық

Демімізді алайық

 

д/о –Қандай пішін жетпейді?диктант

Сабина

Кім тез есептейді?

1 балапан ұяда

1 балапан қияда..

2-у болды есебі

Қалды ұяда ?/1/

 

Арай

Бір бұтақта қос торғай,

Тату тәтті, дос торғай,

Құшақтасып, құптасып,

Отыр әне жұптасып.

Оп-оңай деп ойлаймын,

Санын айтшы торғайдың?/2/

 

Ақжал

Қарлығаш 2-еу, аяғы нешеу? /4/

Құйрығы нешеу? /2/

Тәрбиешінің тапсырмасы:

 

Ағаштағы 4 алмұрт

Піскен екен тимей құрт.

Самат алып екеуін,

Қалдырған екен нешеуін?

 

Әр қолына Нұриден

Үш өріктен бердім мен.

Бала санай білмеді

Неше өрік ол жеді?

 

д/о «Қандай сандар адасты?»

1 2 3 5 6 4 7 9 8 10

 

Билингвизм: 0 саны мен цифры- Цифра и число «0»

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. 1+1=2 қарлығаш пен торғай балапандары

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

 

 

 

оң жаққа, сол жаққа, жоғарыға, төменге қарай, айналдыра ұшты.

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша 2-1=1

 

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан 1-1=0

 

 

«Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті»;

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» т.б.

 

 

 

 

Ештеңе, жоқ деген сөз.

 

 

Қарға, қарлығаш, торғай, қос балапан.5-еу.

 

 

Иә.

 

 

Балапан, тоты құс, сары шымшық, үйрек.1--1 3-3 есептері жазылған тоты құс пен үйрек сыйлық ретінде барады деп есептейді.

 

 

1-дегенім бесік....

Кері санату 10, 9,8,7,6,5,4,3,2,1

10,20,30.....100

2,4,6,8,10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетпей тұрған пішіндерді ойланып салады

 

 

 

 

1-еу

 

 

 

 

 

 

 

2-еу

 

 

4-еу

2-еу

 

 

 

 

 

2-ін

 

 

 

6 өрік

 

 

 

4, 8

 

 

қайталау

Рефлексивті түзетуші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыстар

-

«Сандарды үйшікке дұрыс орналастыр»./-4/

«Сан құрамын тап» / 5,3/

«Өз үйіңді тап» балалар топпен орындайды

Математикалық диктант:

4-тен кейінгі сан

2-ден бұрын келетін сан

2-мен 4 арасындағы сан

1мен 3-ң қосындысы

4-ті 1-ге арттырыңдар

5-пен 3-ң айырмасы

Қорытындылау, мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

1+4 3+2 2+3 /5/

 

3+1 2+2 1+3 /4/

 

 

 

5

1

3

 

4

5

2

 

Біледі: Сан қатарын, геометриял пішіндерді, жыл мезгілдерін,кеңістікті бағдарлауды, апта күндерін.

Игереді: 0 саны мен цифрын «Қарлығаш пен шөже торғай» ертегісі арқылы

Меңгереді: ауызша есептеуді, 2-5 сандарының құрамын. Ертегі арқылы еңбектің маңызын, адамгершілікті үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.