Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу

Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салуға үйретуде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бейнелеу өнеріне баулу

6-10-2015, 19:48
Қарау саны: 1617
Пікірлер: 0
Версия для печати
Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Мамандығы: «Бейнелеу өнері және сызу»
Білімі: арнаулы орта
Шығармашылық жұмысы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет
салуға үйретуде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы

бейнелеу өнеріне баулу»
Шығармашылық жұмысының мақсаты:Сурет салу іс – әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу.
Ата - анамен жұмыс.

Тақырыбы:«Баланың шығармашылық өсуіне отбасында жағдай жасау»
Мақсаты:Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Отбасында балаға жақсы тәрбие беруге ықпал ету,сыйластықты арттыру.

Барысы:
Тәрбиеші: Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар»- дейді.
Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Ал біз қазіргі уақытта жұмысбастылықпен балаларымыздың іс - әрекеті, мінез - құлқы, қызығушылығы мен бейімділігіне немесе күнделікті көңіл - күйіне жеткілікті көңіл бөлеміз бе?
Балаларымыз қалай өсіп келеді?
Алдағы жарты сағат уақыт ішінде осы сұрақтар төңірегінде ойланып көрмекке ортамызға бір топ ата - аналарымыз қонақ болып келіп отыр, таныс болыңыздар:
Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.
Бүгін сіздер бір сәт балалық шақтарыңызға қайта ораласыздар, балаларыңыздың көзқарастарына сәйкес ойланасыздар, балаларыңызды өздеріңізге беймәлім қырынан танып білулеріңіз де мүмкін. Ендеше іске сәт дейік!
І. Сәлемдесу.Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір-бірімізге күлімсірей қарайық.
2. Бір-бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу .

ІІ. «Сиқырлы қоржын» ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.
1. Ең үлкен қорқыныш бұл-..........................
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін................................ 
3. Мен ренжимін,егер ........................................
4. Мен қуаныштымын,себебі.........................................
5. Баланы үнемі қолдап отырса........................................ 
6. Мен үшін бақыт деген .........................................
7. Егер баланы үнемі мақтап отырса.........................................
8. Мақалды жалғастыр.
Бала жас шыбық (қалай исең ,солай иіледі)
9. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
10. Егер баланы үнемі сынап отырса, .....................................
11. балаңыздың қандайда бір іске, өнерге қызығушылығы байқалса не істер едіңіз?
12. Балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті? деген сұрақтар қойса,қалай жауап берер едіңіз?

ІІІ. «Өзіңді теңей біл»Әркім өзін бір затқа немесе табиғат құбылысына теңеп,
суретін салу.
Мысалы: мен бұлақпын. Мен адамдарды,жануарларды қоректендіремін. Мен өмірге керекпін.

IV.Шығармашылық жұмыс: «Қол көмек»
Мақсаты: Балаңызға қандай көмек бере аласыз? деген сауалға жауап алу. Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
Саусақпен сурет салу-алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі,бұл әдіс балабақша дәстүріне айналып келеді. Бұл әдіс балаға гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.
Ата-аналарға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың,өсімдік немесе жануарлардың суретін салу ұсынылады.

V. «Өтінемін» ойыны
- Құрметті ата-аналар,мен сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет ,егер мен «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, онда орындамайсыздар.
- секіріңіздер;
- өтінемін, қол шапалақтаңыздар;
- оң аяқтарыңызды көтеріңіздер;
- өтінемін, оң жақтағы көршіңізге қараңыз;
- құлақтарыңызды ұстаңыздар;
-өтінемін, бір-бірлеріңізбен қолмен сәлемдесіңіздер;
- қолдарыңызды алға созыңыздар;
- өтінемін, бір-бірлеріңізге күлімдеп, құшақ ашып амандасыңыздар;
- алға бір қадам тастаң;
- өтінемін, бір-біріңізбен қоштасыңыздар;
Рахмет,орындарыңызға жайғасуға болады.

VI.Шығармашылық жұмыс .Оригами ( көгершін) 

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.

VII.«Махаббат Күні» жаттығуымен аяқталды.Ата-аналар парақ қағазға он төрт шуақ тараған үлкен күннің суретін салды. Күннің ортасына өз ұлының немесе қызының атын және еркелететін атын жазды, ал әрбір шуағына өз баласын жағымды қабылдауын жазды. 




VIІI. «Көңіл-күй» түсі 
Бүгінгі көңіл-күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз? Әр қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін таңдап алады,дөңгелек түсті қағазды сол түспен бояйды.

Ұнататын немесе таңдаған түстері бойынша адамдарға психологиялық түрде аз да болса зерттеу жасауға болады екен. Әр түрлі түстер адам өмірінде басты рөл атқарады, бірақ біз оны күнделікті өмірде байқай бермейміз. Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады.

Жасыл –қайсар мiнездi, жұмсақ жүректi, ақкөңiл адам. Қайрымды жандар. Олар балаларына ерекше мейрiмдi. 
Қызыл –шапшаң мiнездi, ақжарқын, тәуекелшiл, қарсыласуға әзiр адамдар.
Сары –қиалы бай, ұшқыр ойлары парасатымен ұштасып жататындар.
Көк –салқынқанды, өзiне сенiмдi, басқалардың ренжiткенiн қаламайтындар. 
Сиякөк –ешкiмге ұқсамайтын дара творчестволық тұлғалар.
Ақ түс — тазалық символы.Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. 
Қара-ішімдегіні тап деп отыратын тұйық мінезді адамдар

Тәрбиеші: Жақсы тілектеріңіз періштенің құлағына шалынсын. Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күндері жарқын болсын!
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.