Сөйлемнің бірыңғай мүшелері » Заман-білімдінікі
Тіркелу Кіру
Сайтқа кіру
Жарнама
» Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

4-02-2015, 20:32
Қарау саны: 2595
Пікірлер: 0
Версия для печати
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Мақсаты: 1. Оқушыларды бірыңғай мүшелердің өзіндік ерекшеліктерімен,
тыныс белгілерімен таныстыру.
2. Сөйлеу кезінде сөйлемнің бірыңғай мүшелерін пайдалана білу
дағдысын дамыту.
3. Тіл ерекшеліктерін түсіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, білім тексеру.
Көрнекілігі: сызбалар, слайд.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. «Не үшін» ойыны.
-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Құлақ деген не үшін керек?
-Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
-Екі аяғың не үшін керек?
-Туған жерді аралау үшін.
-Ал қазақ тілі не үшін керек?
-Ана тілінде сөйлеп, сауатты, әдемі жазу үшін.
-Олай болса көршілерімізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі қазақ тілі сабағын бастайық. Бірінші топқа бөлініп алайық.
1. Ойшылдар.
2. Тапқырлар.
3. Ақылдылар.



II. Үй тапсырмасын тексеру.
Топтар Тапсырмасы:
Ойшылдар 46-жаттығу
Тапқырлар Сөйлемнің дара мүшелерінің ережесі,мысал.
Ақылдылар Сөйлемнің күрделі мүшелерінің ережесі, мысал.

III. «Ой шақыру» стратегиясы. Қайталау –білім анасы.
Топтар Тапсырмасы:
Ойшылдар Сөйлем . Сөйлемнің түрлері.
Тапқырлар Сөйлем мүшелері туралы
Ақылдылар Сөз тіркесі туралы

IV. Жаңа сабақ.
Бақта терек өседі.
Бақта терек, емен,қарағай, қайың өседі.
«Ой толғаныс»
1. Ағаш атаулары түгел -бастауыш.
2. Бір ғана сұраққа жауап береді.
3. Бір ғана сөзбен байланысып, бірдей тұлғада айтылады.
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады : Әсем демалыс кезінде көрмеде,мұражайда, театрда болды.
Сөйлемде бірыңғай мүшелер санамалап оқылады.
V. Оқулықпен жұмыс.
а) 47-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Оларды санамалап оқы. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
ә) 48-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, талдау.
Топтар Тапсырмасы:
Ойшылдар Орманда қайың,тал,терек өседі.
Тапқырлар Ол сенен оқысын,үйренсін.
Ақылдылар Біз табиғатты,ауаны,қоршаған ортаны қорғаймыз.

б) 49-жаттығу (өзбетімен жұмыс)
VI. Сергіту сәті.
VII.Дәләлдеп үйрен. 51-жаттығу.
Топтар Тапсырмасы:
Ойшылдар Сынып оқушылыры шахматтан, жүгіруден, жүзуден бірінші орынды иеленді.
Тапқырлар Ақ,қызыл,сары шарлар аспанда қалықтап ұшты.
Ақылдылар Орманда қайың тал,терек,үйеңкі өседі.
VIII. Топтастыру әдісімен қорытындылау.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
↓ ↓ ↓
Бүгін біздің сыныпта ақылдылар,тапқырлар, ойшылдар жарысы болды.
IX.Бекіту. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? Әр топтан мысал.
X .Үйге тапсырма. 52-жаттығу. Ереже жаттау.
XI. Бағалау
Рейтинг статьи:
  
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Мәләмет

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.