Витаминдер » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама

Витаминдер

7-05-2015, 22:23
Автор: bilimtime
Қарау саны: 618
Пікірлер: 0
Версия для печати

Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектебінің химия пән мұғалімі Койшиманова Нурила Сейсембаевна.

«Химия және денсаулық» таңдау курсы

Сабақтың тақырыбы:

Витаминдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру. Авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминов ұғымдарының мәнің ашу арқылы өз денсаулығына жауапкершілік сезімін арттыру.

Дамытушылық: Есептерді шешу кезінде физиканың, математиканың заңдылықтырын қолдана білуге үйрету, пән аралық байланысты нығайту. Өзіндік білімді алуды , өз қателігін тез таба білу, салыралыстыру, талдай жасай білу қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды топпен жұмыс кезінде ұйымшылдыққа және сыйласымдыққа тәрбиелеу.Өмірге деген функционалды сауатты көз қарас қалыптастыру

Табыс критерилері:

1. Витаминдер туралы білімдері кеңейеді.

2. Бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.

3. Өздігінен білім алуына ынталанады.

4. Жұппен, топпен диалогтік тәсілдерді қолданып берілген тапсырмаларды логикалық жолмен шешеді.

Сілтемелер :

 

Түйінді идеялар:

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «Дананың кілті», «Ойлау бутерброды » стратегиялар.

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Топқа бөлу: «Атом мен молекулалар» әдісімен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Атомдар , деп айтады

2. 5 атомнан тұратың молекула түзілсін, дейді.

- Әрбір адам ?

- Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ?

- Түсіну, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісім?

- Тірлік ,тілек, адамдық.

- Әрбір сөзім?

- Шыңдық, бірлік,адалдық

1.Оқушылар қозғалысқа түседі.

2.5 атомнан тұратын молекулаларға бірігеді.

3.4 топқа бөлінеді.

Үй жұмысын сұрау.

1. «Зымыран сұрақтар» ойыны (жекелеп жұмыс)

 

Сұрақтар қояды, жылдамдылыққа бірінші қолын көтерген оқушы жауап береді.

 

Уақытымен шектелген сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабаққа даярлық

Тақтадан бірнеше суреттер көрсетеді.

Тақтада берілген суреттер арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбың болжайды.

Жаңа сабақ:

Тақырыбы мен мақсатың таныстырады. Витаминдер туралы оқушылар 8 сынып биология пәнінен алғанын ескере отырып өз беттерінше талдауға беремін.

Трек-сызбалар арқылы тақырыпты ашады.

Ой қозғау:

«Дананың кілттері» таратады, 1,2,3 топқа. Тапсырма: Витаминдер туралы алған мәліметтерді төмендегі кілттерге салу.

4 топқа Ойлау бутерброды

Бұл – ойлау үдерістерін басқару стратегиясы.

Бастамастан бұрын тоқтап, ойланып алыңыз!

Тапсырма : Витаминдерді қалай қолдану қажет.

Алдын ала тірек сызбалар арқылы таратады.

 

 

1-ші топқа:

  • «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма.
  • «Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
  • «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

2-ші топқа:

  • «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
  • «Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
  • «Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

3-ші топқа:

  • «Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
  • «Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
  • «Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз

4-ші топқа Ойлау бутерброды

Тапсырма : Витаминдерді қалай қолдану қажет

Алдын ала берілген тірек сызбалар арқылы оқушылар жауап береді.

Төрт топта жауаптарын постер арқылы қорғайды.

 

Бекіту кезеңі

 

Топпен жұмыс

4 топқа витаминдердің медициналық қолданылуы туралы нұсқаулықтары бойынша логикалық есептер беріледі.

 

1-топ Тапсырма: Витрум юниор витаминінің медициналық қолданылуы туралы нұсқаулығын пайдалана отырып, жасөспірімге тәулігіне 3 мг В1 витамині қажет екендігін ескере отырып неше шайнайтын таблеткасын күніне қолдану қажет. Осы витаминнің 1дана таблеткасында В1 витамині

неше пайыз?

2-топ Тапсырма: Адам ағзасының В2 витаминінің тәулік мөлшерін қанағаттандыру үшін неше грамм ірімшік жеу керек. Егерде орташа есеппен есептегенде 20 г ірімшікте 0,3 мг В2 витамині бар екендігін ескергенде.

3-топ Тапсырма : РР витаминінің химиялық құрамын анықтандар. Егерде оның құрамы 58,3% көміртек ,4,86% сутек, 12,96% оттек, 22,84% азоттан тұр атын болса. «Пиковит» витаминінде неше пайыз РР витамині бар.

4-топ Тапсырма : 100 г қарақатта 250 мг С витамині бар (1 мг-0,001г) . 1 кг қарақатта неше С витамині бар. 1 кг қарақат неше қажетті тәулік мөлшерін қандырады. «Мульти-табс малыш кальций» витаминінің медициналық қолданылуы туралы нұсқаулығын пайдалана отырып, жасөспірімге тәулігіне 50-100 мг С витамині қажет екендігін ескере отырып неше шайнайтын таблеткасын күніне қолдану қажет. Осы витаминнің 1дана таблеткасында С витамині неше пайыз?

Лабораториялық тәжірибе.

Лабораториялық тәжірибе нұсқаулығын таратады, жұмысты бақылайды.

1.Алма шырынында С витаминің анықтау .

2.Өсімдік майында А витаминің анықтау.

 

Топ логикалық есептерді шығарғанда 2 оқушы лаборант болып сайланып тапсырманы орындап, нәтижесін түсіндіреді.

Үйге тапсырма :

 

Тапсырма: Дәріханалардағы поливитаминдер орналасқан сөрені зерттеу. «Фармацептен сұхбат» тақырыбына таныстырылым (презентация) жасау

 

Бағалау

Әр топ жинаған жетон санын санап, үздік топ анықталып қошеметтеледі

 

 

Кері байланыс.

Сабақтан алған әсерін дәптерлеріне жазуды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.