Бұлшық ет туралы 10 қызықты дерек » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Бұлшық ет туралы 10 қызықты дерек

Бұлшық ет туралы 10 қызықты дерек

25-04-2015, 00:01
Автор: bilimtime
Қарау саны: 755
Пікірлер: 5
Версия для печати

Бұлшық ет туралы 10 қызықты дерек

 

Бір қадам жасағанның өзінде 200 бұлшық ет қимыл-қозғалыста болады. Ағзадағы ең төзімді бұлшық ет – жүрек. Ол үнемі жұмыс істеп тұрады. Бұлшық етті өсіруге, жаттықтыруға болады, ол туралы көптеген әдеби кітаптар бар. Ал біз ең қызықты деректер жайлы айтамыз.

1. Жалпы қанша бұлшық ет бар?
Адам ағзасында барлығы 640-тан бастап 850-ге дейін бұлшық ет бар. Адам жай жүргеннің өзінде 200 бұлшық ет қимылдайды. Бұлшық ет тіні майға қарағанда 15%-ға тығыз, сондықтан жаттыққан адамның салмағы одан да толық, бірақ жаттықпаған адамнан көбірек болады.  Дененің орташа есеппен 40% салмағы бұлшық етке түседі.

2. Ең-ең бұлшық еттер 
Адамның ең төзімді бұлшық еті – жүрек, ең қысқасы – үзеңгі (ол құлақтағы дабыл жарғағын қатайтады). Оның ұзындығы – 1,27 миллиметр. Адам денесіндегі ең ұзын бұлшық ет – тігін. Ең жылдам бұлшық ет – жыпылықтатқыш. Ағзадағы ең мықты бұлшық ет қайсы дегенге түрлі пікір естуге болады. Көбіне ең мықты бұлшық ет – тіл деп жатады, бірақ тіл бірнеше бұлшық еттен тұратындықтан бұл пікір қате. Шайнау бұлшық еттері өте мықты болып келеді (оның күш қысымы 100 килограммға дейін жететін кездер болады), сонымен қатар балтыр мен жамбас бұлшық еттері де мықты болады.

3. Сан түрлі бұлшық ет
Адамның бұлшық еттері бірдей болмайды. Сондықтан олардың әрқайсын түрліше жаттықтыру қажет, және де бұлшық ет топтарының әрқайсының қайта қалпына келуіне кететін уақыт та әртүрлі болады. Үшбасты бұлшық ет ең жылдам қайта қалпына келеді, ал арқа бұлшық еттері ең баяу. Жаттығу кезінде осыны есепке алу керек, жүктемемен қатар бұлшық етке демалыс та қажет, өйткені бұлшық ет талшықтарының өсуі орнын басу әсерінен болады. Қарқынды жүктемеден кейін бұлшық еттердің толықтай қайта қалпына келуі 48 сағаттан соң іске аса бастайды. 

4. Бұлшық еттердің төзімділігі 
Төзімділік – бұл бұлшық еттердің бірнеше сағат бойы жұмысқа қабілеттілігін сақтап тұруы. Айтып өткеніміздей, адам ағзасының ең төзімді бұлшық еті – жүрек. Дәрігерлердің есептеуі бойынша, орта есептегі жүректің «төзімділік қоры» 100 жылдан кем емес. Бұлшық еттер олардың құрамындағы гликогеннің шектелуіне байланысты шаршай бастайды, сонымен қатар шаршауды бұлшық еттегі кальций мөлшерінің арта бастауымен түсіндіруге болады. Бұрындары шаршағандыққа сүт қышқылы кінәлі деп есептеген. Колумбия университетінде жасалған тәжірибеде тышқандар үш апта бойы жүзіп, ал шабандоздар үш күн бойы жаттығатын болған. Нәтижесінде, физикалық жаттығулардан кейін бұлшық еттердің жиырылуына жауап беретін рианодиндік рецептордың химиялық құрылымында айтулы өзгерістер орын алған – жасуша қабықшасында саңылау пайда болып, сол арқылы кальций бұлшық еттерге енген.

5. Бұлшық еттер және эмоциялар
Бет бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы адамның эмоциясымен тікелей байланыста екені белгілі. Өткен ғасырдың басында-ақ орыс ғалымы Иван Сикорский бет бейнеге жіктеу жасаған: көз айналасындағы бұлшық еттер ақылдылыққа жауап берсе, ауыз айналасындағы бұлшық еттер – ерік әрекетін бейнелеуге жауап береді, ал сезімді беттің барлық бұлшық еттері бейнелейді. 2011 жылы ғалымдар адамның бет қимылы ол туылғанға дейін пайда болатынын дәлелдеген. Бала құрсақта жатқан кезде де бет бұлшық еттерін қимылдатып, жымиып, таңданған кейіп танытқандай қасын көтеріп немесе түйе алады. Бұлшық еттердің жалпы санының 25%-ын бет бұлшық еттері құрайды, күлген кезде бұлшық еттердің 17 тобы жұмыс істейді, ашуланған немесе жылаған кезде – 43. Бет терісі тегістігін сақтаудың бірден-бір амалы – сүйісу. Ол кезде 29-дан 34-ке дейін бұлшық ет тобы жұмыс істейді.

6. Бұлшық еттер және тұқым қуалау 
Таңқаларлық жағдай, бірақ бұлшық еттерді жаттықтыру адамға ғана емес, оның тұқымына да әсер етеді. Оларда жаңа жүктеме үшін бұлшық ет талшықтарына көмектесетін модификация жүреді. Мұны дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін Орхус Университетінің ғалымдары 20 еріктіден құралған топты жинақтайды және оларға веложаттықтырғышта 20 минуттық аэробтық жүктеме жасау ұсынылады. Зерттеуден кейін зерттелушілердің тұқымындағы жасушалар қалай өзгергенін байқау үшін олардың төрт басты бұлшық еттерінен биопсия алынады. Нәтижесінде, физикалық жүктеме бұлшық етке қатысты гендерді белсенді ететіні анықталған. Бұл жасушалардың ДНҚ-ны метил топтарының көмегімен сақтап тұратынымен түсіндіріледі. Егер оларды алып тастаса, калорияларды кетіруге, бұлшық ет жинауға және оттегін тұтынуға қажетті тұқым ақпараты энзимдер мен протеиндерге айналады. Жасалған тәжірибеден кейін тәжірибеге қатысқан қатысушылардың барлығының метил топтарының саны кеміген – яғни бұлшық еттер метаболизмнің жоғарылауына дағдыланған.

7. Бұлшық еттер және телепатия 
Қарапайым адам ағзадағы барлық бұлшық етті басқаруға қауқары жетпейді, сондықтан бұлшық еттердің бейсаналы жиырылуы білген адамға жасырын ой немесе ойланған әрекеттердің индикаторы бола алады. Жоғары деңгейлі психологтар мен «телепаттар» бұл процесстер жайлы білімді пайдалана алады. Танымал телепаттардың бірі Вольф Мессинг өзінің таңғаларлық қабілетін сиқыр деп емес, адамның бұлшық еттерінің жұмысын жақсы білгендігімен түсіндірген. Ол: «Бұл ойды оқу емес, былайша айтқанда «бұлшық етті оқу»... Адам бірдеңені қатты ойласа ми жасушалары ағзадағы барлық бұлшық еттерге импульс береді» дейді. 

8. Алақанның ұзын бұлшық еті 
Жер шарындағы алты адамның біреуінде ғана екі қолының алақанында ұзын бұлшық ет сақталған. Кейбіреуінің бір қолында ғана бар. Жан-жануарларда бұл бұлшық ет тіндері тырнақтың шығуына жауап береді. Адамға бұл атқарымның қажеті жоқ екені белгілі. Осылайша хирургтар бұлшық еттерді трансплантациялау қажет болған жағдайда алақанның ұзын бұлшық етін рудимент ретінде пайдаланады.

9. Бұлшық еттер және шоколад 
Бір қызығы, жүрек пен жалпы бұлшық етке пайдалы өнім ащы шоколад екен. Детройттағы Уэйн Университетінде жасалған зерттеулер ащы шоколадтың құрамында болатын эпикатехин бұлшық ет жасушаларындағы митохондрийдің өсуіне әсер ететінін дәлелдеген. Аквиль университетінің ғалымдары да зерттеу жасап, қатысушыларға 15 күн бойы жүз грамм беріп отырған және қан қысымын өлшеген. Тәжірибе кезінде адамдардың қан қысымы тұрақтанып, қан айналымы жақсарған. Демек, ащы шоколадты орынды орташа тұтыну жүрек аурулары мен артеросклероздың алдын алу шарасы ретінде пайдалануға болады.

10. Бұлшық еттерден айрылу 
Бұлшық еттер мәңгілік емес. 40 жастан кейін олар белсенді түрде кете бастайды, бір жылда адам 2-ден 3 пайызға дейін бұлшық ет тінінен айрылады, 60 жастан кейін – 5%-ға дейін. Сондықтан қартайған шақта да жаттығулардың маңызы өте зор. 

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (5)
Пользователь offline Офлайн bilimall 6 мамыр 2015 00:24
Құрметті bilimtime.kz сайтының әкімшілігі!
Мақаламызға сілтеме қоюыңызды өтініп сұраймыз.
http://bilim-all.kz/article/1105
Сілтеме қойған жағдайда, бұл пікірді өшіріп немесе шығармауларыңызға болады. Алдын ала рахмет! Бұл өтінішімізге түсіністікпен қарайсыздар деген сеніміміз мол.
[reply]Ответить[/reply]          1

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.