Сурет үзінділерін ерекшелеу.Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Сурет үзінділерін ерекшелеу.Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту

Сурет үзінділерін ерекшелеу.Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту

11-03-2015, 01:26
Автор: bilimtime
Қарау саны: 734
Пікірлер: 0
Версия для печати
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Ю.Гагарин атындағы № 8 арнаулы гимназия
Информатика пәнінің мұғалімі: Қалиев Д.С

Cабақтың тақырыбы: Сурет үзінділерін ерекшелеу.Мәтінге сурет кірістіру. Құжат бөліктерін көшіру және жылжыту.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.Paint бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Сөздік, практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті. Екі бағдарламаның бірігуімен құжат дайындау
Сабақта қолданылатын
көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2007, 2010, Paint бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, Activpen қаламы, Activslate құрылғысы, деңгейлік тапсырмалар, оқулық
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Практикалық жұмыс.
ІV. Сабақты бекіту
V. Үйге тапсырма
VІ. Бағалау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Жаңа сабақ
- Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін;
- мәтіндік құжатқа суретті қалай кірістіруді;
- автофигуралардың көмегімен бейне жасауды біліп;
- құжат бөліктерін көшіру мен жылжыту тәсілдерін меңгеруіміз керек.
Сонымен, Word-тың графикалық мүмкіндіктері:
1. Графикалық редактордан кірістіру.
2. Сурет салу панелін қолданып графикалық бейне жасау.
3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
4. Фигуралық мәтін кірістіру.

-Paint сурет салу бағдарламасының көмегімен сурет салу оны мәтіндік процессор Word қа енгізу
Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар.
Word редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар,графиктер,суреттер және дыбыстық объектілерді еңгізуге болады.

ІІІ. Практикалық жұмыс.
І. Графикалық редактордан кірістіру алгоритмі:
1. Графикалық редакторында сурет салу
2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
3. Cуретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.
ІІ. «Сурет салу» (Рисование) панелін қолданып графикалық бейне жасау
1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасынан қажетті фигураны таңдау.
2. Суретті ерекшелеп алып, сызықтың түсін, типін өз қалауыңша ауыстырасың.
3. Суретті белгілеп алып, құю командасын орындай отырып бояйсың.
4. Салынған сурет еркін бағытта жылжу үшін оны белгілеп алып, аспаптар панелінен Обтекание қосымшасынан вокруг рамки және т.б.таңдап, ОК шерту

ІV. Сабақты бекіту
-сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін тексеру
-ребус шешкізу

V. Үйге тапсырма
172 бет бақылау сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беру
162-170 оқу

VІ. Бағалау.
Белсенділік танытқан оқушыны бағалау
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.