Жер асты сулары » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жер асты сулары

Жер асты сулары

4-01-2016, 21:11
Қарау саны: 1590
Пікірлер: 0
Версия для печати
Жер асты суларыТақырыбы: Жер асты сулары
Мақсаты: Жер асты суларына сипаттама беру. Жер асты суының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Жер асты суларын қорғау, суды ластанудан сақтау, оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Ынта: Кім тапқыр? Ыстық шөл айналаны сағым басқан, Шөл қысып, жан – жануар жанталасқан. Маңында өзен де жоқ, көлдер де жоқ, Кім шешеді, осы жайды әуел бастан ?
(Шешімі: Жер асты суын пайдалану арқылы) Міндет қисыны: 1. Ұсынылған мәтін үзіндісін оқып, екі түрлі себебін анықтаңыз 2. Төмендегі мәтінде көрсетілген жер асты суының типін және таралған аудандарын анықтаңыз 3. Еспе су мен артезиан суын салыстырыңыз Ақпарат көздері: 1. Кәзіргі кезде елімізде жер асты суының қажеттілігі жоғарылап, оған деген сұраныс артып отыр. 2. А) Палеозой және мезозой жыныстарының қат – қабаттарында қалыптасады. 860 мың км2 ауданға таралған. Ә) Бұл сулар кристалды тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездеседі. Олар 30-50 м, кейде сирек 100-300 м тереңдікте орналасады. Б) Негізінен шөгінді жыныстар арасында кеңінен таралған. Мұнда ірі артезиан бассейндері орын алады. В) Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап шығып жатқан су бұлақтары кездеседі.Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздардың түрі жағынан әртүрлі болып келеді. Олардың жалпы саны 300-ден асады. Тапсырманы орындауға арналған бланк: 1. а)_________________________________________________________________________ ә)_________________________________________________________________________ 2. А) _________________________типі ______________________________таралған ауданы Ә) _________________________типі ___________________________ __ таралған ауданы Б) _________________________типі ______________________________ таралған ауданы В)________________________ су ______________________________________________ __________________________________________________________________________ 3. Жер асты суы- ның түрі Айырмашылығы Ұқсастығы Еспе су Артезиан суы Тексеру құралы: 1. а) Еліміз аумағы жер беті суымен аз қамтамасыз етілген. б) Жер бетіндегі сулар ластанған. 2. А) Жарықшақтық қат – қабатты тип. Маңғыстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларында Ә) Жарықшақтық тип. Тянь Шань, Жетісу Алатауы, Алтай тауларында таралған. Б) Қат- қабатты жер асты суы. Батыс, Оңтүстік және Солтүстік – Шығыс аудандарында таралған. В) Минералды сулар. Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан, Алтайдағы Рахман қайнары, Қызылордадағы Жаңақорған санаторийі. 3. Жер асты суы- ның түрі Айырмашылығы Ұқсастығы Еспе су - бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде таралған; - жер бетіне таяу орналасқан - су деңгейі жауын –шашынға тура тәуелді; - қысымы аз - жер қыртысы қабаттарында таралған; - шаруашылық пен тұрмыста кеңінен қолданылады; - Артезиан суы - су өткізбейтін қабаттар арасында кездеседі; - қысымы жоғары; - су деңгейі негізінен тұрақты болады; - жер қыртысының терең қабаттарында таралған. Бағалау критериясы: «5» - Еліміз үшін жер асты суының маңыздылығының негізгі екі себебін дұрыс ашып көрсеткен. Жер асты суының типтерін және таралған аймақтарды дұрыс анықтап, мысалдар келтірілген. Артезиан суы мен еспе суының ұқсастығы мен айырмашылығын толық айқындаған.. «4» - Еліміз үшін жер асты суының маңыздылығының негізгі себебтерін толық немесе жартылай айқындаған. Жер асты суының типтерінің 2-3 түрін анықтаған және таралған аймақтарды анықтауда 3-4 қате жіберген. Артезиан суы мен еспе суын дұрыс салыстырған. «3» - Еліміз үшін жер асты суының маңыздылығының негізгі екі себебін дұрыс ашып көрсете алмаған.. Жер асты суының типтерін және таралған аймақтарды анықтауда 6-7 қате жіберген. Артезиан суы мен еспе суының ұқсастығы мен айырмашылығын 50 % дұрыс салыстырған. Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря ауылы
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.