«Тоғызқұмалақ» авторлық бағдарламасы » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » «Тоғызқұмалақ» авторлық бағдарламасы

«Тоғызқұмалақ» авторлық бағдарламасы

30-03-2015, 23:51
Автор: bilimtime
Қарау саны: 2051
Пікірлер: 0
Версия для печати

Ақжайық аудандық білім бөлімі

Әдістемелік кабинеті

Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Малдыбаев Уалихан Утешкалиұлының

іс-тәжрибесі

2014 ж. Чапаев ауылы

Аудандық әдістемелік кабинетінің сараптама кабинеттін сараптама комиссиясының шешімімен облыс көлеміне таратуға ұсынылады

Хаттама№2

26 қараша 2014

Бағдарлама әдістемелік көмек ретінде,Қазақстан Республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуың, дамытудың мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндеттістандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 8 сыныпқа арналғаноқу бағдарламасында қарастырылған «Тоғызқұмалақ» ойының игеруге ұсынылады.

 

Мазмұны.

1. Кіріспе----------------------------------------------------------------------- 1. бет

2. «Тоғызқұмалақ» ойынының ережесі мен ерекшіліктері.---- 1. бет

3. Ойынның жүріс ережесі-----------------------------------------------2. бет

4.Тоғызқұмалақ ойынының ерекшілігі----------------------------4. бет

5.«Тоғызқұмалақ» ойынының мақсаты.----------------------------8. бет

6.Ойынның ережесі-------------------------------------------------------8. бет

7.Ойынды жазып жүру тәртібі. ---------------------------------------9. бет

8.Тоғызқұмалақ ойынының есептеу ережесі ---------------------9. бет

9.Жүрістін санын есептеу әдісі-----------------------------------------12. бет

10.Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:----------------12. бет

11.ХАТТАМА үлгісі--------------------------------------------------------------------13. бет
12. 8 сынып оқушыларына «Дене шынықтыру» бағдарламасы

бойынша «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойының

ұйретуге ұсыныс: -----------------------------------------------------14. бет

14.Пайдаланған әдебиеттер:---------------------------------------------14. Бет

 

Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен

4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді.

Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.

Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған.

«Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді

Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/a/a3/%D0%A2%D0%BE%D2%93%D1%8B%D0%B7_%D2%9B%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D2%9B.jpg/250px-%D0%A2%D0%BE%D2%93%D1%8B%D0%B7_%D2%9B%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D2%9B.jpg

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесі мен ерекшіліктері.

« Тоғызқұмалақ» тақтасы.: ойынының арнаулы тақтасы болады, оны симметрия құрай, тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадаң құйып жасайды. Әр жағында тоғыз-тоғыздан отаулары, бір- бірден көлденең орналасқан құмалақ жинайтын қазаны бар. Әр жағының отаулары солдан оңға, қарай бірден тоғызға дейінгі реттік сандармен белгіленіп, отаулар мен қазандардың көлбеу беттеріне жазылған. Әрбір ойыншының қазаны тақтаның өз бөлігінде емес, қарсыласы жағына орналасқан. Тақтаның екі жағындағы отаулар мен қазандар әр түрлі түске боялады

«Тоғызқұмалақ» тақтасының қағазға түскен суретін- диаграмма дейді. Номерлері қойылған торлар- отаулар. Олардың орта тұсында екі жақта тұрған екі тор- екі ойыншының қазаны

Бұдан былай төменгі қатардағы бірден тоғызға дейін рет сандары қойылған отаулар мен төмендегі жеке тұрған қазанды, яғни диаграмманың төменгі семетриясын (тең бөлігін)- ақ жағы, ал диаграмманың жоғарғы симметриясын –қара жағы деп түсіну керек(1-диаграмма)

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

 

 

 

 

о

т

а

у

л

а

р

 

қазаң

 

қазаң

 

 

 

 

о

т

а

у

л

а

р

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

1-диаграмма

 

Ойынның жүріс ережесі

«Тоғызқұмалақ » ойыны басталар кезде құмалақтардың орналасу позициясы мынадай болады: (2-диаграмма)

9 8 7 6 5 4 3 2 1

9

 

9

 

 

 

9

9

9

9

9

9

9

 

 

 

 

9

 

9

9

 

 

 

9

9

9

9

9

9

1 2 3 4 5 6 7 8 9

2-диаграмма

Ортадағы отаулар ішіндегі «9» цифры әрбір отаудағы жатқан құмалақтар санын білдіреді, әр ойыншының тоғыз отауында 81- құмалағы бар.

Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаудан бастауға болады. Ол үшін ойыншы жүріс жасалатын отауда бір құмалаққана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап, әрбір отауға өз жағының да, қарсыласының да қолындағы құмалақтары біткенше бір-бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ қарсыласының ішінде тақ санды құмалағы баркез келген отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар саның жұп жасаса (2,4,6,8,10 т.с.с.) бұл жүріс табысты болып саналып сол отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады

9 8 7 6 5 4 3 2 1

9

 

 

 

9

9

10

10

10

10

10

10

 

 

 

9

 

 

 

9

9

9

9

9

1

10

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

3-диаграмма

 

«Тоғызқұмалақ »ойынында қарсыластар алма-кезек жүріп отырады.

Міне 3-диаграммадан кейін жүріс қара жаққа беріледі.

Екі жақтын ойыншыларының мақсаты:- қарсыласының тақ санды бір отауына өзінің қолындағы соңғы құмалағын түсіріп, жүп жасап, сол отаудағы құмалақтарды ұтып алу болып табы-лады. Осы тәртіппен жүріс алма-кезек ауыстырылып отырады.

Егер жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез келген бір отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын тақ жасаса (1,3,5,7,9,11,т.с.с.),немесе, өз жағының отауларының біреуіне тақ-жұбынақарамай келіп түсіп жатса, жай жүріс жасалды деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға алынбайды.

Бірінші мысал.(4-диаграмма) жұріс қара жақтан болғандықтан, ойыншы өзінің 9-отауында жатқан 3 құмалақты жүріп, ақ жағының

2- отауын шабуылдай бастаса,5-диаграммадай позиция пайда болады.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

 

 

 

1

1

7

7

2

1

4

 

 

46

 

48

 

20

 

 

 

 

2

3

1

6

5

5

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

4-диаграмма

 

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

1

1

7

7

2

1

4

 

 

 

 

 

46

 

48

 

1

21

 

2

3

 

 

 

1

6

5

5

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

5-диаграмма

Тоғызқұмалақ ойынының ерекшілігі

 

Тоғызқұмалақ ойынының мынадай үш ерекшілігі бар:

Бірінші ерекшілік: Ойын барысында,жүріс жасалатын отаудың ішінде бір-ақ құмалақ жатса ол құмалақ қолға алынып, келесі оң жағындағы отауға салынады.Ал отау бос қалады.Мәселен , ақ жағы

1- отауындағы бір құмалақты 2- отауға жүріп, 6- диаграмма

ондағы құмалақтардың санын жұп жасады (22 құмалақ етіп).

(6- диаграмма,7-диаграмма)

 

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

1

1

7

7

2

1

4

 

 

 

 

 

46

 

48

 

1

21

 

2

3

 

 

 

1

6

5

5

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

6- диаграмма

 

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

1

1

7

7

2

1

4

 

 

 

 

 

46

 

48

 

 

22

 

2

3

 

 

 

1

6

5

5

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

7-диаграмма

Екінші ерекшілік: ол қарсы жақтың позициясынан «тұздық» алу, былайша айтқанда, дойбы ойынының «биге» шыққан тасы сияқты болу. « Тұздық» алу ойын барысында, «тұздық» алған ойыншыға үлкен артықшылық әпереді. Бір ойында ойыншы бір ғана «тұздық» ала алады.

«Тұздық» қалай алынады? Ойын барысында, қарсы жақтың бір немесе бірнеше отауларының ішінде (әрбірінде) екіден қумалақ жатуы керек. Жүріс кезегі келгенде, тиімді отаудан «тұздық» алмақ болып ұйғарып, сіздін қолыныздағы ең соңғы құмалағыныз, сол отауда жатқан екі құмалақты алғаш рет үшеу жасаса, «тұздық»алынды деп есептелініп, ол үш құмалақты өз қазаныңызға салып алуынызға болады. Мұнан кейін «тұздық» алынған «тұздық» белгісі –Х (қағаз бетінде қойылса, ойын үстінде «тұздық» алынған отаудың ішіне басқа бір зат (белгі) салынып қойылады.

( 8 диаграмма 9-диаграмма)Мұнан былай ойын біткенше, екі жақтың да әрбір жүріс сайын, «тұздыққа» («тұздық »алынған отауға) түскен құмалақтардың барлығы «тұздық »алған ойыншының қазанына салынып отырады.( 8 диаграмма 9-диаграмма)

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2

2

2

8

8

3

2

5

1

 

 

 

51

 

46

 

2

2

2

4

4

 

 

 

2

7

6

6

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

8 диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

3

3

9

1

3

2

 

 

 

5

1

 

51

 

49

 

3

3

Х

4

4

 

 

 

2

7

6

6

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

9-диаграмма

 

«Тұздық» кез келген отаулардан алына бермейді. Мұның мына төмендегідей екі ерекшілігі бар:

Біріншісі-«тұздықтарды» қарсыластардың екі жағы да 9-отаудан алуға қақылары жоқ.

Екіншісі-«тұздықтар» екі жақтың аттас номірлері отауларынан да алынбайды

Мәселен , қара жағы қарсыласының 3-отаунан «тұздық» алса

(9 диаграмма), ақ жағы, қара жағының 3-отауынан «тұздық» алуға қақысы жоқ

 

Үшінше ерекшелік: ойын аяқталуға жақындағанда ойыншылардың біреуінің отауларында құмалақтар саны азайып, жүрістерінің тарылу кезені туады.

10 -диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

1

 

Х

 

 

 

 

 

 

 

 

 

79

 

71

 

 

 

Х

 

 

 

 

 

 

2

 

8

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10-диаграмма

Мұнандай позициадан кейін ойынның бітуіне санаулыақ жүрістер қалады. Жүріс қара жығынан . Оның не бары үш жүрістен кейін қалған екі құмалағы ақ жағының отауларына өтіп кетеді де, жүретін жүріссі болмай қалады.

Мұндай кезенді «Тоғызқұмалақ» тілінде «атсырау» дейді. Қара жағы өзінің отауларында жатқан барлық 12 құмалақты өз қазанына салып алады. Себебі – қарсыласы «атсырап» қалды. Осылай ойын аяқталады.

«Тоғызқұмалақ» ойыныныдағы, «атсырау»категориясы – тек тақтада тас болмай қалғанда емес, тақтада тас болса да екі ойыншының біреуінің жүрісінің артықтығы есептеліп шығарылғанда-ақ ескертіледі. Бірақ бұл женіліс емес. Женіске ойынның аяғында 82, не одан да көп құмалақ ұтқан ойыншы жетеді.

 

 

«Тоғызқұмалақ» ойынының мақсаты.

«Тоғызқұмалақты» ойнаушылардың алдарына қоятын негізге мақсаты- кем дегенде өз қазанына 82 құмалақ жинап, қарсыласын ұтып шығу. Екі жақтың бірдей ұтуы, не ұтылуы мүмкін емес. Ұтыс бір ойыншыға ойын аяқталған соң:

а\ бір ойыншы өз қазанына 82 құмалақ жинап үлгірсе.

ә\ жүріс кезегі келгенде қарсыластың отауларында жүрер құмалақтары болмай, яғни тоғызқұмалақ тілінде қарсылас ойыншы «атсырап» қалып, екінші ойыншы отаулардағы қалған құмалақтарды өз қазанына салып алғанда,құмалақтардың саны 82-ден кем болмаса.

б\ уақыт белгілеп (сағатпен) ойнаған жарыстарда қарсылас жақтың белгіленген жүрестерге берілген уақыты бітіп қалып, екінші ойыншы екі жақтың барлық отауларында қалған құмалақтарды қазанына салып алғанда, ондағы құмалақтардың саны 82-ден кем болмаса беріледі.

Ойын аяқталған соң, ойыншылардың қазанындағы құмалақтардың саны

81-ден болса, ойын «тең ойын» деп бағаланады. «Тоғызқұмалақ» ойынында «тең ойын» өте сирек кездеседі.

Ойын ережелері.

-ойыншылар ойын басталысымен артық сөздерді қойып, өздерінің жүрістерін ішінен ойлап отыру керек. «мына отауыңыз ашықпа, жабық па? Мына отауынызда қанша құмалақ бар» деп дауыстап сұрауға рұқсат етілмеиді.

-жүрістерді есептегенде отауларды қол жүгіртіп есептеуге, қазандағы немесе отаулардағы құмалақтарды шұқып немесе алақанға салып санауға жол берілмейді.

-ойыншы отауда жатқан құмалақтарды қолына алатын болса, сол отаудан міндетті түрде жүру керек. Егер ойыншы отауда жатқан құмалақтарды реттеп қойғысы келсе, алдын ала : «реттеп қоямын» деп ескертуі қажет.

-ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамастан бұрын, оны ойша бірнеше рет мұқият тексеріп, дұрыс деп тапса, қағазға жазып алғаннаң кейін ғана жүруі керек. Ал сол жүрістен соң бірнеше құмалақ ұтылып қалған жағдайда, жасалған жүрісті қайтып алуға немесе қайтарып беруге рұқсат етілмейді.

-егер ойын басталып кетіп, бірнеше жүріс жасалғаннаң кейін кейбір отауларға құмалақтардың артық тасталғаны, немесе тасталмай кеткені байқалса, ойын басынан тексеріліп, айыпты ойыншыға ескерту жасалады да тиісті (қате кеткен тұстан) жерден қайтадан басталып ойналуы керек.

Ойынды жазып жүру тәртібі.

Жүрісті жазу үшін, ең алдымен, жүріс жасалатын отаудың рет санын, оның қасына сол отауда жатқан құмалақтың санын көрсететін цифр жазылады. Мәселен, 39- үшінші отауда 9 құмалақ бар деген сөз, 315- үшінші отауда 15 құмалақ бар деген сөз т.с.с.

Бұдан кейін жүріс жасау белгілері- сызықшы (-) немесе қос нүкте (:) қойылады да соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақ санының қанша болғанын көрсететін цифр жазылады.

39-215 деген жазу-яғни тоғыз құмалағы бар үшінші отаудан жүріс жасалып, қарсыласының 14 құмалағы бар екінші отауына түседіде, құмалақ санын 15 –ке жеткізеді. Бұл жай жүріс.

412:614 деген жазу-яғни 12 құмалағы бар төртінші отаудан жасалған жүріс қарсыласының 13 құмалағы бар алтыншы отауына жетедіде санын 14-ке жеткізіп, ол құмалақтарды ұтып алады. Міне , осындай жүрісте қос нүкте (: ) қойылады.

«Тұздық »алынса, Х белгісі қойылады-513: 83Х (5-отауда жатқан 13 құмалақты жүріп, қарсыласының 8-отаудағы құмалақтарды үшеу етіп, тұздық алғандықтан жазылады)

414-8Х –(4-ші отаудан жүрген жүрістің соңғы құмалағы «тұздық» алынған отауға тап келді деген сөз)

Төғызқұмалақ партияларын жазғанда мынандай негізгі шартты белгілерді пайдалану керек:

-Жай жүріс

:-табысты жүріс

Х-«тұздық» белгісі

!-күшті жүріс

!!-өте күшті жүріс

?-әлсіз жүріс

??-өте әлсіз жүріс

00-қайда жүрсе де, басқа жүріс жүрсе де бәрі бір деген ұғымды береді.

Тоғызқұмалақ ойынының есептеу ережесі

1.Жүріс жасалатын отаудың сонғы құмалағы кай номерлі отауға барып түсетінің анықтау үшін, әрқашанда, сол отаудың ойынды жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрларының арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы :3- отауда 17 құмалақ бар. 317 деп жазылады.Яғни 3+1+7. Қосындысы 11 а/егер сандардың қосындысы 10, немесе 10-ға жетпейтін болса, қосындыдан 1-дішегереміз:- -315= 3+1+5=9-1=8 б/ егер сандардаң қосындысы 10, немесе 10-нан артық болған жағдайда, қосындыдан 10 санын шегереміз: 75=7+5=12-10=2

2.Жүріс жасалатын отаудың сонғы құмалағы кай номерлі отауға барып түсетінің анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын ( үшінші отауда 17 құмалақ бар, яғни- 3+17=20 ) қосамызда а/ егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса,қосындыдан 1-ді аламыз(45=4+5=9-1=8)

б/ егер қосынды 10-нан артық болса,қосындыдан 10-ді алып тастаймыз(315=3+15=18-10=8 қарсыласына түседі) в/ егер қосынды 20 немесе 20-нан кем болса,қосындыдан 19-ді аламыз(814=8+14=22-19=3 өзіне түседі) г/ егер қосынды 29-дан 37-гедейін болса,қосындыдан 28-ді аламыз(823=8+23=31-28=3 қерсыласқа түседі) д/ егер қосынды 38 немесе одан да көп болса,қосындыдан 37-ні аламыз.739=7+39=46-37=9 өзіне түседі.

3.Жүріс жасалатын отаудың сонғы құмалағы кай номерлі отауға барып түсетінің анықтау үшінші жолы- ілгері және кері есептеу болып табылады. Мұнда -10, 19, 28, 37 сандарын әрқашанда есте жақсы сақтай білу керек.

Оның себебі- жүріс кезінде 10 құмалақжатқан отаудан басталған жүріс қарсыласының аттас номерлі отауына дәл барып түсіп жатады

Отауда 19 қумалақ болса, ол отаудан басталған жүріс құмалақтарды барлық отауға бір-бірден салып шыққанда сонғы құмалақ өз орнына қайтып келіп түседі.

Отауда28 құмалақ болса, ол екі жақтын барлық отауларын бір айналып шығып, қайтадан қарсыласының аттас номерлі отауына дәл барып түсіп жатады.

Отауда 37 құмалақ бар болса, ол барлық отауды екі айналып шығып, қайтадан өз орнына келіп түсіп жатады

 

5-отаудағы 12 құмалақтың соңғысы қарсыластын 7-отауына түседі, себебі, 5-отауда 10 құмалақ болса,ол қарсылас жағының 5-отауына барып түскен болар еді. Ал бізде 12 құмалақ бар, яғни ол ілгері екі отау жылжып 7-ге барып түседі. Бұл ілгері есептеу болып саналады. ( 11-диаграмма)

 

 

 

 

 

 

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

3

3

9

12

3

2

 

 

 

5

1

 

 

 

 

 

3

3

Х

4

4

 

 

 

 


2

7

6

6

 

1 2 3 4 56 7 8 9

11-диаграмма

 

 

Ал 4-отаудағы 18 құмалағының соңғысы өз жағының 3-отауына келіп түсіп жатады. Себебі, егер отауда 19 құмалақ болса,бар отауды бір айналып, қайта өз орнына келген болар еді. Ал бізде 18 ғана құмалақ. Сондықтан өз отауынан бір отауға кейінге келіп түсіп жатыр.(12-диаграмма)

9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

3

3

9

18

3

2

 

 


5

1

 

 

 

 

3

3

Х

4

4

 

 

 

 


2

7

6

6

 

1 2 3 4 56 7 8 9

12-диаграмма

 

Жүрістін санын есептеу әдісі

Отауда жатқан құмалақ саны

Қарғу саны

көбейтінді

Алатын сан

Барлық жүрістердің саны

1

Х

-

2

Х

-

3

Х

2

3х-2

4

Х

5

4х-5

5

Х

9

5х-9

6

Х

14

6х-14

7

Х

20

7х-20

8

Х

27

8х-27

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.