Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

1-02-2016, 23:44
Автор: bilimtime
Қарау саны: 2534
Пікірлер: 0
Версия для печати

№ 25 орта мектептің ән-күй және музыка пәні мұғалімі

Исмаганбетова Молдир Изатуллаевна.

 

 

Тақырыбы: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. (kitaphana.kz)

Оқушыға сапалы білім берудің негізгі жолдарының бірі- жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтік шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.

Білім алуды үйретудің қозғаушы күші «метатану» болып келеді. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен қатар білім алуды үйрету де бар. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

• Білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

• Жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

• Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

• Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан білім алуды үйрену талап етеді. Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы керек. Осы мақсатта мұғалім білім беру ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үрдісіне белсенді қатысатын болады. (Нұсқаулық. Қалай оқу керектігін үйрету 32 бет)

Осыған орай жоғарыда аталған үдерістерді негізге ала отырып, сабақтарымда оқушыларға нені үйрену керек екенін, не оқитындығы жөнінде айтылып, тақырыпты ашатын тапсырмалар бердім. Мысалы, 6 сыныпта музыка пәнінде «Қазақтың ұлттық музыка аспаптары» тақырыбында өткен сабағымда оқушылар топтасып жұмыс істеді. Тапсырма: әр топқа осы тақырып бойынша аспатардың жарты суреттері таратылды. Оқушыларға сурет бойынша не ойлайтындарын айту тапсырылды. Орындауға 10 минут уақыт берілді. Олар сол суреттер бойынша өзойларын ортаға салды. Келесі берілген тапсырма:

1топқа – Аспаптардың шығу тегі.

2топқа-Шығарманың шығу себептері. Таралуы

- деген тақырыпшалар берілді. Әр топ осы тақырыптар бойынша не жайлы айтатындары туралы айтып өттім. Оқушылар түсініп, презентация жасап, қорғап шықты. Топтарға берілген ортақ сұрақтарды талқылап, ойларын ортаға салды. Олар: «қазіргі кездегі жаңа аспаптардың көне аспаптардың қандай айырмашылығы бар екенін талдап өз ойларымен бөлісті. Бұл жұмыс түрін беру арқылы мен оқушылардың жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеріп, ойларын ашық айтуға мүмкіндік бердім. Бағалау бөлігінде оқушыларға бағалау парақшалары тарытылып берілді. Оқушылар өзін-өзі бағалады. Нәтижесінде тақырып толық ашылды және мен оқушыларға осы әдісті пайдалану арқылы бір- бірінен үйрене отырып, өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырғанын, бір-біріне кеңес беріп, өз алдына мақсат қоя білгенін, алынған нәтижелерді қадағалап, идеяларымен эксперимент жасағанын және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барып, оқу белсенділіктерінің артатынын түсіндім. Басқаша айтқанда, оқушылар білім алуында дербес тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Мұндай топтық жұмыстар 2, 3- сабақтарда да өткізілді.

Осы жаңа әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде:

• Материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата білуге үйренеді(Мен мұны есте сақтай аламын ба? Маған мұны есте сақтау қажет пе? Бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе? );

• Материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті;

• Материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз-өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?)

• Қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет). (Нұсқаулық, Метатану және қалай оқу керектігін үйрету. 33бет)

Сабақта «Диалогтік оқыту» модулі маңызды рөл атқарады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырып, білім деңгейінің өсуіне зор үлес қосады.

Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің үш түрі бар:

• Әңгіме-дебат (ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әркім өз шешімдерінде қалады, көбіне бәсекелестікке бағытталған)

• Топтық әңгіме (айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді)

• Зерттеушілік әңгіме (әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды және айтқандарын дәлелдейді, топтағы қатысушылар келісімге келуге ұмтылады)

(Нұсқаулық. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту. 39 бет)

Пікір алмасудың осындай әдіс-тәсілдерімен өткізілген сабақтар оқушы мен мұғалімнің арасында еркін қарым-қатынысқа жетелейді.

Мен практика кезінде өткізген әрбір сабақта топтық жұмысты, сұхбаттасу әдісін, пікірталастыру арқылы диалогтік әдісті қамтыдым. Бұл әдіс оқушылардың әдеби тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, жетілдіруге, білім сапасын арттыру үшін тиімді. Сонымен қатар, диалогтік оқыту әдісі белсенділігі төмен оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеруге көмектесті. Төменде осы әдістердің біреуімен өткізілген сабақ туралы айтылады.

• Сыр сұхбат

Сыныпта өзі дұрыс танып білмеген сыныптасынан сұхбат алу. Оқушылар осы сабақта үлкен қызығушылықпен сыныптастарынан сұхбат алды. Нәтижесінде, бұған дейін сыныбымның оқушылары арасында ауызбіршілік болмаған. Үнемі ұлдар, қыздар деп бөлініп, ұрысып, араздасып жүретін. Енді осы сабақтан кейін оқушылар сыныптасының беймәлім қырларын танып-біліп, оған деген кішкене де болса құрмет сезімі пайда болды. Мысалы, бұрын дұрыс білмейтін оқушылар сыныптастарының болашақта кім болғысы келетінін, алдарында қандай мақсат қойғанын, кіммен дос болғысы келетінін, қандай пәнді, мұғалімді ұнататынын, өмірге деген көзқарасын білді. Соның арқасында бұрын бір-біріне қырын қарап жүрген оқушылардың арасында енді жылы қарым-қатынас пайда болды. Бұл сынып ішіндегі ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруына септігін тигізді.

• Топтық жұмыс

Сабақты бастамас бұрын сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Мен саған сенемін» тренингін өткіздім. Содан соң:қызыл және сары түс бойынша топқа бөлдім.

1-топқа: Бір халық күйін толық зерттеу.

2-топқа:Көне аспабының біреуін таңдап соны зерттейді.

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша бұл жерде оқушылар оқулықпен және АКТ мен жұмыс істеп, интернет материалдарына да жүгініп, топ болып жұмыс істеп, топ алдында өз идеяларымен бөлісіп, сыни пікірлер айтты. Сабақтың бағалау сәтінде оқушыларға өзім дайындап келген бағалау критерияларын ұсынып, өз-өздерін бағалаттым.

Нәтижесінде оқушылар сыни ойлауды үйреніп, өз ойын еркін жеткізуге, сыныптасының ойын тыңдауға, онымен санаса білуге, сұрақты жүйелі құрастыра білуге, шығармашылық ізденіске, топтық жұмыстарда белсенділік таныта білуге үйренді. Өзін-өзі бағалауда өзіне деген сенімі күшейіп, құрмет сенімі пайда болды. Осы әдістерді қолдана отырып байқағаным, бұрын сөйлемейтін, сабаққа қызығушылық танытпайтын тұйық Дина деген оқушым соңғы сабақтарымда ақырындап ашыла бастады. Сондай ақ, Мәди деген оқушым бұрын сабаққа үнемі дайындықсыз келіп, сабаққа қатыспай отыратын енді тәжірибе кезінде, Мәди топтық жұмыстар кезінде АКТ-ні тиімді пайдаланып, оқушыларға керек ақпаратты интернеттен іздеп тауып өз көмегін тигізді. Менің пікірімше, аз да болса Мақсаттың алға жылжуы деп айтар едім. Сабақ кезінде тысқары қалмай сабаққа қатысып өз көмегін тигізді. Мен мұны өзгеріс деп айтар едім.

Болашақта оқушыларды оқытуда осы әдіс-тәсілдердің басқа да түрлерін қолдана отырып, сабақтарымды түрлендіріп өткіземін деп мақсат қойдым. Қорыта келе менің түйгенім, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау керек. Қолданысымызда оқушылардың қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға тиімді үлес қосады. Соның нәтижесінде оқушылар оқшауланып оқымайды. Оқушылар арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық жұмыс, келіспеушілікті құрмет білдіру, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады. Нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер:

(kitaphana.kz)

(Нұсқаулық. Қалай оқу керектігін үйрету 32 бет)

(Нұсқаулық, Метатану және қалай оқу керектігін үйрету)

(Нұсқаулық. Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту. 39 бет

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.