Өткізгішті тізбектей және параллель қосу » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Өткізгішті тізбектей және параллель қосу

Өткізгішті тізбектей және параллель қосу

30-01-2016, 11:03
Автор: bilimtime
Қарау саны: 475
Пікірлер: 0
Версия для печати

Өткізгішті  тізбектей және параллель қосуАстана қаласы №61 орта мектеп

Математика және физика мұғалімі Макумова гулжанат Кадировна

Сабақтың тақырыбы: Өткізгішті тізбектей және параллель қосу.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Тұрақты ток заңдарын үйрету, білімдерін күнделікті тұрмыс қажеттілігінде қолдана білуге үйрету.

ә) Тәрбиелік: Ептілікке, іскерлікке және ұйымшылдыққа үйрету.

б) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамытуға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ,жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:Тәжірибелік, сұрақ-жауап.

Пайдаланатын көрнекіліктер:Компьютер,экран,ток көзі,жалғанған сымдар,реостат,шамдар,кілт,резисторлар-10 Ом, 15 Ом, 5 Ом

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезені

2.Үй тапсырмасын қайталау

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Жаңа тақырыпты бекіту

5. Үйге тапсырма беру

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтеру мақсатында «Миға шабуыл» атты сұрақ-жауап жүргізілді.

1.Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6В, ал оның кедергісі 2 Ом, ток күші неге тең?

2.Ток күші 32 мкА болса, 1 с ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электон өтеді?

3. Егер 20Кл заряд өткізгіштің 20* 10-2 қимасы арқылы 10 с ішінде өтетін болса, ток күші неге тең?

4.Егер 10с ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3Кл заряд өтетін болса, кедергідегі кернеуді табыңдар?

Өткен сабақты қайталау:

Тұрақты токты сипаттайтын үш шама – ток күші, кернеу, кедергі арасындағы байланысты жете меңгерту үшін және тізбекке қосудың екі түріне қатысты шамалар арасындағы байланысты айыра білу үшін өткен сабақтың маңызы ерекше.Оқушылардың қалай меңгергендігін бақылау мақсатында төмендегідей сұрақтармен үй тапсырмасын қайталаймыз.

1)Ток күші дегеніміз не?

2)Ток күшін қандай аспаппен өлшейді?

3)Ом заңы қалай айтылады? Өткізгіш кедергісі дегеніміз не, белгіленуі,өлшем бірлігі?

I=U/R

R= U/I

Жаңа тақырып түсіндіру. Жаңа сабақ түсіндіру үшін тірек сызбалар пайдаланылады.

 

 

 

U=I*R

P=R*S/L

 

 

 


Тұрмыста,техникада әртүрлі қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештер т.б қолданады.Қосудың екі тәсіліне байланысты шамалар арасында төмендегідей заңдылықтар орындалады. Осы заңдылықтарды оқушыларға түсіндіру үшін әр партаға қажетті құралдар беріліп, өз қолдарымен тізбек құрастыртып, шамалар арасындағы байланысты өздері есептейді.

I=I1=I2= …… = In

U=U1+U2

R=R1+R2

 

 

 

 


U=U1=U2

I=I1+I2

= +

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту.а)Топтар бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ә)Әр топқа құрылғылар беріледі, сұлба бойынша тізбек құрастырады.

б) Есептер шығару

1.Кедергісі R=60 Ом арқылы өтетін ток күші қандай болады, егер R=120 Ом кедергі арқылы I=6 А ток өтсе?

2.Кедергілері R1=1Ом, R2=2Ом, R3=3Ом, R4=4 Ом резисторларды АВ нүктеде ток көзіне қосқанда олардың жалпы кедергісі неге тең?

Оқушылар Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды.Сонымен кез келген тізбектің кедергісін, кернеуін, ток күшін есептеуге болады.

Ұйге тапсырма:41 параграф 20 жаттығу №1,2

Оқушылардың білімін бағалау.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.