Жердің ішкі құрылымы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Жердің ішкі құрылымы

Жердің ішкі құрылымы

1-04-2015, 09:24
Автор: bilimtime
Қарау саны: 2860
Пікірлер: 4
Версия для печати

Жүнісова Орынкүл география пәні мұғалімі

Пән: Жаратылыстану 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жердің ішкі құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жердің сыртқы құрылысы, жер қабықтары, мантия, ядро, жер қыртысы туралы ойларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденістерін арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, өз ойларын айту, топпен ақылдаса отырып ортақ ойларын біріктіру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: биология, астрономия, әдебиет
Оқыту формалары: жалпы сыныптық, топтық, танымдық ізденім жұмыстары
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;
ә) Түгендеу;
б)Сабаққа назар аудару;
- Біз саяхатқа «Қазақстан - 2030» зымыранымен шығамыз. Ол үшін экипаж капитанын сайлап алайық. Біз ғарышқа «Байқоңыр айлағынан» аттанамыз.

Көк пен Жерді жалғаған,
Космодром – Байқоңыр
Зымырандар самғаған
Космодром – Байқоңыр
Қанатылар мекені
Қазақ жері – Байқоңыр
Қай жер саған жетеді
Ғажап жерім - Байқоңыр

«Байқоңыр айлағында» экипаж мүшелері сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтар қою.
«Байқоңыр айлағы»
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін 3, 2, 1, 0 (старт). Аспан әлеміне кеттік! Деп, ұшуға старт беремін. Балалар алдымыздағы қандай ғаламшар екен?
«Жаңалық ғаламшары»
Мұғалім: - Алдымыздағы «жаңалық ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда жаңалықты білетін, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен.
Қане, сендер деп көп білу үшін мен көмектесіп жіберейін. Бүгінгі тыңдайтын жаңалықтарың «Жердің ішкі құрылымы». Жаңа білім алмастан бұрын бұл ғаламшар тұрғындары сендерді тексермекші. Олар сендерге жұмбақтар жасырмақшы.
«Тексеру пункті» Сергіту сәті арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, Зер-зер кілем, зер кілем
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Көтерейін десем зор кілем (жер)
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (жер)

Желді күнді желеміз, қуаласып келеміз,
кезек-кезек жағаға, жетеміз де өлеміз. (Толқын)
1. Көре алмайсың өзін сен, ол ысқырса, көзіңше,
орманыңды жайпайды, теңізіңді шайқайды. (Дауыл)
3. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)
4. Көлігі жоқ көшеді, өзін кезбе деседі. (Бұлт)

5.Бір зат дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, Жан-жануар арасында,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (Жер)
6. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді. (Тұсбағдар)

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.
Ғарышқа қарағанда Жердің ішкі құрылымын зерттеудегі жетістіктеріміз өте мардымсыз. Жерді зерттегеннен гөрі ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеу адамзат үшін оңай болып көрінді. Жер қойнауындағы зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары 15 км тереңдікке дейін барды. Ал Жердің осіне дейін 6000 км. Жердің ішкі құрылымы жер қыртысы, мантия және ядро деген қабықтардан тұрады. Солардың арасында ең жұқасы жердің үстіңгі қабығы – жер қыртысы. Ол арқылы өзендер ағып, орманда өсіп, таулар көтеріліп,елді-мекендер салынуда. Пайдалы қазбалар – тас көмір, мұнай, бағалы тастар да осы қабаттан қазып алынады. Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес. Таулы аудандарда оның қалыңдығы 70-80 км, жазықтарда 30-40 км, мұхит табанының астында 6-8 км жетеді.
Жердің келесі қабаты – мантия. Шамамен 2900 км тереңдікке дейін барады. Мантия жартылай балқыған және иілмелі күйде болады. Температура ядроға қарай біртіндеп көтеріліп, соған сай қысым да арта түседі.
Үшінші қабатымыз – жердің кіндігі ядро. Ядро ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді. Сыртқы ядро – қоймалжың сұйық күйінде болса, ішкі ядро - қатты болып келеді. Ондағы температура 3000ºС-қа дейін жетеді. Жер өзінің құрылымына қарай тастардан емес, металдардан (темір, никель, кремний, алюминий, магний, кальций және т.б.) құралған.
Жер қабығының құрылымын, ондағы болып жатқан процестерді білу жер сілкіністерінің себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Дүние жүзінің көптеген аймақтарында және Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысы аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады. Соңғы кездері дүние жүзінің көптеген елерінде, соның ішінде Қазақстанда жер сілкінудің алдын алу, оны болжау жұмыстары жүргізіліп, болжам карталары жасалуда.
Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде өте биік толқындар – цунами пайда болады. Цунами мұхиттардың үстіңгі қабатында пайда болып, жойқын күшпен жағалауға қарай қозғалады. Толқындардың биіктігі 20-30метрге дейін жетіп жағалауға жүздеген метр ішке қарай еніп, елді-мекендерге, ауыл шаруашылық жерлеріне және адамдарға үлкен зиян келтіреді.
Енді әрі қарай сапарымызды жалғастырайық
ІV. Сабақты бекіту. Балалар, көрші ғаламшар тұр екен, соған соға кетейікші. Осы ғаламшарда ғарышкер ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев болып, тапсырма қалдырып кетіпті, қандай тапсырма екен?
«Білгірлер ғаламшары».
«Сандар сөйлейді» - оқушылар сандық көрсеткіштерді пайдалана отырып, оған ауызша жауап береді.
4,5 – 4,6 млрд жыл; 6 материк, 4 мұхит; 6000 км; 70-80 км; 30-40 км; 6-8 км; 2900 км; 3000ºС; 28 тәулік; 384 мың км; 20-30 метр;
«Сапарнама жазбалары»
Бүгінгі саяхатымыз аяқталып қалды. Байқоңырда бізді журналистер күтіп тұр. Қане, басқа ғаламшардан не үйрендік? Саяхатшылар әрқашан күнделік жазған және сауатты болған, ал сендер ше?
Тапсырма: сөзді дұрыс айт және мағынасын түсіндір
«Жер қыртысы» - «Атмосфера» -
«Мантия» - «Гидросфера» -
«Ядро» - «Литосфера» -
«Цунами» - «Биосфера» -
V. Қорытындылау. – Міне Жерге де қондық. Басқа ғаламшарға барып көптеген жаңалық біліп қайттық.
VІ. Үйге тапсырма беру. §15 мазмұндау.
VІІ. Оқушыларды бағалау. «5»-ке жауап берген оқушыларға – қызыл, «4»-ке жауап бергендерге – жасыл, «3»-ке жауап бергендерге сары зымыран таратып беріп, сабақты аяқтау.

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.
Пікірлер (4)
Пользователь offline Офлайн Нұрханова Ләззат 4 сәуір 2015 19:19
Оқушы неғұрлым білімдар болса, ұстазы үшін одан асқан бақыт жоқ.Орынкул еңбегің құнды екен.
[reply]Ответить[/reply]          1

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.