Аналар мерекесіне сыйлық » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» » Аналар мерекесіне сыйлық

Аналар мерекесіне сыйлық

27-02-2015, 20:11
Автор: bilimtime
Қарау саны: 5128
Пікірлер: 0
Версия для печати

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы

«Шалқар аудандық көркемсурет лицейі» МКҚК-нің

Кескіндеме, сурет пәні мұғалімі

Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы

Сабақтың тақырыбы: «Аналар мерекесіне сыйлық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға аналар мерекесіне арнап оригами өнерінің жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылығы: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасата отырып, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды қолөнердің қай саласын болса да меңгере білуге, ұқыпты әрі таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сюжеттік композиция (қағаздан жасаған гүл шоғы), открытка түрлері мен сыйлық түрлері.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, картон, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Негізгі бөлім. Жаңа сабақты меңгерту.

- Оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Аналар мерекесіне сыйлық».

Дизайн дегеніміз кез-келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жан-жақты жасау деген сөз. Осы орайда ұлттық өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне болмақ.

Сендер көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамын білесіңдер. Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерекесі тойланады.

Оқушылар бүгін біз қағазды бүктеу арқылы оригами техникасын пайдалана отырып, аналарымызға арнап сыйлықтарды жасауды үйренеміз. Ал осы жерде сіздерге таныс емес сөз-оригами. Қағаздарды бүктеу арқылы жасалған бұйымдарды оригами дейди.

Оригами (жапонша-«бүктелген қағаз») - ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы отаны-Қытай мемлекетінен бастау алады. Алғашқы кезде оригамиге тек жоғарғы мансапты бай-ауқаттылар ғана қол жеткізген болатын. Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін оригами Шығыс, Еуропа және Америкаға дейін тарала бастады. Оригамидің ең қарапайым түрі шаршы пішінді қағаздан жасалады.

Оқушылармен жұмыс.

Ендеше оқушылар барлығымыз аналарымызға, әже, әпкелерімізге арнап сыйлықтар жасайық. Жасайтын жұмысымызға эскиз сызып аламыз. Аналарымызға арнап гүл шоқтарын, немесе құттықтау қағаздарын жасауымызға болады. Ол үшін бізге түрлі-түсті қағаз немесе түрлі бұйымдар қажет болады. Әр оқушы өз талғамына сай жұмыс жасайды.

Біз жұмыс істеуге қолайлы қағазбен немесе басқа да материалдармен жұмыс істейміз. Біз қазір сюжеттік гүл көрінісін осы қағаздардан қиып, бүктеу арқылы бейнелейміз. Бұл әдісті, яғни қағаз пластикасын қию, бүктеу, орауды жапон тілінде оригами деп атаймыз.

•Түрлі - түсті қағаздарды шаршы пішінді етіп қиып аламыз.

 

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12255-300x225.jpg

•Қағазды диагональ бойымен бүктейміз.

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12258-300x225.jpg

•Үшбұрышты қағаздың төбесіне қарай екі бүйір қабырғаларын бүктейміз.

Бүктелген бөлігін қайта кері бүктейміз.

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12264-300x225.jpg

•Бүктелген буынның арасын ашып, суреттегідей қалыпқа келтіреміз.

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12269-300x225.jpg

Қағаздың кіші ұшын ішке қайырып, қайта бүктеуіміз керек.

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12267-300x225.jpg

 

•Ендігіде бүктелген бөліктерді желімдеп, қосамыз.

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12271-300x225.jpg

Осы бөліктерді бір-бірімен желімдеп, әдемі гүл шығарамыз.

http://qolgabys.kazjur.kz/files/2012/03/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE12274-300x225.jpg

Описание: <a href=http://rerru.com/lika.rirri.com/images/683.jpg" /> Описание: <a href=http://proxy12.media.online.ua/uol/r2-5257306ede/531bb99d9d32d.jpg" />Описание: <a href=http://holidayseveryday.ru/wp-content/uploads/2011/03/8marta_1.jpg" />

ІІІ.Қорытындылау, бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағаланады.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.

Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.