Іс-әрекетті зерттеу сабағындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Іс-әрекетті зерттеу сабағындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Іс-әрекетті зерттеу сабағындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

27-10-2015, 12:13
Автор: bilimtime
Қарау саны: 2673
Пікірлер: 0
Версия для печати

Іс-әрекетті зерттеу сабағындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Тәуекелова Гулбану Қонысбайқызы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

№57 жалпы білім беретін мектебі

Алматы қаласы, Қазақстан

«Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді – жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді. (МАН, 2012, page 45)

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли, 2012 .Lesson Study: нұсқаулық).

Іс-әрекетті зерттеу таңдап алынған 7 «Б» сыныбында жүргізілді. Осы бағытта сынып жетекшісінің кеңесімен зерттелетін жоғары, орта, төменгі деңгейлі оқушылар анықталды. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы тәжірибеде қолдануда бағыт беруде екнші тәлім алушым Бағила Тәлімқызы іс-әрекетті зерттеу сабағын жүргізетін мұғалімдермен ауқымды жұмыс жүргізді. Іс-әрекетті зерттейтін пән мұғалімдері өздерінің пәні бойынша сабақ жоспарларын бірлесе отырып жоспарлады. «Lesson study» тәсілі бойынша информатика, өзін-өзі тану, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері, зерттелетін сыныптың жетекшісі, тәлім алушы Бағила Тәлімқызы бірлесе отырып, өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарын бірлесіп әзірледі. Іс-әрекет «Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда жаңа тәсілдерді ұтымды қолдану» тақырыбында жүргізілді. Іс-әрекетті зерттеу сабағында бақылауға алынған үш оқушы. А (үлгерімі жоғарғы )-Абсат Аружан, В (үлгерімі орта ) -Мамедов Турал, С (үлгерімі төменгі )-Шлемен Ильдар зерттелді.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Усенова Жанар сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру үшін «Шаттық щеңберін» жасап, оқушыларға әуен тыңдату арқылы «Позитивный настрой» әдісін тиімді қолданды. Топқа бөлуде геометриялық пішіндеріндерді пайдаланды. Өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда «О достоинстве человека» тақырыбында кластер толтыруда оқушылар жүппен, топпен талқылан, өз ойларын білдірді. Бұл іс-әрекетен кейін мұғалім жаңа тақырыпты жоспарлауда бейнесюжет көрсетті. Нәтиже; оқушылар бейнесюжетті көру арқылы топ болып пікірлерін білдірді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа тақырыпты өздері нақтылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытула Э.Асадованың «Аптека счастья» деген өлең жолдары берілген мәтінді әр топқа таратып берді. Нәтиже: оқушылар жыр жолдарының мағынасын жұпта, топта талқылады. Ортақ қорытынды ойларын постерде көрсетуде С деңгейіндегі оқушы Ильдар қызығушылықпен тапсырманы орындауда өзін көрсете білді, Топ басшылары ортаға жариялым жасады. Диалогтық оқытуда мұғалім сабақтың келесі кезеңінде «Басқа мектептегі құрдастарынан келген хаттар» тапсырмасында «Что такое счастье?», «В чем оно выражается?», «Для чего человеку необходимо быть счастливым?», «Когда человек счастлив?» деген сауалдар қою арқылы оқушының ойлаудағы белсенділігін тексерді. Оқушылар келген хаттардағы сұрақтарды бір-біріне қою арқылы, диалог өрбітті. Жас рекешеліктеріне және дарынды оқушыларды анықтауда әр топқа тақырып көлемінде нақыл сөздерді таратып берді. Нәтиже: оқушылар берілген нақыл сөздерді топта талқылады, оқу үдерісінде белсенділігі әрі шығармашылық қабілеттері жағынан дарынды оқушылар анықталды. Оқушылар кері байланыс жасауда мұғалім «Даналық ағашы» тәсілін қолданды. Анықталған оқушыларды бақылау барысында А деңгейдегі оқушы Аружан топтық жұмыс барысындағы барлық тапсырмаларды орындауда топтағы құрдастарына бағыт беріп, көмектесіп отырды. Алдыңғы сабақтарда Аружанның дарындылығы анықталған болса, кейінгі сабақтарда Аружанда көшбасшылық дағды қалыптасты. Ол өзінің көшбасшылығын сабақ барысындағы күрделі тапсырмаларды орындауда өз тобына көмек беру арқылы көрсетіп отырлы. В деңгейлі оқушы Мамедов Турал барлық сабақтарда белсенділгі мен шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Топ мүшелеріне көмектесті. Қабілеттілігін көрсете білген Турал орта деңгейден жоғары деңгейге көтерілді. Себебі, Туралдың дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті осы топтық жұмыстарда шыңдала түсті. Жалпы алғанда, әрбір сабақтан соң шығармашылық топ мүшелері бірлесе отырып, кәсіби әңгіме жүргізді, талдау жасады, басымдықтар мен кедергілерді анықтап, ортақ шешім таба білуді үйренді.. Іс-әрекетті зерттеу соңында зерттеуге алынған 7 «Б» сыныбымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сұқбат барысында 7 «Б» оқушыларының мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында өткізілген тізбектелген сабақтар мен іс-әрекетті зарттеу сабақтарының өткізілуі туралы оқушылармен кері байланыстағы қорытынды пікірлері:

1. Топтық жұмыстардың ұйымдастырылуы бізге ұнады.

2. Сабақта біз бір-бірімізге көмектесу арқылы білмегенімізді үйреттік, үйрендік.

3. Сыныпта біздің көңіл-күйімізді ескеретін психологиялық жағдай орнады.

4. Мұғалімдер сабақты қызықты өткізетін болды. Әсіресе, бізге сергіту сәтінде билеген ұнайды.

5. Сабақ күнделікті сабақтай емсс, әртүрлі жаңа тәсілдер қолданылатын болды.

6. Әртүрлі тапсырма түрлерін орындадық және өз білімімізді бағалайтын болдық.

7. Сабақ соңында ойымызды ашық айтуда қолданылған «Даналық ағашы», «Қарлы кесек», «Майшам» тәсілдері өте ұнады.

8. Шығармашылық жұмыстарды топ болып орындауда, постер әзірлеген ұтымды болды.

Мектепті дамыту жоспарының соңғы кезеңінде қарастрылған тәжірибеге өзгеріс енгізу кезінде жұргізілген мақсатты іс-шаралардың нәтижесін көру үшін мектеп өмірінде болған өзгерістер туралы пікірлерін білуде оқушылар мен ата-аналардан қорытынды сауалнама жүргізіліп, талдау жасалды. Сауалнамалар нәтижесі мектеп тәжірибесінде қысқа уақыт мерзімінде енгізілген өзгерістердің оқушылар жетістігіне әсер еткенін көрсетті. Көшбасшы ретінде қысқа мерзімді уақыт ішінде мектеп өміріне шүғылалы күн сәулесіндей енген өзгерістердің өзі мұғалім тәжірибесі мен кәсіби дамуына, оқушылардың жетістіктері мен нәтижелеріне теңізге тамған тамшыдай оң әсер етіп жатса, жаңалықтың жаршысы болған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мектебімнің дамуына кәсіби қоғамдастық мүшелері мен желілік қоғамдастыққа тартылған мектептер арқылы ықпал етеді деген сенімдемін.

Енгізілген өзгерістердің аралық нәтижелерін ескере отырып, жоспарға өзгерістер енгізу керек пе?

Мектепке енгізіліп жатқан өзгерістердің аралық нәтижелерін ескере отырып, мен мектепті дамыту жоспарына өзгерістер енгізу қажет деп есептеймін. Ең алдыменен кәсіби қоғамдастық топтың құрамын кеңейтіп, тізбектелген сабақтар топтамасы мен іс-әрекетті зерттеу жұмыстары жалпы мектепішілік деңгейде жұргізілсе, коучинг сессияларға жалпы педагогикалық ұжым қатыстырылса, оқыту мен оқудағы білім сапасы айтарлықтай жақсы нәтиже берері сөзсіз. . Бұл мәселелерді мектепті дамыту жоспарында нақтылап, мақсатты нәтижеге қол жеткізуде кәсіби қоғамдастық пен желілік қоғамдастық қызметін әрі қарай жетілдіру керектігін аңғардым.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.