Коуч деген кім? » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Коуч деген кім?

25-11-2015, 20:42
Автор: bilimtime
Қарау саны: 1671
Пікірлер: 0
Версия для печати
Коуч деген кім?Коуч деген кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін естеріңізге бір аңызды түсірейін...
Баяғы жаугершілік заманда қазақ қолының атынан бір батыр (фольклор емес пе: әр жақта әртүрлі есімдерді атайды; мысалы, Сарыағаш жақта ол батырды Сіргелі Елшібек батыр дейді) жоңғардың батырымен жекпе-жек айқасқа шығатын болыпты. Жекпе-жек таңертеңге жоспарланған екен.
Абылай хан таңғы намазын алып бітіп, хан ордасына кіргенде, алдына түсі қашып сұрланған Елшібек батыр кіріп келіп, былай дейді: «Хан ием, мен түнде бір түс көрдім, түсімде жаман іс көрдім. Соның жайын айтуға рұқсат беріңіз!». Сөз сөйлеуге рұқсатты алып, түсін айтып береді: «Түсімде жекпе-жекке шыққан екенмін деймін. Қалмақтың батыры айласын асырып, мені найзамен түйреп жерге түсірген екен деймін. Аттан секіріп, менің кеудеме қонып, қынынан қанжарын жалаңдатып шығарып алып, мені бауыздайын деп жатқанында шошып оянып кеттім!» Жаман түс көріп, жігері құм болған батыр: «Тақсыр, мен бүгін жекпе-жекке шықпасам қайтеді? Жеңілетін түрім бар ғой!» деп тайсақтайды.
Сонда Абылай хан: «Батыр, түсіңді жорып берейін, рұқсат па?» деп сұрайды. «Рұқсат!» дейді дегбірі қашқан батыр. Абылай хан былай деп жалғастырады: «Батыр, «Түс – түлкінің боғы» деген. Түсте көргеніңнің бәрі де өңіңде керісінше болады. Сенің түсің де дәп солай болады! Егер түсіңде жоңғардың батыры сені найзамен түйреп, аттан жерге түсірсе, онда өңіңде керісінше болады: сен қалмақты жерге түйреп түсіресің! Егер түсіңде ол сенің кеудеңе мінсе, өңіңде, керісінше, сен оны астыңа алып, кеудесіне қонасың! Түсіңде қалмақ сені бауыздайын деп жатса, өңіңде сен оны бауыздайсың!» деп түсін жорып, батырды жігерлендіріп, рухын асқақтатып, өзіне деген сенімін көтеріп жібереді.
Әруағы тасыған Елшібек батыр жекпе-жекте жоңғардың батырын найзамен түйреп, жерге тастап, аттан секіре оның кеудесіне мініп, қанжарын жалаңдатып, жауының тамағынан орайын деп тұрғанда, қалмақ: «Дат!» дейді. Қазақ батыры: «Датың болса, - айт!» деп жауына тіл қату мүмкіндігін береді. Сонда астында жатып, жоңғар батыры: «Сен көрген түсті мен де көргенмін! Бірақ сенің жорушың мықты болып шықты!» деген екен.
Бұл аңызды біз «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген мағынада келтіреміз, өмірде позитивті көзқарас ұстану қажеттілігі болу керек екендігіне дәлел ретінде айтамыз, бәрін де жақсылыққа жору керектігі туралы сөз қозғағанда әңгімелейміз.
Сонымен бірге мен бұл аңызды коучтің қызметін сипаттау, түсіндіру үшін де қолдануға болады деп есептеймін. «Коуч деген кім?» деген сұраққа жауап беру үшін мен осы аңызды сәл-пәл өзгертіп келтірейін. Мені бабаларымыздың әруағы мен оқырмандар кешірер деп ойлаймын, өйткені мен тарихқа қарсы қиянат жасап тұрғаным жоқ.
Мен Абылай хан мен Елшібек батырдың түсті айтып болғаннан кейінгі диалогын былайша келтірейін:
- Батыр, «Түс – түлкінің боғы» деген. Солай ма, келісесің бе?
- Дәп солай, хан ием!..
- Түсте көргеніңнің бәрі де өңіңде керісінше бола ма, батыр?
- Иә, онымен де келісемін, тақсыр!.. 
- Олай болса, сенің түсің де дәп солай болады емес пе, батыр?
- Солай шығар!..
- Онда қалай болғаны: егер түсіңде жоңғардың батыры сені найзамен түйреп, аттан жерге түсірсе, онда өңіңде не болады?
- Хан ием! Мен оны аттан құлатамын!
- Егер түсіңде қалмақтың батыры сенің кеудеңе мінсе, онда өңіңде не болады?..
- Алдияр! Мен оны астыма басып аламын!
- Батыр, егер түсіңде қалмақ сені бауыздайын деп жатса, онда өңіңде не болады?
- Тақсыр! Мен қанжармен қалмақтың қанын шашамын! Мен оны жеңемін!!!
Осы жердегі Абылай хан – коуч. Ол Елшібек батырға жекпе-жекте не істеу керектігін, жауын қалай жеңу керектігін үйреткен жоқ. Ол сұрақ қою арқылы батырды өзінің сенімсіздігінен арылып, өз қорқынышын жеңуге бағыттады, жауап бергізу арқылы батырды жігерлендірді, рухтандырды. Оның бұл бағыттағы басты қаруы тек сұрақ қою болды.
Коуч – үйретуші емес, ол - сұрақ қоюшы, адамның өзіне өз проблемасын шешуге көмектесуші.
 
 

Материал:

 

 

  

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Асхат Алимовтың фейсбуктегі парақшасынан алынды


Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.