Жасуша құрамындағы органикалық заттар » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жасуша құрамындағы органикалық заттар

Жасуша құрамындағы органикалық заттар

9-12-2015, 19:58
Автор: Fzyf
Қарау саны: 1825
Пікірлер: 0
Версия для печати
Жасуша құрамындағы органикалық заттарТақырыбы: Жасуша құрамындағы органикалық заттар
Сабақтың мақсаты: Жасуша құрамындағы органикалық заттармен танысу.
Сабақтың міндеттері: 
Білімділік – оқушыларға жасуша құрамындағы органикалық заттар түрлерімен және олардың құрамы және қызметімен таныстыру;
Тәрбиелік – табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу; 
Дамытушылық – пәнге деген қызығушылығымен ұштастыру.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларыменсәлемдесіп,түгелдеп, бар ынта жігерін сабаққа аудару. 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Жасуша құрамында қандай химиялық элементтер кіреді, олар мөлшеріне қарай қанша топқа бөлінеді?
2. Жасуша тіршілігіндегі судың маңызы неде?
3. Жасуша құрамына кіретін минералды тұздарды атаңдар, олардың жасуша тіршілігіндегі маңызы неде?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Көмірсулар – көміртегі, сутегі және оттегінен құралатын органикалық қосылыстар. Оларды қарапайым моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер деп бөледі:
Моносахарид – рибоза, дезоксирибоза, глюкоза, фруктоза, галактоза.
Дисахарид – сахароза.
Полисахарид –өсімдктерде – крахмал, клечатка «целлюлоза, жануарларда – гликоген.
Қызметі:
1. Барлық жасушаларда энергия көзі.1 г 17,1кДж энергия бөлінеді.
2. Құрылымдық қызмет. Өсімдік жасуша мембраналарының құрамына кіреді.
3. Қор жинау қасиеті.
Липидтер – жоғарғы май қышқылдары мен глицириннің күрделі эфирлері. Липид түрлері:
1. Жай липидтер (бейтарап май, воск)
2. Күрделі липидтер
3. Стероидтар
Қызметі:
1.Құрылымды: белокпен бірге мембрана құрамына кірді, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді.
2.Регулятор:Кейбір гормондарды реттеп отырады.
3.Қорғаныштық:жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды.
4.Жануарлар организмі үшін су көзі.
5.Энергия қоры: 1 г май ыдырау нәтижесінде 39 кДж энергия бөлінеді.
Нәруыздар – мономерлері аминқышқылдар болып табылатын биополимерлар. Амин қышқылдарының 20 түрі бар және олардың әрқайсысының аты және құрылысы мен қасиеті бар.
Нәруыз құрылымдық деңгейлері:
1.Бірінші реттек құрылым – ұзын пептидтік тізбек, пептидті байланыс бар.
2.екінші реттік құрылым – спиральданған түрі, сутекті байланыс бар.
3.үшінші реттік құрылым – глобула яғни шар тәрізді түрі, дисулфидтік байланыс. 
4.төртінші реттік құрылым – суббөлшектер түзеді. 
Нәруыз қызметтері:
1.Катализдік
2.Тасымалдау
3.Қорғаныштық
4.Реттеу 
5.Жиырылу
6.Құрылымдық
7.Энергетикалық
ІV. Бекіту.
1. Тірі табиғатта көміртегінің атқаратын қызметі қандай?
2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушасында көмірсулардың атқаратын қызметі қандай?
3.Қандай жасушаларда көсімсулар көп болады?
4.Көмірсулардың биологиялық рөлі қандай?
5.Липидтердің ағзада қандай түрлері кездеседі?
6.Нәруыз дегеніміз не, және оның қүрылымы қандай?
7.Нәруыздың қызметі қандай?
8.Органикалық қосылыстар дегеніміз не?
Үй тапсырмасы.терминдерге биологиялық негіздеме беру, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.