Антистресс » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Антистресс

14-05-2015, 22:15
Автор: bilimtime
Қарау саны: 505
Пікірлер: 0
Версия для печати

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп

Педагог-психолог: Баекеева Нұргүл Насреддинқызы

Антистресс .

Мақсаты : Психологиялық тренингтің ережелерімен таныстыру , тренингтік топта қарым – қатынас әдістерін талқылау , стресс , негативтік стресс туралы ұғымды қалыптастыру , стрестік жағдайда тәртіп стратегиясын , өзін-өзі ұстау дағдысын қалыптастыру , ашу – ыза эмоциясын білдірудің конструктивті тәсілдерін ұсыну .

Құрал - жабдық :Доп немесе жұмсақ ойыншық , А4 ақ парақтар ,

« Жұмыс ережелері » деген жазуы бар плакат , 2 – 3 ватман , фломастерлер , маркерлер .

Сәлемдесу рәсімі

Қатысушылар шеңберге тұрып , сол қол алақанын жоғары көтеріп , оң қол алақанын төмен қаратып , бір – бірінің қолын ұстайды , хормен

«СӘ - ЛЕ – МЕТ – СІЗ – ДЕР МЕ ?» деп амандасады . Соңғы буынға келген кезде қолдарын ажыратып , алақан соғады .

« Менің есімім және оның сапасы »

Қатысушылар шеңберде отырады . Олар бір – біріне допты немесе жұмсақ ойыншықты бере отырып , өзінің атын және өзіне тән бір қасиетті айтады . Бұл қасиеттің бірінші әрпі есімнің бір әрпінен басталуы тиіс . Қатысушылардың әр түрлі болғанына қарамастан бірігіп жұмыс істейтініне көңіл бөледі .

Әр түрлі болсақ та , бірігіп жұмыс істеу !

Ереже қабылдау .

Сұрақ – жауап арқылы талдау жасау , қатысушылар бір – бірінің сөзін бөлмей , кезекпен жауап беру керек екенін жүргізуші ескертеді .

- Қатысушылар бірігіп табысты жұмыс істеу үшін не қажет ?

- Оқушылар сабаққа не үшін барады ?

- Сабақта тәртіп ережелері бар ма ? Қандай ережелер ?

- Біздің бүгінгі тренингіміздің кәдімгі сабақтан қандай айырмашылығы бар ?

- Психотренингте немен айналысатынымыз туралы қандай ойларыңыз бар ?

Талдауды қорыта келе , негізгі ережелерді ұстану қажеттілігі туралы ойланайық .

Негізгі бөлім

« Менің мекен – жайым » жаттығуы

Барлық қатысушылар өз адрестерін басқалар еститіндей етіп дауыстап , бір уақытта бірден айтады , әрі қарай жүргізуші кез келген қатысушыға басқа қатысушының адресін қайталауын сұрайды .

Ережені талдау және қабылдау

Не себепті басқа қатысушының адресін түсіну мүмкін болмағаны талданған соң , ереже жазу ұсынылады .

1. Сөзді бөлмеу .

2. Бір – бірімізге кедергі жасамау .

3. Әр түрлі болсақ та , бірігіп жұмыс істеу .

Психолог :тренингте әр түрлі өмірлік мәселелер талданады , бұл мәселе бойынша әр адамның ерекше өз пікірі болады . Барлық адамның пікірі бірдей болуы міндетті ме ? Тренингте дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап және пікір болмайды . Қатысушылар арасында пікірталас туса да ., бір – бірінің пікірін сыйлап , ұрыс – жанжал шығармау .

4. Намысқа тимей , басқа пікірді сыйлау .

Жүзі жылы , күлімдеп , өзіне тартып тұрған адамға өз сырыңды айта аласың , толғантып жүрген ойыңмен бөлісесің , сол адамның жанында өзіңді сенімді сезінесің . Топқа қатысушылар бір – біріне күлімдеп қараса , тренинг жұмысы жылы атмосферада өтеді .

5. Күлімсіреу .

Кешігіп келген адамға , әрине , асығып жеткені үшін рахмет айтуға болады , бірақ бір адамның кешіккені бүкіл топқа және өзіне кесірін тигізетінін ескеру керек .

6. Кешікпеу .

Осы ережелер ватман плакатқа жазылып , тренинг жүргізіліп жатқан аудиторияда әрдайым ілулі тұрады .

« Шатыр астындағы мұз » жаттығуы .

Денеңізді бос ұстап ,жайлы тұрыңыз . Көзіңізді жұмыңыз . Барлық көңіліңізді аяқ саусақтарына аударыңыз , оларды жиырыңыз . Сосын бүкіл табаныңызды ,балтырыңызды , саныңызды , жамбасыңызды ,ішіңізді , арқаңызды , мойныңызды , бетіңізді , иығыңызды , білегіңізді , қол саусақтарын жиырып , тартылыңыз . Сонан соң барлық мүшелеріңізді босатып жіберіңіз .

Бұл жаттығуды дұрыс орындаған жағдайда , бұлшық еттер жиырылуынан

арылып ,күшті қалпына келтіруге болады .Осы жаттығу техникасын жақсы меңгерген адам өз бетінше көңіл – күйін қалыпқа келтіре алады .

Психолог :Стресс деген не ? Ол қашан және не себепті пайда болады ? Стресс кезінде қандай сезімде боласыз ? Стрестің зияны бар ма?

Стресс ұғымына анықтама : әр түрлі факторлардың ( теріс және оң факторлар ) әсер ету нәтижесінен туындаған адам көңіл – күйінің өзгеруі және адамның сол жағдайға қалыптасуы . Мысалы , жылыну үшін тоңған адам дірілдейді , дене температурасын төмендету үшін ыстық күні адам ағзасы терлейді . Яғни , біздің ағзамыз физиологиялық бейімделуге қабілеті бар .

Сонда адамға психологиялық бейімделу қажет пе деген сұрақ туады ?

Бұл бейімделу қай уақытта қажет ?

Қатысушылармен талдау .

Яғни , стресс адамның психологиялық бейімделуіне әсері болып табылады .

Психолог ескертуі : Стресс өз бетінше зиянды емес , кей жағдайда тіпті қажет те ( бұл бейімделу әсері ) . Бірақ стресс ұзақ уақытқа созылса өте қауіпті . Адам стрестің теріс әсеріне ұшырамау үшін , оны басқарып үйренуі қажет .

« Кемпірқосаққа шығу » жаттығуы

Стреске басқару шарттарының бірі - өз көңіл – күйіңді бақылай білу . Ол үшін әр түрлі жаттығулар бар . Орныңыздан тұрып , көзіңізді жұмыңыз , терең дем алу барысында кемпірқосаққа шығып бара жатқандай елестетіңіз . ал деміңізді шығарған кезде кемпірқосақтан сырғанап түскендей болыңыз . Үш рет қайталаңыз . Сонан соң осы жаттығуды көзіңізді ашып орыңдаңыз .

Психолог :Ал сіздер стресті қалай жеңесіздер ? Қатысушылар өз варианттарын айтады . Стресс кезінде бір іске көбірек көңіл бөліп , уақытында демалған жөн . Көмек сұраған да дұрыс . Стреспен күрестің тиімсіз де жолдары болады .

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.