Коучинг сабағының жоспары: "Тәлімгерлік - жаңаша көзқараспен" » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Коучинг сабағының жоспары: "Тәлімгерлік - жаңаша көзқараспен"

Коучинг сабағының жоспары: "Тәлімгерлік - жаңаша көзқараспен"

22-06-2015, 16:48
Автор: Gulmira76
Қарау саны: 4202
Пікірлер: 0
Версия для печати
Екінші коучинг сабағының жоспары
Коучинг сабағының тақырыбы: Тәлімгерлік – жаңаша көзқараспен
Мақсаты: 1.Тәлімгерге тәлім алушының қажеттіліктерін анықтауға бағыт – бағдар беру;
2.Тәлімгерліктегі қарым – қатынас үдерісін жаңаша көзқарас енгізу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелігі: 1.Жаңаша көзқарастағы тәлімгер құндылықтарын;
2.Тәлім алушымен кәсіби сұхбат жүргізуді;
3.Тәлімгерлік үрдерісі жаңаша бағытта жанданады;
4.Ашық сұрақтар қоя білу дағдылары қалыптасады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар: Тәлімгерлік үдеріс – тәлім алушының қажеттілігін нақты айқындауымен маңызды
Тапсырмалар:
Тренинг (3 мин)

«Интервью» әдісі.
(3 мин)







Ұғым беру:
«Жақсы тәлімгердің құндылықтары» кестемен жұмыс









Рөлдік ойын:
«Анна ханымның тәлімгері»











Сергіту сәті (2 мин.)


Практикалық жұмыс:
«Жаңаша үлгідегі тәлімгерлік моделі»
(10 мин)

Кері байланыс:
«Сөйлемдерді аяқта» 1.«Жер сілкінісі» ойыны. Тақырыпты ашу, топқа бөлу.


2. Әр топқа төмендегідей тақырып парақшалары таратылды:
І топ: «Мектептің тәлімгерлік жұмысы»
ІІ топ: «Мектептегі тәлімгерліктің тәлімалушылар үшін тиімділігі»
ІІІ топ: «Мектептегі тәлімгерлік жұмысының әлсіз тұстары»
Топ өзіне тиесілі тақырып аясында 2 сұрақтан дайындап, келесі топтарға қойып «Интервью» әдісі бойынша жауап алып шығады. Ең ұтымды жауапты жазып алып, оқиды

«Тәлімгерліктің қасиеттері» бойынша кесте беріліп, әр топ мүшелері жеке «өз тәжірибемде қосқым келеді», «тәжірибемде қолданып келемін», «мен үшін қолжетімді емес» бағандарына белгі қояды, жұппен кеңесіп, топта талқылайды, ортақ ұқсастықтары бойынша топта сәйкестендіреді:
І топ: Жақсы тәлімгер құндылығы
ІІ топ: Жақсы тәлімгер дағдысы
ІІІ топ: Жақсы тәлімгер білімі
Бұл тапсырма білім алушыларға нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталған.

Үш топқа да бірдей мазмұндағы «Анна ханымның тәлімгері» туралы жағдаят таратылады, сұраққа жауапты рөлдік ойын арқылы орындап берді:
І топқа: Сіз сабақты жоспарлау үдерісін пайдалана отырып, Анна ханымға қалай көмектесе алар едіңіз?
ІІ топқа: Сіз оқушылардың Анна ханымның сабағы туралы пікірлерін білу үшін олармен қалай әңгімелесер едіңіз?
ІІІ топқа: Сіздің Анна ханымға көмектесуіңізге оқушылардың жұмысын оқу қалай септігін тигізер еді?

Бейнеролик тамашаланады: «Мұғалімнің мектептегі бір жылдық өмірі»

Топ коучинг сессиясының ұтымды мағлұматтарын постерге түсіріп, қорғайды.
Қорытынды:
(2 мин) «Ең қызықты болғаны...
«Менің ойымша...
«Маған ұнағаны....
«Мен тәжірибемде қолдана аламын ба?...
«Мен өзгере аламын ба? ....
Дереккөздер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық - 80 - 83 бет,
2.Ғаламтор мәліметтері.

 
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.