Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктері. » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктері.

Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктері.

18-01-2016, 14:36
Автор: Айгүл1
Қарау саны: 1787
Пікірлер: 0
Версия для печати
Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктері.Сабақтың тақырыбы:. Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің вирусы.Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктері.
Мақсаты: Білімділік: оқушылардың вирустар мен бактериофагтардың құрылысы туралы білімдерін толықтыра отырып, вирус арқылы таралатын аурулар түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. ЖИТС вирустың құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктерімен таныстыру. Дамытушылық: жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір сүруге, ұжымдасып еңбек етуге үйрету және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырып мазмұнын топпен, жұппен, жеке талдаулар арқылы меңгеруге дағдыланады. Талдау, пікіралмасу арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Негізгі идеялар: ЖИТС-тің таралатын жолдарын білдіре отырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Тынышытық сәті Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші. - Тіршіліктің оянуын, - Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші. Шығыс жақ сарғайып енді таңда атып келеді. Атып кележатқантаң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды. Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр. Табиғат та оянған, оян сен де! Терең демалып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау Оқушы назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: 1 - тапсырма. Семантикалық кесте Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге толтыру. Құрылымы Эукариоттық Прокариоттық Хромосомалар Эндоплазмалық тор Рибосомалар Гольджи жиынтығы Лизосомалар Митохондриялар Вакуольдер 2-тапсырма. Тест. 1.Өсімдік жасушасының қабықшасы неден тұрады? А)жасұнықтан Ә)гликогеннен Б)Крахмалдан В)нуклеин қышқылдарынан 2. Плазмалық мембрана жасушаның тіршілігі үшін қандай қызмет атқарады? А) тасымалдау Ә) өткізгіштік Б) қорғаныштық В)бәрі дұрыс 3. Цитоплазмамен жанасып жататын жасушаның астыңғы қабаты? А) вакуоль Ә)ядро Б) плазмалық мембрана В)қабықша 4. Қандай органикалық зат жасушада негізгі энергия көзі болып табылады? А) нәруыз Ә)май Б)көмірсулар В)АТФ 5. Адам жасушасының ядросында қанша хромосома болады? А)48 Ә) 36 Б) 46 В)32 6. Хромосоманың алғашқы кермесі қалай аталады? А) хроматида Ә) центромера Б) гистон В)метацентрлі хромосома 7. . Жасушаның «асқорыту мүшесі» деп аталатын органоид? А)Гольджи жиынтығы Ә) Лизосома Б)рибосома В)ЭПТ 8. жасушаның қандай органоидтерінде нәруыз синтезі жүреді? А) митохондрияда Ә)рибосомада Б) ЭПТ-да В)ядрода 9. Өсімдіктер мен жануар жасушасының цитоплазмасындағы сұйықтыққа толы қуыс? А) цитоплазма Ә) жасуша орталығы Б)вакуоль В)митохондрия 10. Вирустарды қандай ғалым ашты? А) Д.И.Ивановский Ә)Л.Пастер Б)И.И.Мечников В)С.Н.Виноградский ІІІ. Жаңа сабақ. І.Қызығушылықты ояту. «Ассоциация» әдісі. Вирустар Вирустар — бұл "жаман жаңалықтар буып-түйілген нәруызда" Медавар. 3-тапсырма. «Екі жақты түсіндірме күнделігі» әдісі. (Тақырыпта берілген термин сөздердің анықтамасын немесе мағынасын жазу) 1) Вирус – 2) Бактериофаг – 3) Бірқалыпты фагтар – 4) Лизогенді бактериялар - 4- тапсырма. Сандар сыры. (Тақырыпты пайдалана отырып, берілген сандардың не екенін жазу) 1. 1898 жыл - 2. 1915 жыл - 3. 1917 жыл – 4. 1935 жыл – 5. 20-22 нм – 6. 30-90 минут – 7. 40 нм – 8. 100º - 5-тапсырма. «Топтастыру» стратегиясы. Жигсо әдісі бойынша тапсырма: Оқушылар жаңа тақырыпты оқып шығып, жұбымен пікір алмасып, топта талқылайды. (Топтық жұмыс кезінде оқушылар «ЖИТС вирустың құрылысы мен тіршілігінің ерекшіліктері» тақырыбында постер жасап қорғайды) Ұсынылатын критерийлер:1) тақырыптың нақтылығы 2) тақырыпты жеткізу шеберлігі Рефлексиялық бағалау. Екі жұлдыз, бір ұсыныс парағын өз пікірлерін жазуға беремін. Дөңгелек белгілер таратып беремін, оқушылар таңдағанын парағына жабыстырады. Қызыл алма– маған сабақ ұнаған жоқ, уақытым босқа өтті. Жасыл алма – сабақ ұнады, әлі де ізденуім керек. Сары алма – сабақ маған қатты ұнады, жақсы қатыстым деп ойлаймын. ІҮ.Бекіту. 1. Венн диаграмма эукариоттар мен вирустар Қорытындылау. Ү. Бағалау Критерий бойынша қорытынды бағалау жасау. Кері байланыс: рефлексия. Кері байланыс жүргізу. «Қол техникасы» әдісі қағазға саусақ іздерін салып,не үйренді,не білді,не ұнады,не ұнамады сұрақтарына жауап жазады. ҮІ. Үйге тапсырма: 1) §21§ЖИТС вирусы тақырыбын оқу 2) Бес жол өлең жазу. 1. Зат есім ______ 2. Сын есім _____ _____ 3. Етістік ____ _____ _____ 4. 2 тақырыпты байланыстыратын ортақ сөйлем ___ ___ ___ ___ 5. Зат есім ______
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.