Өткен жыл несімен есте қалды? » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Өткен жыл несімен есте қалды?

Өткен жыл несімен есте қалды?

19-12-2015, 00:26
Автор: bilimtime
Қарау саны: 926
Пікірлер: 0
Версия для печати

Өткен жыл несімен есте қалды?

 

Өткен жыл несімен есте қалды?... деген
сұраққа мен,Жумагалиева Кунимжан Кайырболатовна үшін керемет жыл болды десем артық айтпаған болар едім... Олай дейтінім, мен технология пәнінің мұғалімі ретінде өз пәнімді жақсы көретіндігім сондай оқушылармен бірлесіп жұмыс жасап ,нәтижесін көре білгенге не жетсін шіркін... Өз пәнім үшін қалалық «Ең үздік технология пәнінің мұғалімі» бас жүлдені жеңіп алдым, облысқа қатысып тағы да бас жүлдені жеңіп алдым...Мен үшін үлкен қуаныш! Өйткені осынша жыл жұмыс жасап келгенде алғашқы есте мәңгі қалатындай болды. Тек, Республика бойынша «Ең үздік технология пәнінің мұғалімі» сайысы болмағаны қынжылтты... Сонда да тоқтап қалмай қазан айында облыстық «Ұлтымыздың салт –дәстүрлері» атты көрмеден - Алғыс хатпен марапатталындым. Қазіргі заман талабына орай ғаламторға жас та,үлкендер де отыратындығын білеміз,уақытты босқа өткізбес үшін әр адам өз керегін табудың басты құралы болып саналады. Сол себепті мен де әр тетікті басу арқылы бірнеше білімге қатысты сайттарды тауып өз бетімше жұмыс жасадым, алғаш республикалық «Қазақстандық патроитизім – «Мәңгілік ел түпқазығы» атты семинар қашықтықтан өткізілген болатын,осыған «Тәрбиеге байланысты көзқарасым» баяндамасын жолдаған едім - І дәрежелі дипломмен марапатталындым.Бұл Қаңтар айында қашықтықтан қатысып жеңісті алғанымда менің қуанғанымды көрсеңіз ғой...Осыдан кейін көзім ашылып,оқушыларды да қашықтықтан байқауларға қатыстыра бастадым. Республика көлемінде «Менің отбасым –менің байлығым» тақырыбында бес оқушым қатысып Асылбек Асылзада 3 сынып оқушысы ІІІ дәрежелі дипломмен қалған оқушылар алғыс хатпен марапатталынды. Халықаралық деңгейде технология пәнінен қашықтықтан олимпиада І кезең және ІІ кезеңінде,5 – 11 сыныптар арасында жиырма шақты оқушылар қатысып,сертификаттар алса Шораева Айназ ІІІ орын алды.Қатыстырғаны үшін пән мұғалімі сертификат пен алғыс хат берілді. Сонымен қатар инфоурок маған жеке сайт ашуыма мүмкіндік берді. Мен үшін 2015 жыл сәтті жыл!Сайт әкімшіліктеріне жеткізер тілегім шексіз... Ендігі 2016 жыл маған қашықтықтан қатысып емес, өз аяғыммен барып, көріп, қатыссам...

.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.