Бірлігіміз жарасқан » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Бірлігіміз жарасқан

Бірлігіміз жарасқан

27-11-2015, 23:23
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1639
Пікірлер: 0
Версия для печати

 

Гульнар Ертилеуова
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті:
Өзін өзі тану
Тақырыбы: Бірлігіміз жарасқан.
Мақсаты: «Бірлік» ұғымы, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Көрнекіліктер: Слайд.Интерактивті тақта.

 

Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

Сәлемдесу.

-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.

Шаттық шеңбері.

Жабырқауды білмейміз. Жалқаулықты сүймейміз Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан!

Іздену ұйымдастырушы

Бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан». Бірлік туралы ұғымды талқылау. Сұрақтар: -Балалар, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

Әңгімелесу. М.Байділданов «Құмырсқа» әңгімесін оқып беру. Сұрақтар:

-Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді? -Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?

Дәйексөз. Халық мақалы: «Бірлік болмай, тірлік болмас». Түсіндіру. -Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз. Бірлік, ынтымақ болса, береке болады .

Ойын. «Бесінші артық». Бұл ойын бірлікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелейді. Тыныштық сәті. Релаксация

Дәптермен жұмыс: -Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер. -Суретті бояңдар.

Сабаққа қызығушылық білдіреді.

 

 

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.

 

Әңгімені зейін қойып тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Мақалды тыңдап, бірлік не екенін түсінеді.

 

 

 

 

 

Музыка сүйемелденген ойынға белсенді қатысады.

 

Сурет бойынша әңгімелейді. Бояйды

Қорытынды-лау

 

Ғажайып сөздер: «Бірлік бар жерде қуаныш бар».

 

-Балалар, біз бүгінгі сабақта бірлік туралы білдік. Бірлік деген сөз – бәрі бірдей жұмыла, бірлесіп бір істі бітіру. Бірлік, ынтымақ бар жерде береке, татулық, сыйластық болатынын білдік.

Сабақта айтып, үйренген сөздерді қайталап айтады.

 

Сұрақ – жауап.

Жүректен жүрекке

-Балалар, күн бізге не береді?

-Олай болса, қолымызды созып, сол жылуды қабылдап, бір бірімізге жіберейік!

 

-Жылу, жарық береді.

 

Қимылмен көрсетеді.

Күтілетін нәтиже: Балалар біледі: «Бірлік» ұғымын түсінді, оның құндылық ретіндегі мәнін түсініп білді.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.