Жеңіл атлетика сабағында « аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жеңіл атлетика сабағында « аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру

Жеңіл атлетика сабағында « аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру

4-02-2016, 14:30
Автор: bilimtime
Қарау саны: 769
Пікірлер: 0
Версия для печати

Жеңіл атлетика сабағында « аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру

 

Астана қаласының №57 орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

 

Раисов Нурбек Адилбекович

Өтілетін сыныбы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика сабағында « аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру

Сабақтың мақсаты:

•Секіру кезінде адымдап басу арқылы планкамен секіруге жаттықтыру;

•Биіктікке секіргенде, итерілу мен серіппелі қозғалыстарды меңгеру жаттығуларын дамыта үйрету;

•Жылдамдық, күштілік, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан - жақты түсіндіру

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар : Ысқырық, доптар, қаптар, кеглилер, орындықтар, сақина, арқан т.б.,

Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1.

Дайындық бөлімі

15 мин

 

 

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.Сабақтың мақсатын таныстыру.

2 мин

Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару.Ара қашықтықты сақтау.

2.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

-Алға жүру;

-Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру;

-Қол белде өкшемен жүру;

2 мин

Қолды бүкпеу,денені тік ұстау.

Кеудені тік ұстау.

Басты көтеріп ұстау.

3.

Жүгіру бағытында орындалатын тапсырмалар

-Жеңіл жүгіріс;

-Тізені алға көтеріп жүгіру;

-Қолды артқа қойып,аяқты артқа сермей жүгіру;

-Аяқты жанға сермей жүгіру;

-Оң қапталмен қолды алға айналдыру;

Сол қапталмен қолды артқа

айналдыру;

-Артпен жүгіру;

-Жеңіл жүгіріс.

 

2 мин

 

Ара қашықтықты сақтау.Тізені алақанға тигізу.Аяқты алақанға жеткізу.

Барынша жоғары секіріп,қолды толық айналдыру.

4.

Тыныс алу жаттығулары

-Қолды төменнен жоғары айқастыра көтере демді алып,төмен қарай қолды серпей жібере демді шығарамыз. (3 рет қайталау)

2 мин

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Аяқтың ұшына тұрып созылу керек.

5.

Жалпы дамыту жаттығулары

7 мин

Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.

6.

Негізгі бөлім

-Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу;

- Биіктікке секіргенде, итерілу мен серіппелі қозғалыстарды меңгеру үшін жасалатын жаттығулар;

-Тіректен итеріліп алып, серіппелі аяқты алға қарай жоғарылата көтеріле келіп итерілген аяқпен жерге түсу;

-Серіппелі аяқты біршама ілгерілете ұстауда, итерілу жоғары қарай бір аяқпен басталды.

20-25 мин

 

Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының,

мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.

 

 

 

 

 

 

 

Серпілген аяғын планканың астына қарай аяқтың ұшын өзіне қарата, кейінге тартып, өткізе бастайды.

 

 

 

Секіру серіппелі аяқтың планка жанына көлбей тиюмен, табандары белгі үстіне қыбып аяқталады.

7.

Қорытынды бөлім

-Сабақты қорытындылау,

-Оқушыларды бір сапқа тұрғызу,

тыныс жолдарын қалпына келтіру,

-Үйге тапсырма беру,

-Оқушыларды бағалау,

-Бір саппен спорт алаңынан шығару.

 

5 мин

 

 

 

Тыңдауын қадағалау.

Толық сапта тұруын қадағалау.

Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау.

Бір саппен шығуын қадағалау.

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.