Эссе "Менің Президентіме менің тілегім" » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Эссе "Менің Президентіме менің тілегім"

Эссе "Менің Президентіме менің тілегім"

9-12-2015, 20:13
Автор: Абжан
Қарау саны: 1593
Пікірлер: 7
Версия для печати
Эссе "Менің Президентіме менің тілегім" Қостанай облысы,Арқалық қаласы
Абжан Салтанат Тоқайқызы
Менің Президентіме менің тілегім
 
Президент. Бұл ұғым-менің жүрегіме сондай жылы да жайлы ұғым. Себебі, менің біліуімше, президент яғни елбасы-сол елдің тірегі, арқа сүйер үміті. Ел болмаса елбасы болмайтыны сияқты, елбасы болмаса ел де болмайды. Қазақта: «Алты аққуға бір басшы,»-деген қанатты сөз бар. Президент-өз елінің бет пердесі, сол елдің айнасы. Елдің ел болып, дамуы, әлемге таналуы, қарыштап өркендеуі тікелей президентіне байланысты. Егер президент өз халқын әділ де, дұрыс жолмен бастай алса, сол елдің айбыны асқақ, туы жоғары, әлем алдында абыройлы болады.
Менің Отаным-тәуелсіз Қазақстан. Еркіндік алып, егемендіктің сара жолына түскенімізге 24- жыл болды. Осы қысқа мерзім ішінде елімді дұрыс бастап, оны өркендеткен, алдына қойған мақсаты айқын, қажыры мен қайраты, ақылы мен даналығы ұштасқан, менің тұңғыш президентім Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Өзінен бұрынғы өткен қазақтың данышпан хандарының дұрыс жолдарын жалғастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген Нұрсұлтан Назарбаевты әркез мақтан тұтамын. Өткен тарихқа қарап отырсақ, менің қазақ деген қаймана халқымның тағдыры талай мәрте таразыға түскені белгілі. Осындай ауыр жолда елдің елдігі мен тұтастығын сақтап қалу үшін жан аямаған кешегі Әз Тәуке, әз Жәнібек, Қасым хан, Есім хан, Абылай хандардың жолын жалғастырушы бүгінгі елбасы Нұрсұлтан ағаның әрбір қазақстан халқының, әсіресе бүгінгі жас жеткіншек біздің мақтанышымыз екеніне күмән жоқ. Мен елімді сүйемін, елбасымды сүйемін. себебі, менің елбасым бүгінде Отанымызды көркейтіп, әлем алдында айбынын асқақтатты. Отанымыз тыныш, бейбіт өмір сүрудеміз. Жас ұрпақ біздер өз ертеңімізге зор үмітпен, сеніммен қараймыз. Өйткені елбасының арқасында еңбек етуге, оқуға зор мүмкіндік бар. Елбасының тәуелсіздік жылдары еткен еңбегі мен жасаған ерлігін мен әрқашан мақтан тұтамын және өзім де сол адамдай болғым келеді. Президенттің жасаған талай ерлік, нартәуекел істерінің ішінде менің ерекше қызығып, мақтаныш ететіндерім: 1) егемендік алған алғашқы жылдан бастап-ақ әлемге тарыдай шашылған қандас бауырларын құшақ жая шақырып тарихи Отанына оралуы. 2) елімнің елдігін білдіретін төл теңгемізді шығаруы. 3) Отанымыздың жүрегі саналатын астанамызды сонау оңтүстіктен орталыққа көшіруі. Бұл үлкен, теңдесі жоқ ерлік. Президенттің төл баласы болған айбынды Астанам бүгін бар әлем мойындаған айбынды қала болып дамуда. Бұның бәрі кім үшін әрине, халқымыз үшін, бүгінгі жас жеткіншек біздер үшін. Сол үшін президентімізді мен және мен сияқты Отанымның миллиондаған ұстаздары аса жақсы көреміз, қадірлеп сыйлаймыз. Тәуелсіздік тұғырын өз қолымен тұрғызып, көк туымды көк аспанда желбіретіп, ата-баба арманын асқақтатқан сүйікті президентіме өзімнің ұстаздық ақ тілігімді, жүрегімді жарып шыққан тілегімді арнағым келеді.
Тілі бөлек, тілегі бір, жаны бөлек, жүрегі бір сан қилы қан кешуден сабырмен өткен халқымыз қай қиындықта да тату бірлігін, тамаша тірлігін жалғастыра бермек. Ақ пейіл де, ақжарқын халқыма әрқашан Алла жар бола бергей! Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, елі аман, жұрты тыныш болсын, ел басқарған Елбасымыз аман болып,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (7)
Пользователь offline Офлайн Emiliotic 10 ақпан 2017 05:46
Любители автомобилией - вам сюда, ссылка внизу
-----

ремонт авто
[reply]Ответить[/reply]          7

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.