«Бауырсақ»ертегісі » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » «Бауырсақ»ертегісі

«Бауырсақ»ертегісі

4-02-2016, 23:26
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1659
Пікірлер: 0
Версия для печати

«Бауырсақ»ертегісіЫ.Алтынсарин атындағы орта мектеп.

Бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі:

Төлекенов Асылан Қуанышбекұлы.

Сабақтың тақырыбы:«Бауырсақ»ертегісі.

Сабақтың мақсаты. Балаларға ертегі турaлы түсінік беру. Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Сыни тұрғыдан ойлауын,топтық,жұптық жұмысқа дағдыландыру. Оқушыларды өнерге бейімдеп,әртістік қабілетін дамыту.Өзара сыйласып,достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Міндеті:Ертегі кейіпкерлерін қағаз бетіне бейнелей алуға үйрету. Қол шеберліліктерін арттыру.

Күтілетін нәтижесі:Ертегі мазмұнын білетін болады. Ертегі кейіпкерлерін суреттей алатын болады. Өз ой пікірін жеткізе білуге, өзін-өзі бағалай білуге машықтанатын болады.

Қойылымның кейіпкерлері:Ертекші , шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, слайдтар, аңдар салынған суреттер, ағаштар,плакаттар,бояулар.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Диалог арқылы ертегі мазмұнын ашу.

III. Топпен жұмыс, постер қорғау.

IV. Жұппен бірлесіп жұмыс жасау, жағымды жағымсыз кейіпкерлерді анықтау.

V. Сергіту сәті.

VI. Оқушыларды ынталандыру.

VII. Сабақты блум таксономиясы бойынша қорытындылау.

Бағалау, кері байланыс.

2.Жаңа сабақ

Оқушыларды үш топқа бөлу.

Ертегі-халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі,ауыз әдебиеті. Ертегіні мазмұнына қарай, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бір неше түрге бөлуге болады.

-жануарлар жайында (суреті, немесе кітабын көрсету)

-қиял-ғажайып ертегілер

-шыншыл ертегілер

Ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын, әдеп-ғұрыпын білеміз.

Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайп оқиға аралас келіп отырады.

- Біз бүгінгі бейнелеу өнері сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.

- Күнделікті сабақта осы уақытқа дейін көп ертегілермен таныстық. Қанеқандайертегілер естеріңде қалды? ( Балалар 2-3 сөйлемнен ертегілер айтады.)

Балалар ертегі не жайында?

«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы:

Ертекші:

Құрметті қонақтар! Сіздер 4 - сынып оқушыларының қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалайсыздар.

Музыка ойнап тұр. « Ертегілер» әні.

Автор

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал

-Кемпір ау, маған бауырсақ пісіріп берсейші.

Кемпір

- Неден пісіремін? Ұн жоқ қой

Шал

-Әй, кемпірім ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Автор

Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа былғап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытып қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан далаға домалап түседі, көгал үстімен домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.

Қоян

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

Жоқ ,сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екенмін, онан да соны тыңда.

Автор

Қоян құлағын түріп тыңдайды, ал бауырсақ ән айтады:

Бауырсақ

Әжем қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа былғаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да құтылдым,әжемнен де құтылдым.

Қоян

Қоян: -қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы екен сен одан да менің тапсырмамды орында. Ал оқушылар қояннан бауырсақты құтқарып сұрағына жауап берейік

Қоянның тапсырмасы:

-Ұннеден алынады? (Бидайдан)

Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.)

 

Автор

Бауырсақ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр

Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !

Бауырсақ

- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Автор

Бауырсақ әндете жөнеледі

Бауырсақ

Әжемқойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да құтылдым,әжемнен де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқыр,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған

Қасқыр

Қасқыр: -жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ. Сен менің тапсырмамды орында.

Қасқырдың тапсырмасы:Ал балалар қояннан бауырсақты құтқарып алдық, енді қасқырдың сұрағына жауап берейік.

1. Натюрморт дегеніміз не?

Автор

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.

Аю

-Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ

- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.

Әжем қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа шылаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да құтылдым,әжемнен де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Маймақ ,сенен де құтылу,қиын емес бұл маған !

Аю

 

Аюдың тапсырмасы:Ұннанжасалатын тағамдарды ата:Бауырсаққ. Нан. Торт. Печенье. Бәліш. Түрлі макарон өнімдері.

 

Автор

Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.

Түлкі

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!

Автор

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп,қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.

Бауырсақ

Әжем қойма қырнаған,екі уыс ұн жинаған.

Балқаймаққа былғаған,пісіріп маймен сылаған.

Суытып та сынаған, бауырсақпын зулаған!

Атамнан да құтылдым,әжемнен де құтылдым.

Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым,

Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу

Қиын емес бұл маған !

Түлкі

Түлкі: оңай құтала алмассың, менің тапсырмамды орында

Түлкі :(қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.

1.Қыста ақ,

Жазда сұр.

(қоян)

 

2.Қорбаң- қорбаңетеді,

Орманда ол жүреді (аю)

 

3.Орманда тұрады, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(түлкі).

 

Түлкі бауырсақты бас сап жейіндеп жатқанда, балалар айғайлап жібереді.

Балалар: - жоқ, қу түлкі олай болмайды біз сенің тапсырмаларыңды түгел орындадық. Сен бауырсақты жей алмайсың деп бауырсақты алып кетеді.

Түлкіештеңе істей алмай жөніне кете береді.

Ал балалар, бауырсақты жетектеп ата мен әжеге келеді.

Автор

Әжеміз Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 150 жылдық мерекесіне арнап бауырсақ пісіріп, дастарқан жасап қойыпты.

 

Әже: Кәне, балалар, қонақтарға да беріңдер бауырсақтан жеңдер,

(отырған қонақтарға бауырсақ ауыз тигізу).

Топпен жұмыс:

-Ал, балалар , нан туралы мақал - мәтелдер, тыиым сөздер білесіңдер ме ? (Мақал- мәтелдер, тыйым сөздер айтады.)

-Ал енді балалар мен сендердің зейіндеріңді байқау арқылы « Кім жылдам» ойынын ұйымдастырамын.

Ол үшінсендерге ертегідегі кейіпкерлердің суретін беремін, сендер жылдам әріұқыптыбояуларың қажет.

Әр топ ертегі кеіпкерлеріне мінездеме беріп, суретін салады. Постер қорғайды.

Сабақты пысықтау сұрақтары:

- Балалар ертегі сендерге ұнадыма ?

Ертегінің мазмұны не жайында екен ?

Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшінмынадай тапсырмалар орындайық.

Жұппен жұмыс:

Әр топтан екі оқушыдан шығып, салған суретерін баяндайды.

Жағымды жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.

- Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады ? (Өйткеніолар бауырсақты жеген жоқ.)

- Өтежақсы!

- Ал, түлкі ше ?

-Түлкі қу, айлакер. Жағымсыз кейіпкер.

 

Сергіту сәті: Ертегілер әніне жаттығу

Оқушыларды ынталандыру: Ертекші шығып рольдерді ойнаған оқушылармен таныстырады. Сыйлықтар беріледі.

 

Сабақты блум таксономиясы бойынша қорытындылау:

1. Білу -- Ертегі мазмунынан не білдік? Басты кейіпкерлерді.

2. Түсіну — Ертегі мазмұнын түсінді.

3. Қолдану — Кедергілерден қалай құтылды?

4. Талдау — Жағымды және жағымсыз кейіпкерлер.

5. Синтездеу — Бауырсақ болсаңдар не істер едіңдер?

6. Бағалау — Түлкінің іс әрекетін қорғауға болама?

Немен аяқталды?

Бағалау:

Белсенді қатысқан оқушыларды марапаттап, бағалау.

Қатысушылар: Автор-Аида, Кемпір-Инабат, Шал-Арман, Бауырсақ-Нұрбол, Қоян-Бағлан,Қасқыр-Парасат, Аю-Медет,

Түлкі-Жансая.

 

Сабақ презентациясын жүктеп алыңыздар

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.